Ер жігіт туралы мақал-мәтелдер

Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.
Ер жігіт пен жақсы ат – көптікі.
Ер жолдасы – тәуекел.
Ер жолдасы – әйелі,
Ақ жаулығы болса егер.
Ер көрескісін көрмей, көрше кірмейді.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер,
Сөз қадірін тапқыр білер.
Ер қолынан құс тоймас.
Ер сасқанда белгілі,
Ат шапқанда белгілі.
Ер өлсе де ат өлмейді.
Ерден ердің қаупі бар.
Ер намысын құлы.
Елуінде ер дана.
Ер өліспей беріспейді.
Ер тарықпай, молықпас.
Ер – елдің айнасы.
Ер есімі ел есінде.
Ер не көрмейді,
Ер көңіл есе бермейді.
Ер татулығы ел татулығы.
Ер аруағы қарулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *