АБРУЙ

АБРУЙ (6ғ.) – Бұхар әмірі. А. есімі парсы тарихшысы Әбу Бәкр Наршаһидің деректерінде Орта Азияның отырықшы алқаптарына Түрік қағанаты билеушілерінің орнығуымен байланысты айтылады. Шамамен 580 ж.түркі шаруалары мен соғдылықтар А-ды Бұхар әмірі етіп сайлайды. А-дың аса қатал билігінен қашқан ақсүйектер мен саудагерлер Түркістан мен Таразға барып, түркілер билеушісі Қарашорын өзінің ұлын қолбасшы етіп, А-ды тақтан құлатуға әскер жібереді. А. жеңіліп, азапталып өлтірілігеннен кейін, түркілер қағаны Бұхарды билейтін болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *