ТАНЫСТЫРУ

 

Қазақтың баласымын тегі бүтін,
Елі бар жасайтұғын ер үгітін.
Үздігі ұстазы боп келіп тұрмын,
Ақтсам деп алдыңда ел үмітін.

Түскенде аламанда терге құлан,
Теңгеңді теріп жүріп жерден алам.
Санасында білімі салтанат құрған,
Маған жақын ғылымсүйгіш жасұлан.

Қошемет болсын онда біздей ұлға,
Бәріңді шақырамын түзу жолға.
Ғылымның сара жолы түзу екен,
Түскеннің ісі басар оңға.

Көрсетер күнді мейлі бағым айды,
Жігіттен жеті өнер де арымайды.
Ұстаздар сайысында сынға түстім,
Бақ пен бап ешкімді де танымайды.

Әлі де асу асып жетер едім,
Жарыста топты жарып өтер едім.
Көрермен мені қолдап отырсаңдар,
Сендерді төбеме алып көтеремін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *