Ерлік, ер туралы мақал-мәтелдер

Ер аруағы қарулы.
Ердің сыншысы – елі
Ерлік өлім ерді көбейтеді.
Ердің жақсы – екі елу.
Ер қуаты қарулы.
Ерден иман құтылмас.
Ебін тапқан ер өлмес.
Ер – егіз.
Ер – елінде әз.
Ердің аты көлдей, өзі шөлдей.
Ерден ердің несі артық?!
Бір сөйлеген сөзі артық.
Ерлікте қорлық жоқ.
Есепті болмай бай болмас,
Есер болмай ер болмас.
Ер қартайса қазаншы болады,
Бүркіт қартайса тышқаншы болады.
Ер айтпас, айтса қайтпас.
Ер басына күн туса
Ерулі атұа ер салар.
Ер иесіз қос табар.
Ел күйінгенде күйінген батыр.
Ел сүйенгенде сүйінген батыр.
Ерегісте мыңға татыр.
Ерлікте қорлық жоқ.
Ерліктің шарты- өзіне сенгендік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *