Өндірістік уланулардың алдын алу шаралары

Өндірістік уланулардың алдын алу шаралары

Гигиеналық реттеу. ҚР Үкіметінің «О запрещении использовании в Республике Казахстан экологически вредных пестицидов и порядке их захоронения» №439 қаулысы 15.04.96 бойынша тұрақты және жоғары улы пестицидтерді қолдануға тыйым салынады. МСЭҚ органдарымен «Пестицидтер», «Нитраттар» Бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқаулар бекітілген.
Кәсіптік, әсіресе созылмалы уланулармен күресудің маңызды шарасы жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың (газ, бу, аэрозоль) концентрациясын гигиеналық реттеу, яғни шектеліп рұқсат етілген концентрацияларды қабылдау болып табылады.
Оларды санитарлық қадағалау органдары бекіткеннен кейін рұқсат етілген концентрациялар міндетті болып саналады.
Санитарлық нормативтік құжатнамада ШРЕК келесідей қабылданады: «Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациялары – бұл 8 сағаттық немесе т.б. уақыт ішінде күнделікті,бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес жұмыс атқарғанда (демалыс күндерінен басқа) жұмыс барысында немесе осы немесе болашақ ұрпақтар өмірінің алшақтатылған мерзімдерінде зерттеудің қазіргі әдістерімен анықталатын ауруларды және денсаулық жағдайының ауытқуларын туындатпайтын концентрациялар». Осымен байланысты ҚР-да МСЭҚБ тұсында жаңа химиялық заттарды нормалау бойынша комитет құрылды.
Гигиеналық стандарттау. Бұл химиялық қоспалардың рұқсат етілген мөлшерін анықтау, Мемлекеттік стандартқа, уақытша немесе тұрақты техникалық шарттарға өнделген шектеулерді енгізу арқылы олардың құрамын бақылау.
Құрамында өте улы қоспалары бар, кең таралған және белгілі өнімдердің бірі органикалық еріткіштер болып табылады. Мысалы, мұнай қойнауына және бензин алу тәсіліне байланысты оның құрамындағы ароматтық көмірсутек мөлшері 3-тен 40-50%-ға дейін ауытқиды.
Гигиеналық реттеуде, әсіресе гигиеналық стандарттауда санитарлық химияның маңызы зор. Ол химиялық қоспалардың, синтез өнімдерінің, талдау әдістерін, химиялық қосылыстардың және тауарлардың құрамындағы улы қоспаларды, сонымен қатар қоршаған ортаның газды, бу-ауалы қоспаларды, әсіресе жеке қосылыстардың немесе көптеген синтетикалық материалдардың деструкциясы кезінде анықтаудың өте сезімтал әдістерін жетілдіреді.
Техникалық шаралар.
1. Технологиялық процестерді автоматтау және механизациялау
2. Алыстан басқаруды ұйымдастыру.
3. Зиянды өндірістік процестерді (заттарды) зияндылығы аз заттарға
ауыстыру.
4. Технологиялық процестердің тұйық циклдерін орнату.
5. I және II қауіп класқа жататын химиялық заттармен жұмысты роботтау.
Санитарлық-техникалық шаралар. Ауа ортасы процестердің үздіксіздігінің бұзылысы кезінде, жұмыс жүктемесі артық болса ластанады. Сондықтан химиялық заттардың зиянды әсерінің профилактикасында ұтымды жасанды желдету маңызды орын алады. Желдетуші құрылғылар бөлінетін газ, бу, шаң түзілу уақыты мен орнында жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрацияларын сақтай отырып, шығарылуын қамтамасыз ету керек.
Қазіргі кезде өндірістің көптеген процестерінің және аппаратураларының толығымен тұмшаланбағандықтан, ауа ортасы бірқатар жағдайларда улы заттармен ластанады. Кәсіптік уланулар және аурулармен күресуде зиянды процестерді оңашалау және өндірістік бөлмежайларды ұтымды жоспарлау мәселелері шешілуі керек.
Аса зиянды операциялар мен технологиялық процестер ортақ өндірістік жайлардан (реакторлар, насостар, компрессорлар т.б.) оқшаулануы тиіс. Жұмыс жайларының ішкі өңделудің үлкен маңызы бар. Қабырғалардың, едендердің, төбенің жабу материалдарын таңдаған кезде ғимарат қорабының химиялық заттарды сорбция және кейінгі десорбция мүмкіндігін ескеру керек.
Сондықтан ішкі жабу және өндірістік жайларды өңдеу материалдарын таңдаған кезде сынап-күкірт және т.б. жұмыс істегенде құрылыс материалдарын қорғайтын жабындыларды (полихлорвинил, пластик т.б., сонымен қатар сорбция процесіне кедергі болатын химиялық қоспаларды) пайдалану керек. Құрылыстау кезінде өте улы заттар өндірісінде едендерді, қабырғаларды және төбені жуу және дегазациялау үшін құрылғылар ескерілуі тиіс.
Санитарлық-гигиеналық шаралар. Санитарлық-гигиеналық шаралардың ішінен жұмысшылардың еңбегі мен демалысын дұрыс ұйымдастырудың зор маңызы бар. Кумуляцияға қабілетті заттармен жұмыс істегенде таза ауада табиғи және климаттық жағдайларды және витаминдерге бай тамақтануды ескеріп, демалысты ұйымдастыру үлкен мәнге ие.
Зияндылық бойынша компенсациялау кең тараған. Оған жататыны: жұмыс күнін қысқарту, қосымша демалыстар, арнайы тамақтану және ерте зейнетке жіберу. Бұлар ауа ортасын және еңбек жағдайын сауықтандыруда қосымша ретінде қолданылады.
Сұйық және себілетін денелерді тасымалдауды механизациялауды, тиеу және төгу операцияларын автоматтауды, жұмысшылардың улы заттармен тікелей қатынасын болдырмауды, ұтымды және қауіпсіз жабдықтарды пайдалануды, улы заттарды улы емес немесе улылығы аз заттармен ауыстыруды енгізу керек.
Өндірістік улануларды төмендетуде нәтижелі лактар мен бояулар құрамындағы бензол, дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі сияқты улы заттарды қолдануын шектеу болып табылады.
Жеке қорғаныс құралдары. Жұмысшылардың тыныс алу мүшелері мен терісі арқылы енетін өнеркәсіптік улардың тікелей әсері әлі де қауіпті болып саналады. Бұл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін әр түрлі жүйедегі газқағарлар мен респираторлар бар: сүзгіш газқағарлар — бөлек улар мен олардың қоспаларынан қорғайды, ауада оттегі жеткілікті болғанда қолданылады; оқшаулағыш газқағарлар – оттегі жеткіліксіз болғанда немесе зиянды бу мен газдың өте жоғары концентрациялары кезінде (апаттық жағдайларда) қолданылады.
Теріні қорғаудың маңызы үлкен, себебі оның аурулары (дерматиттер, экземалар) кейбір өндірістерде барлық кәсіптік аурулардың негізгі құрамдас бөлігін алады.
Қолдың терісін қорғау үшін қолғаптардан, арнайы киімнен басқа биологиялық қолғаптар типіндегі гидрофобты, гидрофильді қорғаныс майлары, химиялық дезактивациялау заттары, ластарды жуатын бірқатар заттар қолданылады.
Химиялық заттардың зиянды әсерінен көзді қорғау үшін әр түрлі көзілдіріктерді, сонымен қатар қорғаныс экрандарды қолданады.
Жеке қорғаныс құралдарымен бірге ластанған теріден химиялық ластарды жоюын қамтамасыз ететін өндірістік жайларды жабдықтау керек.

Емдік-профилактикалық шаралар.
Медициналық қараулар. Улы қосылыстармен жұмыс істейтіндердің жұмыс жағдайын жүйелі түрде бақылау – кәсіптік созылмалы уланулар мен аурулардың профилактикасында маңызды звено болып табылады. Қазіргі кезде жұмысқа орналасқан кезде міндетті және көптеген химиялық заттармен жұмыс істеген кезде жүйелі медициналық қараулар қабылданған. Улы заттардың, өндірістердің және кәсіптердің сәйкес тізімдері ҚР ДСМ-мен реттелген (№243 бұйрық, 12.03.04). Бұл тізімдерде олардың ықпалы таралатын химиялық заттар, өндірістер және кәсіптер тізімі, жүйелі медициналық қараулардың мерзімдері, оларға қатысатын мамандар және қажетті зертханалық зерттеулер тізімі, сонымен қатар бұл жұмысқа алу және оны жалғастыруға қарсы көрсеткіштер берілген.
Жүйелі медициналық қарауларды жүргізудің басты міндеті – созылмалы улану немесе ауру белгілерін ерте анықтау. Жүйелі медициналық бақылау профилактикасына, ерте диагностикасына және терапиясына жағдай жасап, кәсіптік уланулар мен аурулардың симптпомдарын анықтауға және нақтылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге едәір контингенттер денсаулығын жүйелі бақылау жұмыс аймағының ауасындағы улы заттардың концентрацияларын салыстырған кезде ШРЕК дұрыстығын және оны түзету қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі ережелеріне, улы заттармен жұмыс істеу тәртіптеріне үйрету, өмірге қауіпті қондырғылар мен процестерді тиісті ескерту жазуларымен, нұсқауларымен қамтамасыз ету профилактикалық шаралардың маңыздыларының бірі болып табылады.
Емдік-профилактикалық тамақтану. Кәсіптік уланулар мен аурулардың жеке профилактикасына химиялық өнеркәсіп жұмысшыларының белгілі бір топтарының ұтымды тамақтануы болып табылады.
Емдік-профилактикалық тамақтану организмнің төзімділігін, удың әсерінен пайда болған бұзылыстарға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар ол жеке химиялық заттарға антитоксикалық әсер көрсетіп, олардың жиналуына кедергі жасап, шығарылуына мүмкіндік жасау керек.
Тамақтанудың көмірсулық сипаты бауырдағы гликогеннің құрамын жоғарлатып, оның барьерлік функцияларын, организмнің фосфор, хлороформ, циан қосылыстарына төзімділігін арттырады. Бірақ бұл рацион уланулармен күресудің әмбебап құралы болып табылмайды.
Тағам құрамындағы, зат алмасуға белсенді қатысатын минералды заттардың бірі болып, көптеген ағымына әсер ететін фактор ретінде кальций табылады. Оның рационда жетіспеушілігі организмнің көптеген уларға, әсіресе фторидтерге және майлар қатарының хлор алмасқан көмірсутегілеріне қарсы тұруын төмендетеді. Керісінше, тағамда кальцийдің жоғары мөлшері бұл интоксикациялар ағымын едәуір жеңілдетеді.
Темір препараттарын қолдану күкіртті және цианистый натриймен, сонымен қатар қанға әсер ететін кейбір улармен улану ағымын жеңілдетеді.
С витамині қорғасынның аз ерігіш қосылыстарын тез ерігіш қосылыс-тарына айналдырады. Аскорбин қышқылының, әсіресе кальций аскорбаты-ның зиянсыздандырғыш әсері бензолмен, фосформен, мышьякпен улану ке-зінде дәлелденген; организмнің гексахлорциклогексанға, тиофосқа, окта-метилге, күкірт көмірсутекке, фосгенге және т.б. уларға төзімділігін жоғарлатады.
В тобының витаминдері хлор алмасқан көмірсутектермен, плавик қышқылының тұздарымен, бензолмен, сынаппен, қорғасынмен, фтормен, күкіртсутекпен уланулардың ағымын жеңілдетеді. К витамині хлор алмасқан көмірсутектермен, бензолмен, сынаппен, қорғасынмен интоксикацияның ағымына әсер етеді; Р витамині кремний құрамдас шаңдардың әсері кезіндегі капилярлардың жоғарлаған өткізгіштігін төмендетеді. Д витамині кадмий интоксикациясы кезіндегі сүйек зақымдалуларын алдын алады.
Өнеркәсіптік улардың белгілі бір топтармен жанасатын жұмысшыларға ҚР Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Об утверждении норм выдачи молока, рационов лечебно-профилактического питания работникам за счет средств работодателя» Бұйрығы №170-п 29.06.05 қосымша емдік-профилактикалық тегін тамақтану ескерілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *