Пигименттерді Краус әдісі бойынша бөлу
Бұдан бұрынғы жұмыста бөліп алынған спирттегі пигменттер қоспасынан 2-3мл-дей ерітінді құйып алынып, оның үстіне 1,5-2 еседей артық бензин құйылады. Пробирканың аузын жауып, қатты сілкіп ерітіндіні араластырап, тұндырылады. Ерітінді тұнған сайын пробирканың жоғарғы бөліміне хлорофилдер жасыл түске боялған бензин жинала түседі. Бензинге хлорофилдердің боялып шығуы, оның бензинде ерігіштігін көрсетеді. Ал пробирканың төменгі спирт қабатында каротиндердің сары түсті ксантофилл қалып ертінді сары түске боялады. Ал каронтин хлорофилдермен бірге бензин бөліміне көшеді. Ксантофильдің хлорофилдерден толық тазарту үшін пробиркадағы ертіндіні бөлгіш воронкаға құйып, спирт бөлімі бөліп алады. Ксантофильдің толық тазартылғандығы спектроскоп арқы анықталады. Ксантофилл таза кезінде спектрокоп арқылы анықталады. Ксантофилл таза кезінде спектроскоп тек көк-күлгін сәулені ғана сіңіреді, ал қызыл сәулені сіңірсе, оның хлорофилден толық тазаланбағандығын көрсетеді.