- Саяси ілімдер тарихын оқудың басты мақсаты?
А) Білім деңгейінің кеңеюі;
В) Тарихқа деген табиғи қызығушылықты қанағаттандыру;
С) Өркениет тарихын тану;
D) Ұлттық сананың оянуы;
Е) Адамдардың саяси қызметтерінің тарихи үдерістің рационализациялануына әсері.
2.Саяси доктринаның мағыналылығы оның мынадай байланысымен анықталады?
А) Саяси күштердің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен;
В) Қоғамдық дамудың негізгі тенденцияларымен және заңдылықтарымен;
С) Қоғамның рухани атмосферасымен;
D) Мемлекет мәдениетімен;
Е) Жалпы саяси және құқықтық санамен.
3.Ежелгі әлемнің қай ойшылы саяси сананың келесі түрін қолдады: «Егер де жоғарыдағылар әділеттілікті қатал түрде орындаса, қарапайым адамдар бағынудан бас тарта алмайды»?
А) Конфуций;
В) Сократ;
С) Платон;
D) Аристотель;
Е) Цицерон.
4.Аталған мемлекеттердің қайсысында алғаш рет демократиялық процедуралар қолданған?
А) Фараондар кезеңіндегі ежелгі Египетте;
В) Грекияның кейбір ежелгі қала-мемлекеттерінде;
С) Императорлық Римде;
D) Ежелгі ортағасырлық мемлекеттерде;
Е) Ежелгі Үндістанда.
5.Қай ғалым мемлекеттік құрылымды саясат субъектісі ретіндегі адамның табиғатына, мінез-құлқына ұқсас деген?
А) Платон;
В) Аристотель;
С) Әулие Августин;
D) Т. Гоббс;
Е) Б. Спиноза.
6.Платонның ойынша, идеалды мемлекет жүзеге асады, егер де…
А) Идеалды теңдік болса;
В) Құлдық жоқ болса;
С) Қауымдар арасында айырмашылықтар жойылса;
D) Философтар патша болса немесе патшалар мен князьдер философияға жан-тәнімен берілсе;
Е) Білім және тәлім-тәрбие алу барлығына тең дәрежеде болса.
7.Аристотель бойынша, саясатқа қатысу жақсылық жасау болып табылады, өйткені:
А) Саяси жарыста жеңіске жеткен тұлға мемлекеттік төлемдерден босатылады;
В) Жеке индивидке жиналыстарға қатысуға мүмкіндік береді;
С) Үкіметтен алашағын алуға мүмкіндік береді;
D) Адамдарға өзін-өзі тануға көмектеседі және сәйкесінше жұмыс береді;
Е) Әскери міндеттерден босатады.
8.Аристотель бойынша, «Полития» келесілердің мүдделерінің көрінісі:
А) Монархтың;
В) Аристократияның;
С) Жеке азаматтардың;
D) Қоғамның барлық құрылымының;
Е) Демагогтардың.
9.М.Т. Цицеронның саяси идеалы?
А) Монархия;
В) Аристократия;
С) Демократия;
D) Аралас мемлекеттік басқару;
Е) Олигархия.
10.М.Т. Цицеронның эмпирикалық саяси бағдарламасы –
А) Қауымдардың келісімі, барлығының біройшылдылығы;
В) Монархтың абсолюттік билігінің орнығуы;
С) Барлық басымдылықтар шаруашылық қауымдарға;
D) Аристократиялық биліктің басымдылығы; Е) Барлық билік халыққа.
11.Ортағасырлық саяси көзқарастардағы маңызды мәселелер қандай?
А) Саясат және дін;
В) Дін және ғылым;
С) Адам және қоғам;
D) Қоғам және мемлекет;
Е) Адамгершілік және діни парыз.
12.Ортағасырдың әлеуметтік-саяси ілімдерінің негізгі идеясы –
А) Христостың жалпылық насихаты;
В) Адамдардың теңсіздігін түсіндіру;
С) Адамдардың міндеттері Құдаймен белгіленген;
D) Мемлекет ерекше құрылым болып табылады;
Е) Адамзат тарихының бірлігі идеясы, адамзат қоғамының прогрессивті дамуы туралы.
13.Шығыс ортағасырлық саяси идеясының басты ерекшелігі қандай –
А) Басқарушыны жоғары көру;
В) Қауымдардың құқықтарын анықтау;
С) Мемлекеттің нормативті-құқықтық аспектілері;
D) Мұсылмандық саяси құқықтарды жасау;
Е) Этнос аралық қатынастарды реттеу.
14.Әл-Фараби бойынша, қайырымды қоғамды жүзеге асырудың негізгі шарты –
А) Халықтың сауаттылығы;
В) Биліктің тепе-теңдігі;
С) Саясат пен діннің қосылуы;
D) Тұрғындардың адамгершілігі;
Е) Монархтың ар-намыстығы.
15.Ибн-Халдунның негізгі жетістігі –
А) Қоғамның даму заңдылықтарының тарихи зерттеу қағидаттарын енгізді;
В) Арабтың перипатетизмімен қалыптасқан материалистік тенденцияларды дамытты;
С) Қоғам өмірін зерттеуде аверроизм қағидаттарын таратты;
D) Қоғам дамуының екі фазасын бөліп көрсетті;
Е) Өндірушілердің жеке еңбек азығы мен құралдарына деген құқықтарын қорғау.
16.Ибн-Халдун мемлекеттік саясаттың келесі формасын сынайды –
А) Жеке меншікке зиян келтіретін;
В) Діни тәрбиеге мән бермейтін;
С) Мемлекеттің шекарасын кеңейтпейтін;
D) Күшейіп келе жатқан сыртқы экспансияға;
Е) Қауымдық ерекшеліктерді ажыратпайтын.
17.Аврелий Августин доктринасының идеясы –
А) Мемлекет – ол үзілмейтін соғыс мекені;
В) Бір елдің екінші елге қарсы тұруы;
С) Тарихтың циклдық идеясы;
D) Тарих – ол екі жақтың күресі;
Е) Адамзат бірлігі және қоғамдық прогресс.
18.Византиялық саяси ойлар мен саяси өмірдің сипаттық ерекшелігі –
А) Діни көзқарастардың саясатқа ықпал етуі;
В) Зайырлы көзқарастардың саясатқа ықпалетуі;
С) Саяси өмірдің бюрократизациясы және оның саяси көзқарастардағы көрінісі;
D) Екі биліктің теңдігі – императорлық және шіркеулік;
Е) Ерестер мен еретиктерді қуғындау.
19.Фома Аквинскийдің ойынша, мемлекеттің мақсаты –
А) Жалпы құндылық, материалдық және рухани;
В) Материалдық құндылық;
С) Рухани құндылық;
D) Дамыған қоғам;
Е) Жеке тұлғаны қорғау.
20.Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси ойларының негізгі бағыты –
А) Гуманизм;
В) Адамның бостандық және құқық мәселелері;
С) Мемлекет заңдары – адамдардың тәжірибе және ақыл нәтижесі;
D) Қоғам – тәуелсіз адамдар одағы;
Е) Адамның шығармашылық мүмкіндіктеріне сену.
21.Н. Макиавелли шығармаларының басты мақсаты мынадай –
А) Саяси ғылымды жасау;
В) Ортағасырлық схоластиканы рационализм және реализммен ауыстыру;
С) Ғылымға заманауи мағынадағы «мемлекет» және «республика» ұғымдарын енгізу;
D) Дінге рационалды қарау;
Е) Ұлттық рухты жоғарылату.
22.Макиавеллизм – ол
А) Әскерилендірілген саяси көзқарас;
В) Моральдық нормаларға бағынбайтын саясат;
С) Утопиялық саяси көзқарас;
D) Күш балансының саясаты;
Е) Зорлық-зомбылыққа қарсы саясат.
23.Ж. Боден еңбектерінің болашақ саяси ойлар-дағы негізгі мақсаты қандай?
А) Климат теориясы;
В) Прогресс теориясы;
С) Саясатқа кіру тарихы;
D) Мемлекеттік зайырлылық теориясы;
Е) Жеке меншікті қорғау идеясы.
24.Саяси ілімдер тарихында утопиялардың маңыздылығы неде?
А) Қоғамдағы маңызды құндылықтарды анықтайды;
В) Болып жатқан үдеріске сыни түрде қарауға алып келеді;
С) Болашақ саяси бағдарламалардың бағыттарын анықтайды;
D) Мемлекеттік құрылымның идеалды түрлері;
Е) Саяси тәрбиені жүзеге асырады.
25.Реформацияның тарихи мағынасы –
А) Дінге жаңа қызығушылық тудырды;
В) Ұлттық рухты күшейтті;
С) Буржуазиялық революцияларға идеялық негіз дайындады;
D) Рационализмнің дамуына үлес қосты;
Е) Мемлекет пен шіркеуді бөлді.
26.Ағартушылық дәуірінің әлеуметтік-саяси ойларының басты жетістігі?
А) Феодализмді жоққа шығару;
В) Адамның көзқарас, іс-әрекет және табиғи бас бостандығы идеясы, жеке меншікке ие болу, сот және заң алдында барлық азаматтармен бірге тең болу идеясы;
С) Шіркеулік билікке және діни фанатизмге қарсы күрес;
D) Демократиялық мемлекет;
Е) Биліктің үш тармаққа (заң шығару, атқарушы, сот) бөліну идеясы.
27.Т. Джефферсонның бөлу қорғаны мынаған байланысты –
А) Сөз бостандығы;
В) Діни бостандық;
С) Баспа сөз бостандығы;
D) Заң алдындағы теңдік;
Е) Жиналыс бостандығы.
28.АҚШ конституциясының «Әкесі» –
А) Д. Вашингтон;
В) Б. Франклин;
С) А. Гамильтон;
D) Д. Мэдисон;
Е) Т. Пейн.
29.Американдық әке – негізін салушылар мына идеяны орнатты –
А) Қоғамдық келісім идеясын;
В) Жазылған конституция идеясын;
С) Екі палаталы ұлттық-заң шығару жиналыс идеясын;
D) Республика идеясын;
Е) Адамның табиғи құқық идеясын.
30.Американдық әке – негізін салушылар республикалық басқару формасын таңдады, өйткені –
А) Тура демократияға қарағанда, адамдарға басқаруда дауыс құқығын беретін оңай жол деп ойлады;
В) Ежелгі Грек республикаларының жетістіктерін қайталау мақсатында;
С) Американдықтар осы жол тиімді деп білді;
D) Тек осы жол қоғамдық келісім теориясына жауап береді деп ойлады;
Е) Табиғи құқық концепциясына жауап береді деп ойлады.
31.Дж. Мэдисон мынаған сенді:
А) Американдық жүйе мүдделер қақтығысы кезінде американдықтардың шектен шықпауының толық бостандығын жүзеге асырады;
В) Сайлауды қамтамасыз ететін шенеуніктер мүдделер қақтығысын елемеулері тиіс;
С) Ақша саясатқа кездейсоқ ықпал етеді;
D) Әлеуметтік теңсіздік саяси қақтығыстардың басты түрткісі болып табылады;
Е) Құқықтар теңдігі – шектен шықпаудың кепілі.
32.А. Токвиль демократияға төнетін қауіп-қатердің мүмкін түрлерін атап көрсеткен. Осы қауіп-қатерлерге жатпайтынын анықта?
А) Мемлекет қолына биліктің шектен тыс саяси орталықтандырылуы;
В) «Толық теңсіздікке» шектен тыс жақындық;
С) Қоғамда қалыптасудың эволюциялық жолы;
D) Адамдарды бір-бірінен алыстататын индивидуализм, саясатқа деген индифференттілік;
Е) Қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнату.
33.А. Токвиль «Демократия в Америке» еңбегінде… (бұрыс анықтаманы тап) –
А) Демократияға анықтама береді;
В) Жеке тұлға және қоғам бостандығын қатайтатын механизм жасап көрсетеді;
С) Тура демократияны қолдайды;
D) Қоғамды бостандық пен теңдік мәселелері арқылы қарастырады;
Е) Қоғамның революциялық құрылымына қарсы шығады.
34.Дж. Локк бойынша, адамның табиғи құқықтары –
А) Жазылған конституциядан пайда болады;
В) Пайдалы тұлғаларға ғана берілуі мүмкін;
С) Үкіметке шексіз билік алуға кедергі келтіреді;
D) Адам туылысымен беріледі;
Е) Кәмелет жасқа толуымен беріледі.
35.Дж. Локк бойынша, үкімет міндетті –
А) Адамдарды табиғи құқықтарынан айыра алатындай мықты болмауға;
В) Азаматтарды басқара алатындай күшті болуға;
С) Жеке тұлғалармен не істесе де, азшылық көзқарасын ұстануға;
D) Әр 10 жыл сайын қоғамдық келісімді жаңартып тұруға;
Е) Қауымдарға бөлінуге.
36.Американдық және Француздық конституцияларда көрініс тапқан Ш.Л. Монтескье оқуларының негізгі идеясы –
А) Саяси теориялардағы мәмілеге келу рухы;
В) Географиялық ортаның саясатқа әсері;
С) Басқару формасы мен заңнаманың рөлі;
D) Демократия қағидаттары;
Е) Биліктің бөлінуі және тепе-теңдігі.
37.И. Канттың ойынша, мемлекеттің негізгі мақсаты –
А) Жалпы құндылық;
В) Құқық басымдығы;
С) Бостандық басымдығы;
D) Құқық және шектеулер;
Е) Іс-әрекеттердің моральдық заңмен бірегейлігі.
38.И. Кант бойынша, революцияға қарсы ең тиімді құрал –
А) Моральдық түсініктер;
В) Заңдық түсініктер;
С) Тәжірибелік түсініктер;
D) Зорлық-зомбылық, интервенция;
Е) Реформалар.
39.И. Кант бойынша, жалпы тарихтың негізгі мақсаты –
А) Рационалды құқық;
В) Азаматтық қоғам;
С) Республикалық (құқықтық) мемлекет;
D) Мемлекеттердің әлемдік одағы;
Е) Мәңгілік бейбітшілік.
40.Гегельдің саяси басымдығы –
А) Тұлға мемлекеттен жоғары;
В) Тұлға қоғамнан жоғары;
С) Қоғам мемлекеттен жоғары;
D) Мемлекет тұлға және қоғамнан жоғары;
Е) Тұлға және қоғам мемлекеттен жоғары.
41.Саяси ойлау либерализмінің басты идеясы –
А) Бостандық – негізгі құндылық;
В) Заң мәдениетті адамдардың табиғи қажеттіліктерінің жалпыланғаны;
С) Тарихтың мақсаты – әлемнің вестернизациялануы;
D) Халықтық билік идеясы;
Е) Жеке адам қоғам және оның институттарына қарағанда нақты және шынайы.
42.Марксизм бойынша, тарихтың қозғаушы күші не?
А) Өркениет тарихындағы техникалық прогресс;
В) Билік үшін күресутегі лидерлердің күш-жігері;
С) Тарихтағы таптық күрес;
D) Әлемдік масштабтағы ғылыми жаңалықтар;
Е) Адам мен адамзаттың адамгершілік дамуы.
43.Демократияның негізгі маңызы –
А) Мемлекеттің абсолютті билігіне тәуелсіз қоғамның бар екенін мойындау;
В) Әлеуметтік қақтығыстарды шешудегі рационализмді мойындау;
С) Барлық мақсатқа жалпы, түрлі мүдделер мен идеялармен санасу;
D) Адамдардың шексіз ар-намыс бостандығы мен бастама құқығы;
Е) Қоғамдық және мемлекеттік саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруда адамдардың кең қатысуы.
44.Макс Вебердің айтуынша –
А) Бір күні бюрократия қоғамда басым болады;
В) Компьютерлер басқаруды тиімді етеді;
С) Нейтралды құзыреттілік атқарушы биліктің шегі болып табылады;
D) «Жентек қар» әсерін өзгерту өте қиын болады;
Е) Өзін-өзі ұйымдастыру кеңейеді.
45.В. Паретоның саяси ғылымға қосқан негізгі үлесі –
А) Тепе-теңдік теориясы;
В) Әлеуметтік таңдау теориясы;
С) Жалпы әлеуметтану жайлы трактат;
D) Қоғамның басқарушылар және басқарылатындарға бөліну жүйесі;
Е) Элита теориясын жасады.
46.Саяси ғылымда Г. Москамен ашылған заң –
А) Буржуазия басымдылығы;
В) Технократия басымдығы;
С) Рухани басымдық;
D) Элита басымдығы;
Е) Халықтың бсымдығы.
47.Неоконсерватизмнің мінездемелік белгілері –
А) Нарықтық қатынастар қоғамның дамуына алып келеді;
В) Нарықтық қатынастар тұлғаның дамуына алып келеді;
С) Теңдік орнату бостандықты бұзады;
D) Жеке меншікке құқық басымдылығы;
Е) Классикалық консерватизм және либерализм.
48.Неолиберализмді сипаттайтын белгілер –
А) Экономикалық салаға мемлекеттің араласуын шектеу;
В) Әлеуметтік үдерістерді реттеу;
С) Экономикалық үдерістерді реттеу;
D) Бәсекелестікті қолдау;
Е) Либерализмнің экономикалық белгілерінің консерватизммен ұқсастығы.
49.Плюралистік теорияға байланысты, билік … қолында –
А) Үлкен мүдделі топтар;
В) Ұйымдасқан топтар;
С) Көптеген ұйымдарда маңызды ұстанымдарға ие бірнеше жеке тұлғалар;
D) Жеке заңды азаматтар;
Е) Халық.
50.Әлеуметтік мемлекеттің маңызды мақсаты –
А) Қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнату;
В) Әлеуметтік теңсіздікті әлсірету;
С) Әр бір адамды жұмыспен немесе тіршілік көзімен қамсыздандыру;
D) Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту; Е) Негізгі саяси күштер мәмілесі.
51.Еуразиялық одақ идеясының жүзеге асуындағы әсерін тигізетін фактор.
A) Славян одағы қатысатын мемлекеттерінің экономикалық қуаттылығы;
B) Мәдениеттік дәстүрлігінің жақындығы;
C) Пантюркизм идеясын қолдау;
D) Панисламизм идеясын қолдау;
E) Саяси-стратегиялық мақсаттардың ұқсастығы.
- Әлемнің Қазақстан Республикасына деген қызығушылығын тудыратын саяси факторды көрсет.
A) Бай табиғи ресурстар;
B) Геосаяси орналасуы;
C) Халықтың полиэтникалық құрамы;
D) Президенттің тұлғасы;
E) Мәдениет пен білімнің жоғары деңгейлігі.
- М. Вебер легитимді басқаруды қалай түсінді?
A) Әртүрлі әлеуметтік топтардың келісімділікпен өмір сүруі;
B) Қанаушылыққа сүйенген билік;
C) Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тақ;
D) Басқарудың ең жоғарғы формасына мойын ұсынған тұлғалар;
E) Заңмен шектелген басқару.
54.«Патшада аңдарға тән күштің болуы қажет, яғни патша арыстандай айбатты, түлкіше қу болуы қажет» деген сөздерді қай ойшыл айтып кеткен?
A) Т. Гоббс;
B) Дж. Локк;
C) Ф. Ницше;
D) Н. Макиавелли;
E) Т. Пейн.
55.«Мемлекет – түнгі қарауыл» деп көрсеткендер, қандай саяси идеологияны жақтаушылар?
A) Анархизм;
B) Либерализм;
C) Консерватизм;
D) Социализм;
E) Нацизм.
- Тарихта ең бірінші болып идеалды мемлекеттің моделін құрастырған қай ойшыл?
A) Аристотель;
B) Конфуций;
C) Т. Мор;
D) Платон;
E) Полибий.
- Осы көрсетілген принциптердің қайсысы демократияның плюралистік концепциясына сай келеді?
A) Тұлғаның даралану ойы және оның халықтан, халықтың еркінен жоғары тұруы;
B) Қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік өмірді сақтау арқылы мемлекеттің біліктілігін және әрекет ету өрісін шектеу;
C) Жеке бостандықты жағымсыз түсіну, яғни шектеудің, қаламайтын кірусілердің болмауы;
D) Демократиялық биліктің негізі болып табылатын топтық мүдделердің бәсекелестігі мен балансы;
E) Халықтың, оның еркінің жеке тұлғаның еркіне қарағанда басым болуы.
- Консерватизм идеясына төмендегілердің қайсысы келеді?
A) «Адам өзіне не керек екенін, үкіметтен артық біледі»;
B) «Тепе-теңдік – әлеуметтік сфераға енгізілетін тек қана құқықтық емес, сонымен қатар саяси түсінік»;
C) «Мемлекет – бұл, яғни осындай институтсыз қоғамда тәртіп, әділдік, сыртқы қаіпсіздік пен ішкі келісімділіктің орнауы мүмкін емес»;
D) «Жоғарғы мемлекеттік органды адамның басы емес, ал киіп алған бас киімі деп қарастыру қажет, яғни қоғамды түсінбеген жағдайда оны жай ғана шешіп қоюға болады»;
E) «Революциялық өзгерістер әлеуметтік прогресске алып келеді».
- Айтылған сөздердің қайсысы маркстік оқуға жатады?
A) «Руханилылық әрқашанда құқықтан жоғары тұруы қажет»;
B) «Саясат басталған жерде, мораль тоқтайды»;
C) «Мемлекеттің өмірін мемлекет идеясымен қатар қою, саясаттың басты міндеті»;
D) «Саясат біріншіден, таптар арасындағы қарым-қатынас»;
E) «Саясат – қолдан келетіннің бәрін іске асыру өнері».
- «Барлық қарапайым адамдар билікті басқарып отырған элитаға, яғни олардың біліктілігіне мойын ұсынуы қажет» деп айтқан саясаткердің сөзі қай теорияға сай келеді?
A) Плюралистік демократия;
B) Элитарлық демократия;
C) Бихевиоризм және постбихевиоризм;
D) Эгалитаризм;
E) Ешқайсысына жатпайды.
- Мыналардың қайсысы социал-демократиялық идеологияға сай келеді?
A) «Дәстүрлілік – қоғам мен мемлекеттің өркендеуінің негізі»;
B) «Келісімділік деп адамдардың бостандық пен әділдікке жетудегі басты қарым-қатынасы»;
C) «Адам өзінің табиғилылығына байланысты бейбіт өмір сүре алмайды, ол билікке құмар, күнәһар, алдамшы болып келеді»;
D) «Теңдік – қоғамның ажырамас бір бөлшегі, ал бостандық – қоғамның құралы, яғни өзінің мақсаты өзінде»;
E) «Элитаның басқаруы ғана тұрақтылықтың кепілі».
- Б.Н. Чичерин орыс қоғамының қай бағытын қолдаған?
A) Анархизм;
B) Социализм;
C) Либерализм;
D) Халықтылық;
E) Консерватизм.
- Ресейдегі радикалдылықты қолдайтындардың өкілі емес, бұл кім?
A) А.Н. Радищев;
B) П.И. Пестель;
C) Н.П. Огарев;
D) А.И. Герцен;
E) Н.Я. Данилевский.
- Осы берілген ерекшеліктердің қайсысы жаңа заман саяси оқуларына жатпайды?
A) Либералды саяси идеологияның қалыптасуы;
B) Мемлекеттің құрылымының сараптамасы, түрлерінің бөлінуі, яғни ең идеалды басқару формасының түрін анықтау;
C) Биліктің тармаққа бөліну негізінің дәлелдемесі;
D) Құқықтық мемлекеттің мінездемесі;
E) Құндылықтар сараптамасы мен буржуаздық механизмнің жүзеге асуы.
- Жазылған идеялардың қайсысы социал-реформизмге жатпайды?
A) Эволюционизм қағидатына деген қолдаушылық;
B) Плюрализмнің демократияға деген қауіптілілігі;
C) Саяси билік формасы ретінде, кез келген диктатураны қолдамау;
D) Жұмысшылардың әлеуметтік қорғалу мәселесінің алда тұруы;
E) Демократиялық парламентаризмді қолдау.
- Әлеуметтік мемлекет концепциясына жатпайтын саяси бағытты анықтаңыз.
A) Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі мемлекеттің рөлін төмендету;
B) Экономикалық өсудің жоғары деңгейлілігі;
C) Саяси жүйенің демократиялануы;
D) Әлеуметтік серіктестік жүйесінің дамуы;
E) Қоғам дамуының мақсаты мен жолдарына қатысты негізгі саяси күштердің мәмілесі.
- Мына берілгендердің қайсысы демократиялық қағидаттарға жатпайды?
A) Көпшіліктің билігіне қарамастан, азшылықтың мүддесін құрметтеу және ескеру;
B) Азаматтардың теңдігі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;
C) Заң шығарушы биліктің атқарушы және сот билігінен үстем болуы;
D) Парламенттік институттардың болуы;
E) Елбасының сайлануы.
- Құқықтық мемлекет концепциясына жатпайтын саяси бағытты көрсет?
A) Биліктің тармақтарға бөлінуі мен тепе-теңдік жүйесін қалыптастыру;
B) Заңның жоғарлылығы, яғни заңның билік пен басқаруға үстемдік етуі;
C) Саяси плюрализм мен жергілікті өзін-өзі басқару;
D) Конституциялық басымдылықтың мүлде болмауы;
E) Тұлғаның сот арқылы немесе басқалай қорғалуы.
- Мына берілгендер қайсысы демократиялық принциптерге жатпайды?
A) Көпшіліктің билігіне қарамастан, азшылықтың мүддесін құрметтеу және ескеру;
B) Азаматтардың теңдігі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуы;
C) Заң шығарушы биліктің атқарушы және сот билігінен үстем болуы;
D) Парламенттік институттардың болуы;
E) Елбасының сайлануы.
- «Біз барлығының құқықтарының теңдігі сақталатын полиэтникалық мемлекет құрамыз. Бұл бағытта Президент Конституцияның кепілі ретінде, яғни 130 ұлттар мен халықтар алдында тұр» деп айтқан кім?
A) АҚШ Президенті Б. Клинтон;
B) Ресей Президенті В. Путин;
C) Франция Президенті Ж. Ширак;
D) Қазақстан Президенті Н. Назарбаев;
E) Түркия Президенті С. Демирель.
- И.Г. Фихте бойынша, эфорат атты айрықша органның басты функциясын көрсет.
A) Заң шығарушы;
B) Атқарушы;
C) Сот;
D) Тыйым салдырушы;
E) Сыртқы саяси функция.
- XIX ғ. екінші жартысындағы Ресейдегі саяси ойлардың көрінісінен алшақ тұрған жауапты анықта.
A) Революциялық демократизмнің пайда болып, утопиялық социализммен ұштасуы;
B) Маркстік идеялардың таралуы;
C) Феодалдық және буржуазиялық мемлекеттің сынға алынуы;
D) Қайта құрушы құрылымды қолдамау;
E) Еуразиялық идеяның пайда болуы мен таралуы.
- Идентитарлық демократия концепциясының авторы кім?
A )Ш.Л. Монтескье;
B) Ж.Ж. Руссо;
C) Дж. Локк;
D) М.Ф. Вольтер;
E) Т. Гоббс.
- И.Г. Фихтенің ойынша, өзінің ең жақсы еңбегі қайсы?
A) «Барлық шыншылдықтың сыналуы»;
B) «Ғалымның тағайындалуы»;
C) «Жабық сауда-саттықты мемлекет»;
D) «Адамның тағайындалуы»;
E) «Ғылым оқудың қағидаттарына сай табиғи құқық негіздері».
- «Өмірбақилық бейбіт» атты трактаттың авторы кім?
A) Г.В.Ф. Гегель;
B) И.Г. Гердер;
C) И.Г. Фихте;
D) И. Кант;
E) Ф.В. Шелинг.
- Қазіргі заман демократия теориясының негізінде Руссоның концепциясы анықталып тұр:
A) Бәсекелестік демократия;
B) Идентитарлық демократия;
C) Репрезентативті (өкілділік) демократия;
D) Қатысушылық демократия (партиципаторлық);
E) Классикалық либерализм демократиясы.
- Жаңа заман саяси оқуларына жатпайтын анықтаманы табыңыз.
A) Либералды саяси концепциясының қалыптасуы;
B) Биліктің тармақталуына дәлелдеме жасау;
C) Құқықтық мемлекет концепциясы;
D) Дін мен мемлекеттің саясаттағы рөлі;
E) Құндылықтар сараптамасы мен буржуаздық механизмнің жүзеге асуы.
- Насихаттау арқылы халықты революцияға бағыттамақшы болған, орыс халқының өкілі.
A) М. Бакунин;
B) П. Ткачев;
C) П. Кропоткин;
D) П. Лавров;
E) Н. Михайловский.
- XX ғ. Орыс интелегенциясының даңқты қайсы өкілі «веховтар» қозғалысына қатыспаған?
A) Л. Троцкий;
B) Н. Бердяев;
C) И. Ильин;
D) С. Булгаков;
E) П. Струве.
- Мемлекет пен құқық туралы ойлары жинақталған Дж. Локктың еңбегін көрсет.
A) «Левиафан»;
B) «Басқару туралы екі трактат»;
C) «Азамат жайлы»;
D) «Тәжірибе санасының сыналуы»;
E) «Христиандық дінге деген тәлім-тәрбие».
- Саясат пен моралділіктің байланысы көрсетілген кезеңді тап.
A) Антикалық;
B) Ортағасырлық;
C) Жаңа заман;
D) Қазіргі заман;
E) Буржуаздық революция кезеңінде.
- Тарихта белгілі болғандай, саясатта моралділіктен арылу соңында…….
A) Қоғамның дамуына алып келеді;
B) Шынайы өмірге кері әсерін тигізеді;
C) Саясат пен мораль қарым-қатынас мәселелерінің тарылуына әкеледі;
D) Халықаралық қатынастардың даму жылдамдығын өсіру;
E) Демократияның қалыптасуына әкеледі.
- «Адам еркін болып туылғанымен, қоршауда болады» деп айтқан кім?
A) Платон;
B) Т. Гоббс;
C) Ж.Ж. Руссо;
D) К. Маркс;
E) Н.А. Бердяев.
- Ж.Ж. Руссо «Мемлекеттің жүрегі» деп көрсеткен….
A) Білімді монарх;
B) Халық;
C) Заң шығарушы билік;
D) Бюрократия;
E) Еркін азаматтардың қауымдастығы.
- М.Ф. Вольтер қандай басқару формасының жақтаушысы болды?
A) Тікелей демократия;
B) Өкілділік демократия;
C) Қауымды-өкілді монархия;
D) Абсолютизм;
E) Аристократия.
- Келесі тезис: «билікте екі тұлға бар, оның ішінде әлеуметтанушылар ешкімді көрмейді, ал саясаттанушылар біреуін көріп тұр» қай теорияны жақтаушыларына байланысты?
A) Шумпетерлік теория. И. Шумпетер;
B) Элитарлық теория. Р. Миллс. Р. Михельс;
C) Неоэлитарлық теория. П. Бахрах. М. Барац;
D) Плюралистік теория. Р. Даль. А. Бентли.
E) Неоплюралистік теория. А. Лейпхарт.
- Партиципаторлық демократияның теориясы деп:
A) Жергілікті халықтың білімділігін арттыру;
B) Халық билігінің теориясынан алшақтатылуы;
C) Әлеуметтік прогресске алып келеді;
D) Халықтың саяси белсенділігінің артуы;
E) Ғылыми-техникалық революция (Интернеттің пайда болуы, электрондық пошта, спутниктік байланыс).
- Консервативті саяси ойдың «Библиясы» деп…
A) «Басқару жөніндегі екі трактат»;
B) «Заңдар рухы»;
C) «Мемлекеттердің шекарасын орнату тәжірибесі»;
D) «Француз революциясы жайлы ой толғаулар»;
E) «Ескі тәртіп пен революция».
- Орыс анархиясының «Әкесі»:
A) В. Ленин;
B) М. Бакунин;
C) Л. Троцкий;
D) А. Керенский;
E) Ф. Достоевский.
- «Демократиялық социализмнің» негізіне өзінің көзқарастарын жатқызған неміс социал-демократиясының теоретигі кім?
A) Э. Бернштейн;
B) К. Маркс;
C) Р. Люксембург;
D) К. Мангейм;
E) В. Гумбольдт;
- «Мен афиндық немесе коринфяндық емеспін, мен космополитпін» деп айтқан кім?
A) Демокрит;
B) Диоген;
C) Сократ;
D) Платон;
E) Аристотель.
- Орыс философы, неолиберализмнің теоретигі:
A) Н. Бердяев;
B) Б. Чечерин;
C) И. Ильин;
D) П. Новгородцев;
E) В. Ленин.
- Әлемдік саяси үдерісті зерттеудегі саясаттың алатын орнын көрсетіп кеткен, географ, ағылшын ойшылы:
A) Б. Спенсер;
B) Дж.Ст. Милль;
C) У. Черчиль;
D) Дж. Остин;
E) Х. Маккиндер.
- Қазіргі заман христиандық демократияның «Конституциясы» болып табылады:
A) «Мұрагерлік» Ж. Мелье;
B) «12 мақала» Т. Мюнцер;
C) Арыстан ІІІ әкесінің энцикликасы «Барлығынан да ауыр»;
D) «Христиандық сенімділіктегі ағартушылық» Ж. Кальвин;
E) «Кешірімділік» Августин Аврелий.
- Меритократия теориясының негізін қалаушы ағылшын ғалымы:
A) М. Янг;
B) Р. Маккензи;
C) Ж. Блондель;
D) Л. Миллс;
E) Т. Карлейль.
- «Өмір, Бостандық, Меншік» деп айтқан кім?
A) Т. Гоббс;
B) Дж. Локк;
C) Ж.Ж. Руссо;
D) Г. Гроций;
E) Н. Маккиавелли.
- «Өмір, Бостандық, Бақытқа ұмтылу» деп айтқан кім?
A) Д. Вашингтон;
B) Б. Франклин;
C) Т. Пейн;
D) Дж. Мэдисон;
E) Т. Джефферсон.
- Адамдардың құқығының бастауы болып..
A) Адам құқықтарының жалпы деклорациясы;
B) Адами ар-ұят;
C) Адамдардың теңдігі;
D) Ұлтшылдықты құрту;
E) Адамдардың азат болып туылуы.
- 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық маңызы бар құқықтық құжат қабылданды, ол –
A) Ұлы еркіндік хартиясы;
B) Құқық туралы билль;
C) Адам құқықтарының жалпы декларациясы;
D) Құқық туралы петиция;
E) Құқық туралы билль.
- Ұлы еркіндік хартиясы – бұл
A) Құл иеленуші кезеңіндегі құжаттар жинағы;
B) 1679 ж. құлдарға ең жақсы бостандық беретін Акт;
C) Феодализм тұсындағы құқықтық құжат;
D) Шенеуніктердің қыспағын шектейтін құжат;
E) Салт-дәстүрлер жинағы.
Жауаптары қайда