Улы және зиянды өсімдіктер

Улы және зиянды өсімдіктер
Құрамында алкалоид, глюкозид, сапонин тағы басқа заттары бар өсімдіктерді улы өсімдіктерге жатқызыады. Улы өсімдіктер барлық жерлерде кездеседі. Бір өсімідктің құрамындағы у мөлшері оның орналасу жағдайына , яғни қошаған ортасына қарай әр түрлі өзгереді. Улы өсімдіктер жануарларға әртүрлі әсер етеді: Біреулері жүйке жүйесіне, кейбірі – асқорту жүйесіне, тағы біреулері-жүркке және тағы басқа. Зиянды өсімдіктер сүт сапасын төмендетеді, жүн сапасын нашарлатады, ауыз қуысын жаралайды. Өсімдік құрамындағы уу мөлшері орналасу жағдайына, вегетациялық периодына байланысты өзгеріп отырады. Сарғалдақ тұқымдастары гүлдеген кезде өте улы болады. Сарғалдақ тұқымдастары көп жылдық өсімідктер. Тамыры бір –біріне жалғасқан түйнектерден тұрады. Тік сабақты, қалың түктелне, биіктігі 70 см-ге дейін. Қатқыл жалаңаш жапырақты, жұмыр гүлді. Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы, субальпілік және альпілік белдеулерде таралған. Олар шабындық жерлерде, тау беткейлерінде, өзен жағалауында, бұталар арасында өседі. Көбінесе вегетативті көбейеді. Өсімдік толығымен улы., әсіресе тамыры. Барлық органдарында 3% алколоид және өте улы акотин болады.1 кг тірі салмаққа 0,02….0,05 мл мөлшері ең қауіпті деп саналады. Тамыр қайнатпасын көптеген медициналық препараттарда пайдаланады.
Үлкен басты ошаған- астралықтар тұқымдастарының көп жылдық өсімдіктері. Сабағы 40-80 см., түктермен оралған, жапырағы тікенді, торлы-түкті. Кавкездың альпілік шабындығындағы қатаң өсімдіктердің бірі. Сәуір-мамыр айларында бүршіктеніп, тамызда гүлдейді. Тұқыммен және вегетативті жолмен көбеіеді. Бірінші жылы кішкене жапырақтар мен негізгі темырлар қалыптасады. Жас тамырдың 9-10 см кесінділерінен де көбейе алады. Кәдімгі ошаған- астралықтар тұқымдасының екі жылдық өкілі. Сабағы 40-80 см тікенді. Жапырағы ұзынша, тілімделген, қатқыл тікенмен аяқталады және жапырақ үсті де ұсақ тікендермен қапталған. Гүлдері сабақ басында орналасқан. Шабындықтарда, жол бойында, орман шеттерінде өседі. Ірі қара мал оны тікені үшін жемейді. Шабындық ошаған- Астралықтар тұқымдасының шашақ тамырлы, биіктігі 50-130 см болатын көп жылдық өкілі. Тамыр жүйесі өте мықты, 2-4 м тереңдікке дейін жетеді. Төменгі жапырақтары гүлдеген соң түсіп қалады., ал негізгі жапырақтары сабақтың жоғарғы бөлігінде орналасады. Олар ұзынша келген тікенектермен жиектелген, үстіңгі беті жасыл, асты ақшыл жасыл түсті. Барлық жерде дерлік өседі. Құрғақшылық пен суыққа аса төзімді. Тұқыммен және тамыр үлескелерімен көбейеді. Өте ерте көктейді. Шілде темыз айларында гүлдеп, ұрық шашады. Өте шырынды өсімдік. Гүлдегенге дейін көп мөлшерде протеин сақтайды, ол гүлдеу укезінде күрт азаяды. Каротин де болады. Жас күйінде оны барлық мал жей алады. Ал ересек ошаған жануарларға зиян келтіреді. Жапырағының жиегіндегі тікендері малдың ауыз қуысының сілемейлі қабатын бұзады. Жайылма кекіре- биіктігі 20-75 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жер астында кең жайылып, бүршіктер береді. Осылай көбейеді. Тік, қырлы, толығымен бұтақшаланған, сабақты және жапырағы өте жиі орналасқан. Ақшыл қызыл түсті гүлшоғырлары сабақ пен бұтақтарының ұшында орналасқан. Барлық жерде кездеседі. Әсіресе өзен көлдің жағасында, шөлді далаларда, теңіз деңгейінен 2800 м жоғары орналасқан тау беткейлерінде арамшөп ретінде өседі. Құрғақшылыққа аса төзімді. Өсімдік барлық күйінде улы. Әсіресе жылқы малына өте зиянды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *