АВСТРАЛИЯ, Австралия Одағы — Оңтүстік жарты шарда, Австралия құрлығында орналасқан мемлекет. Аум. 7,7 млн. км2. Халқы 17,8 млн. (1994). Астанасы — Канберра қ. Әкімш. тұрғысынан 6 штатқа және 2 территорияға бөлінеді. Мемл. басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы Елизавета II болып есептеледі, оның өкілі жергілікті ген.-губернатор болып саналады. Үкімет басшысы — премьер-министр. Заң шығарушы органы — өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын бес палаталы парламент. Тұрғындарының негізгі бөлігі — христиандар. Мемл. тілі — ағылшын тілі.
Табиғаты. Жерінің басым көпшілігі жазық болып келеді. Негізін А. платформасы мен шығыс А. геосинклиналь белдеулері құрайды. Платформасының түпкі негізі күшті метаморфтық саддарынан гнейс пен гранитке айналған, кұрамды жанартаулық жыныстар мен терригендік шөгінділерден тұрады. А-ның барлық Солтүстік Австралиядағы Митчел аудандарында темп-ра тұрақты болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20°С және қыста 12- 20°С аралығында. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 250 мм-ден аспайды. А-да шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан ағыны тұрақты өзендер аз. Ең ірісі: суы мол Муррей өзені, Дарлинг өзені. Үлкен көлдері: Эйр, Торренс, Амадиес, Еэрднер.
Тарихы. А-ның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. Олар бұл құрлықка 40 мың жыл бұрын кейінгі палеолит дәуірінде Оңт.-шығ. Азиядан көшіп келген деп жорамалданады. 1788 ж. А-ға ағылшындар алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. адамға дейін болған. Сол кезден 20 ғ-дың ортасына дейін олардың саны 5—6 есе азайып кетті. Құрлықты алғаш ашқан голландықтар болды (17 ғ-дың басы). Алайда тым шалғайлығына байланысты оның зерттелуі ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар 19 ғ-дың басында ғана аяқтады. Ұлыбритания Солт. Америкадан айрылғаннан кейін ғана А-ны отарлауға шындап кірісті. А-да 19 ғ-дың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғ-дың 50-жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, А-ға Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді. Бұлар елдің бірқатар аудандарына өзін-өзі баскару құқығы берілуін талап етті. 20 ғ-дың басында алты отар ауданды (Жаңа Оңт. Уэльс, Виктория, Квинсленд, Оңт. Австралия, Бат. Австралия, яғни (Тасмания) “Австралия Одағы” федерациясына біріктіру жөнінде заң қабылданды. Сөйтіп бұл одақ доминион мәртебесін, ал бұрынғы отарлар штат кұқығын алды. А. ұлтының қалыптасуы жеделдеді. 1901 ж. Австралия Одағы жарияланып, ол Британ Достастығы құрамында өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия Одағы Британия армиясының құрамында 1-дүн. жүз. соғысқа қатысты. 2- дүн. жүз. соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса уақыт (1972 жылғы жслтоқсанға дейін) елдегі билік басында екі ірі партияның (либералдық және аграрлық) коалициясы болды. А- ның ішкі саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді. А. аумағында Американың соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1951 ж. А. әскери Өзара қорғаныс жөніндегі шарт (АНЗЮС), 1971 ж. Малайзия мен Сингапурды қорғау жөніндегі бес жақты келісім одағының (АНЗ- ЮК) мүшесі болды. 1972 ж. билікке лейбористер келген соң, А. бірқатар дамушы елдермен қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Алайда 1975 ж. қарашада либералды және аграрлық партиялар лейбористерді биліктен тайдырды. 1983 ж. наурызда парламент сайлауында лейбористер партиясы қайтадан жеңіске жетті. 1984,1987,1990 ж. сайлауларда көпшілік дауыс алды.Лейбористер тұсында жалақыны көбейту, әлеум.-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар қолға алынды. Ұлыбритания Біріккен корольдігі билігіне бағыныштылықты тоқтату туралы алғашқы қадамдар жасалды.
Азия-Тынық мұхит аймағы елдерімен байланыс жасауға, қарым-қатынастардың (әсіресе, экономика саласында) дамуына ерекше көңіл бөлінді.
Экономикасы. А. индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экон. қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, кағаз жөне полигр., ағаш кесу және мебель өнеркәсіптері, әсіресе, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау, электротех. приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. А.ш-ның маңызды саласы — қой шаруашьшығы. Ол а.ш- ның 60-70%-ін құрайды. А. ш. дақылдарынан бидай, сұлы және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ін жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. А-ның ұлттық табыс көлемі 288,1 млрд. Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді (1995 ж.). Экспортқа жылына құны 65 млн. долларлық өнім шығарылып, 12 млн. долларлық импорттық өнім әкелінеді. А-ның дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі үлесі — 1,1%.
Әдебиеті. 19 ғ-дың басынан ағылшын тілінде дамыды. Жергілікті халықтың көне мифтері мен ертегі-аңыздары 19—20 ғ-да жазылып алынды. Алғашқы кезеңде (19 ғ-дың аяғына дейінгі) 18-19 ғ-дағы ағылшын әдебиетінің дәстүрі басым болды. Поэзияда ода, пастораль, элегия, саяси сатира, прозада мемуар, жолжазба, тұрмыстық-отбасылық және қызық оқиғалы роман жанрлары өркендеді. Ч.Роукрофт, А.Харрис, М. Кларк сияқты жазушылар прозалық шығармаларында жер аударылып келгендердің ауыр азабы мен ерікті қоныстанушылардың тұрмыс-тіршілігін бейнеледі. Поэзиядағы ұлттық өзгешеліктер алғаш демокр., еркіндік сүйгіш идеяларға суарылған Ч. Харпур, А. табиғатының жыршысы Г. Кендалл, ұлттық әдеби балладаның негізін салушылардың бірі А.Л. Горден шығармаларында көрініс берді. Р. Болдревуд романдарында елдің тұрмысы мен мінез- салты бейнеленген.
20 ғ-дың басына қарай А. әдебиеті айқын ұлттық сипатқа ие болды. Шағын жанрлар — баллада мен әңгіме көбірек дамыды. Демокр. дәстүрдің негізін қалаушылар — X. Лоусон, Т.Коллинз, Б.О’ Дауд әлеум. әділетсіздікті әшкереледі. Сонымен бірге бұл кезең поэзиясында неміс романтизмі мен француз символистерінің, көне грек мифол-сының, діни сезімнің ықпалы да басым болды. 1- дүн. жүз. соғыс А-ның одан әрі дамуына үлкен әсер етті. Әлеум. роман жедел қалыптасты. Психологизмге ден қою байқалды. 30-жылдар романдары қоғамның, дәуірдің өткір қайшылықтарын бейнелеген әлеум.-сыншылдық пафосымен ерекшеленеді. 2-дүн. жүз. соғыстан кейінгі ұлттық сананың өсуі, мәдени байланыстардың кеңеюі, әлеум. қайшылықтардың тереңдеуі А. әдебиеті дамуының жаңа кезеңін сипаттайды. Жергілікті халықты нәсілдік кемсітушілік прозадағы басты тақырыптардың біріне айналды (Ф.Б.Викерс, Дональд Стюарт). Реалистік әңгіме өрістеді (К. Причард, В.Палмер, Дж. Уотен, А. Маршалл, т.б.). Драматургия жанры дамыды (Р.Бейнон, Р. Лоулер, Мона Бренд). 60—90- жылдардағы прозалық және драмалық шығ-да (П. Уайт, Р. Стоу) модернистік, реалистік бағыттар тығыз араласып, ұштасып жатты. Поэзиядағы негізгі сипат — реалистік образдар мен дәстүрлі өлең өлшемі. Еуропалық үрдіс филос. лирикада (Джудит Райт, Дуглас Стюарт, Д. Кэмпбелл) айқын байқалды. 90-жылдары поэзияда түрлі ізденістер, жаңаавангардтық тәжірибелер байқалды. Жаңа құбылыс — жергілікті халық өкілдерінің әдебиетке келуі (Кэт Уокер, Дж. Дейвис, К.Джонсон) көрініс берді. Олардың шығармаларының негізгі пафосы — қанау мен кемсітушілікке қарсылық болды.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері. А. архитектурасы мен бейнелеу өнері ағылшын ықпалына байланысты дамыды. Оған дейін аборигендер табиғи және қарапайым баспаналарды (үңгірлер мен ағаш күркелер) мекен еткен. Алғашқы құрылыстар ағылшын мәнеріндегі кішкене терезелі бір-екі қабат үйлер болды. Солардың бір көрнекті үлгісі казіргі Сидней қаласының шет жағы болып қалған Порт-Джексон елді мекені 1788 жылдап салына бастады. 1913 -.27 ж. У.Б. Гриффиннің жобасымсн Канберра қ-сы салынды.
Архит. құрылыстарының ішінде Сиднейдегі Опера театры үйі (опералық спектакльдермен бірге эстр. концерт көрсететін сахнасы, ашық бассейн жағасында рестораны, демалыс аймағы бар тұтас мәдени орталық), Мельбурндегі олимп. кешен ерекше көзге түседі.
А-ның бейнелеу өнері 18 ғ- дың ақыры, 19 ғ-дың басындағы К.Мартенстің акварелі, С.Т. Гиллдің графикасы, А.Л. Бювелотгың лирик. пейзаждарынан басталады. Жергілікті тайпалардан шыққан суретшілер ағылшын шеберлерінің әсерімен өзіндік бағытта алғашқы қадамдарын бастады. Олардың кейбіреулері (Наматжир, Парерультья әулеттерінен шыққан суретшілер) бүкіл елдің бейнелеу өнерінің даму бағытына әсер етті.
Музыкасы, театры мен киносы. А. муз-ның негізінде екі муз. мәдениеттің — жергілікті тұрғындар мен көшіп келгендер мәдениетінің (ағылшындар) белгілері бар. Аборигендердің ән өнері аңшылық салт-дәстүрінің этногр. жанрларын қамтиды. Корробори, яғни дәстүрлі би биленіп, әндер айтылатын діни мейрамдарды мерекелеу кең тараған. Муз. аспаптары: чуринг (уілдектер), диджериду (бамбуктан жасалған труба), ағаш пен теріден істелген барабандар, шылдырмақтар, тақтайшалар, мұрынмен тартатын флейталар, т.б. 18 ғ-да Еуропадан көшіп келгендердің муз. жанрлары — ән, баллада жанрлары кең тарай бастады. Бірте-бірте классикалық муз. мәдениеті өркендеді. Ұлттық театрдың дамуына әсер еткен филармониялық қоғамдар (Сиднейлік — 1833, Австралиялық — 1844), опералық компаниялар (Ұлттық театр қозғалысы — 1835, Оңт. Уэльстің ұлттық опера компаниясы — 1851, Мельбурндік — 1952, Елизаветтік театр тресі — 1954) құрыла бастады. А. Хилл, Э. Хатчесон, Э. Трумен. ұлттық композиторлық мектептің негізін салды. 1920 ж. “Опера лигасы” (орындаушылар Н. Мелба, М. де Ганст) ұйымдастырылды. 1-ұлттық опера “Австралиялық Дон Джон” 1847 ж. қойылды (композитор А. Натан). Композиторлар К. Дуглас, Э. Бейнтон аборигендердің дәстүрлі муз-сына көбірек ден қойды. 1946 ж. қойылған Дж. Антиллдің “Корробори” балеті, халық әндері мен билерінің негізінде жазылған. Сиднейде опера және балет театры, Мельбурнда Ұлттық мемориал. театр, 10 симфон. оркестр жұмыс істеді. Сидней, Мельбурн, Брисбен қ-ларында консерватория бар. Басқа қ-ларда аборигендерді зерттеу ин-ты, муз. зерттеу қоғамдары, аборигендер өнерінің к-ті жұмыс істейді. 20 ғ. муз. өнері саласында Л. Лаватер, П.О. Грейнджер, А.Л. Бенджамин, А. Хилл, Ф. Вердер, Л. Сицки, Р. Милл, әлемдік опера өнерінің ірі қайраткері ретінде әнші Джоан Сазерленд, дирижер Б. Хейнце танылды. А-да киноға түсіру 1900 ж. басталды. Бірақ бұл негізінен деректі (табиғатын, жергілікті халықтың тұрмыс-салтын көрсететін) көріністер болатын. 20 ғ-дың 2- жартысынан А. киносында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Негізінен, американ киносына еліктеуден басталған бұл ізденіс нәтижесінде М. Гибсон, Н. Кидман сияқты киножұлдыздары әлемге танылды.
Киносының дамуына 1970 ж. Австралия кино өндірісін дамыту корпорациясының (1975 ж. ол А. кинематограф. комиссиясы болып өзгерді) құрылуы оң ықпал жасады. “Қызмет барысындағы серуен” (1972, реж. Т. Коуэн), “Бала мен мұхит” (1976, реж. Г. Сафран), “Парижді жұтып қойған автомобиль” (1974), “Соңғы толқын” (1977) фильмдер әсерлі де өткір шешімдерімен шетелдіктердің де назарын аударды. “Есалаң Макс”, “Есалаң Макс – 2” фантастикалық фильмдері халықар. беделге ие болды. 80 ж. елде жылына 15 — 20 толық метражды фильм шығарыла бастады. Аделаида, Брисбен, Канберра, Мельбурн, Сидней қ-ларында жыл сайын әр түрлі кинофестивальдар өткізіліп тұрады.