Зощенконың өткір сатирасы

1926 жылы сәбеттің бір мықты психиатр-дәрігеріне шағым айтып бір сырқат адам келіпті. Әлгінің түр-сипат, әрбір мәнеріне қарап, дәрігер оның түрмеге отырып шыққан «кәтіржан» екенін сезе қояды…

— Нендей шағымыңыз бар, жолдас? — дейді, дәрігер.
— Себепсіз мұңға батып, өз-өзімнен ішім пыса береді.., оның соңы алапат апатияға ұласып, не ас іше алмаймын, не дұрыстап ұйықтау жоқ…

Сырқатты мұқият қарап шыққан дәрігер, оған юморлық әңгімелерді көбірек оқуын, әсіресе, Зощенконың уытты сатирасын жата-жастана оқуын мықтап тапсырады.

— Құрметтім, сіздің мына дертті күйіңізді тек юморлық әңгімелерді бас алмай оқу ғана — емдеп, жаза алады! Сіз, әсіресе, Зощенконың өткір сатирасын көбірек оқыңыз, — дейді, психиатр, — Білесіз бе.., бәлкім, Зощенконың әңгімелері, жазу стилі сізге тым қарапайым көрінуі мүмкін.., алайда, оның қаламы сондай уытты әрі өте күлкілі. Бұл Зощенко дегеніңіз — нағыз мерген сыншы! — деп кеңес бере бастаған ғой…
…сөйтсе, әлгі сырқат бір күрсініп сап, мұңлы дауыспен:
— Дәрігер.., сол Зощенко — мен едім! — деген екен…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *