Қайта өңдеу қағидасы

Гарри Андерсон деген студенттің қиялынан туған «қайта өңдеу қағидасының» қарапайым символы.

АҚШ,

1970 жыл.

70-жылы «Container Corporation of America» (Американың контейнерлік корпорациясы) тұңғыш рет өткізілгелі отқан халықаралық Жер күніне орай конкурс жариялайды. Мақсаты — қайта өңдеу қағидасын насихаттау және ең таңдамалы таңбаны корпорация символына айналдыру.

500-ге жуық үміткер қатысқан бұл додаға 23 жасар америкалық студент Гарри Андерсон да атсалысқан.

Дерекке сүйенсек, конкурс өткеннен кейін, Андерсон өзі ойлап тапқан бұл таңбаны еш жерден ұшыратпаған көрінеді. Тек, араға 10 жыл салып, Еуропаның Амстердам қаласына барғанда қоқыс жәшігінің сыртынан байқап қалған.

Қазір бұл таңба барлық халықаралық тауарға таңбаланады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *