АГЛОМЕРАТ

АГЛОМЕРАТ (лат. Agglomera — қосамын, жинақтаймын) — I)қара және түсті металлургияда— байытылған кентас концентраты мен майда кендерді шахта пеште- рінде қорытар алдында күйдіріп алынған кесек өнім. Темір кентасына марганецті қосып күйдіріп кесектелген концентрат темір-марганец А-ы, ал құрамындағы СаО мен МgO қосындылары Sі02 мен Al2O3қосындысына бір-бірімен тең болған шихтадан жасалған темір, кентасты А. не өзі ерігіш А. делінеді. Сол сияқты бессемер және шаңды А. бар. А-тың 95%-тен астамы қара металлургияда, түсті металлургияның алюминий, никель, қорғасын, мыс өндірістерінде пайдаланылады; 2) геологияда — әр түрлі пішімдегі тау жыныстары мен минералдардың борпылдақ жиынтығы. А-тың кесектелінуінен жент тастар, туфтар пайда болады. Лавалық А-қа жанартау күлі мен лава тасқынының қозғалуы кезінде пайда болған кесектер жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *