Әңкір-Мүңкір

«Әңкір-Мүңкір» (мұсылмандық мифологияда: «НакурМункар»; о Дүниеге аттанған әрбір пендені
«қылкөпірлік
«Қабір Талқысына» салатын періштелер. «Екеуі пенденің екі
иығында отырады» деген соқыр сенім бар) атауының дұрыс
нұсқасы: «Аңқыр-Мүңкір» (аңқушы Еркек Періште – мүңкуші, Ұрғашы Періште). «Оң» (оң; ағар; нұрлан) мен «Сол»
(сол; сем, шірі) болып табылатын бұл екеуі, ақиқатында –
Сананың, Ақылдың, Жадтың, Ойдың, Рухтың екі періштесі:
Аңқыры (Жұпар) – ізгілік періштесі, Ақ періште, «Еркек»;
Мүңкірі (Сасық) – Зұлымдық періштесі, Қара періште,
«Әйел». Әрбір жаратылған Ой (Сөз) осы Екеуінің «ұрпағы»
сипатында өмір сүреді.
Естің бірлік сипаты – «Мүңкір» («Мүңкірі» үстем пасық
пендеге тән «Мен!» деуші Ес) я «Аңқыр» («Аңқыры» қуатты,
жақсы адамға тән «Біз!» деуші Ес), жұптық сипаты –
«Аңқыр
+ Мүңкір», үштік сипаты – «Аңқыр+(Ес)+Мүңкір». Бұл
үштік- тің жалған сенімдік мифологияланған бір түрі—«оң
жақ кірес- ке керілген қарақшы+(Иисус) + сол жақ кіреске
керілген қа- рақшы». «Мүңкірдің сыбайласы» – «Нәнкүр»
(«Нәңкүр» яки
«Неаңқыр»: аңқуды доғарған періште)
аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *