Жабықтұқымды өсімдіктер
1. Жабықтұқымды өсімдіктерге сипаттама.
2. Гүлге сипттама.
3. Классификациясы.
Гүлді өсімдіктерде тұқым жемістің ішінде жетіледі, сондықтан гүлді өсімдіктерді жабықтұқымдылар деп атайды. Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Бұл жер бетінде қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктерге қосарынан ұрықтану тән. Гүл жабықтұқымды өсімдіктердегі қысқарған, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және процесі өтеді. Тозаңданып ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске айналады. Гүлдегі аталықтар жиынтығы — андроцей, аналықтар жинтығы — геницей деп аталды. Гүлдің құрылысн ықшамдап көрсету үшін оны арнаулы формуламен белгілейді. Формулада гүл бөліктері шартты таңбалармен белгіленеді. Мегаспорагенез және мегаметогенез. Тозаңдану жолдары. Жабық тұқымдылар өте ертеден қос жарнақтылар және дара жарнақтылар кластары болып екіге бөлінеді. «Қосжарнақтылар класы » Қосжарнақтылар класының түрлерінің саны 200 мыңнан астам болады. Қосжарнақтылар класының ерекшеліктері: Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шаңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады. «Даражарнақтылар класы». Даражарнақтылар класы 4 класс тармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. Жер бетінің барлық континенттерінде кең таралған.
Даражарнақтылар класының ерекшеліктері: Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырларының орнына қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз, тамыр жүйесі көп жағдайда шашақ тамырлы. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады. Флоемасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанла ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады. Ксилемасы флоеманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.