АБСЕНТ

АБСЕНТ – таза қанды ахалтеке тұқымдас сайгүлік. 1952 ж. Жамбыл обл-ның Луговой асыл тұқымды з-тында Бакира есімді биеден туған. А-тің арғы тұқымы Араб есімді айғыр 1936 ж. 83 күнге созылған Ашғабат – Мәскеу (4300 км) салт жүру жарысына қатысқан. А. 1960 ж. өткен 27-Рим олимпиясы ойындарында КСРО құрама командасы атынан жарысқа қатысып (шабандоз С. Филатов), бас жүлдені жеңіп алды. 1964 ж. Токио олимпиясында командалық есеп бойынша күміс медальға ие болды. 1969 ж. А. өзінің күтіп-бағылған жері – Луговой жылқы з-тына қайтарылып берілді. А-тің бас бапкері – Әсенов кәрім Шалабасұлы (1905-1978) 19 жасынан әскери қызметте болып, Орынбор қ-ндағы Қырғыз (қазақ) Орталық атқару комитеті атынд. біріккен әскери мектебін (1926) және Ташкент атты әскер мектебін (1926 және ташкент атты әскер мектебін (1928), Фрунзе атынд. жалпы әскерлік әскери академияны (1943) бітірген. Ол қазақ ұлттық атты әскер полкында взвод командирі, полк командирінің орынбасары қызметін атқарды. 21-Таулы Кавказ дивизиясының, 17-Таулы Кавказ полкының құрамында Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысқан. 1946 ж. әскер қатарынан босап, ат баптаумен айналысады. Әскери көпсайыстан КСРО чемпионы (1928) атанды. Қазақстанның еңб. сің. жаттықтырушысы (1960). Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *