ҰСТАЗДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ 5 ДЕРЕК

1.«Педагог» сөзі көне грек тілінен енген. Оның тікелей аудармасы «баланы жетектеуші» деген ұғымды береді. Көне Грекияда педагог деп ұстазды емес, баланы мектепке жетектеп барып, сосын кері алып қайтатын құлды атаған. Педагог қызметіне қолынан ауыр іс келмейтін құлдар таңдап алынған екен.

  1. АҚШ-тың федералды жалауы ел құрамына әркез жаңа штат қосылған сайын өзгеріп отырған. Нақтырақ айтар болсақ, жалаудағы жұлдыздар саны сатылы түрде біреуге арта берген. Соңғы рет 1960 жылы Аляска мен Гавайя штат ретінде қосылған кезде өзгереді. АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр 17 жасар мектеп оқушысы Роберт Хафт жіберген нұсқаны ресми ел жалауының дизайны ретінде қабылдайды. Ал Роберттің ұстазы оның сызбасына «- 4» деген баға берген еді. Ол егер АҚШ президенті бұл дизайнды қабылдаса, өзі қойған бағаны да өзгертетінін айтып мысқылдаған екен. Сосын Роберттің әзілқой ұстазы үй жұмысына қойған бағасын өзгертуіне тура келіпті.
  2. «Мұғалімдер қолынан өзге жұмыс келмегені үшін ұстаздық етуге келген жоқ. Керісінше қолынан кез келген жұмыс келетін адамдарды тәрбиелеп шығаруды мақсат еткен» Джек Лондон, америкалық жазушы
  3. Пенсильвания университетінің ғалымдары 1972 жылы мектеп ұстаздарының еңбегін жоғары күйзеліске алып келетін өрт сөндіруші, ұшақты сынақтан өткізуші сынды манандықтар қатарына қосу керек екенін мәлімдеген.
  4. Жапонияның императоры Сёва өзінен кейінгі ең үлкен жалақыны ұстаздарға тағайындаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *