АРАЛ ӨҢІРІНДЕ ТҰРАН ЖОЛБАРЫСЫН АТҚАН

 

«Тұран жолбарысы» немесе Каспий жолбарысының тұқымы бүгінде Орта Азия мен Қазақстанда мүлдем құрып кеткен. 1950 жылдардың соңында бірде-бір тұқымы қалмаған. Тұран жолбарысы 1960 жылдары Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілмей қалған. Қазақстан жерінде жолбарыстың көбірек мекендеген жері — Сырдария өзені мен Арал теңізінің бойы, кейінгісі Балхаш көлі мен Іле өзені аумағы болған. Сырдарияның соңғы жолбарысының бірі 1925 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің маңында, ал енді бірі 1933 жылы Қазалы маңында жан қиған. Сырдария бойындағы ну қамыста Тұран жолбарысы 1945 жылға дейін ұшырасып отырған.
Ғалымдардың зерттеуінше, Тұран жолбарысының салмағы 170-240 келі аралығында, ұзындығы 2,70-2,90 метр болған. Салмағы жөнінен Уссурий жолбарысынан зор Тұран жолбарысы, одан гөрі əлді болған.
Керуенге кенеттен шабуыл жасаған Тұран жолбарысының атан түйені ұрып жығып, қамыс арасымен 100 метрге дейін сүйреп барғаны туралы оқиға хатқа түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *