Транспирация қарқындылығын салмақ (таразыда өлшеу) әдісі арқылы анықтау

Транспирация қарқындылығын салмақ (таразыда өлшеу) әдісі арқылы анықтау
Транспирация қарқындылығын анықтаудың үш түрлі (салмақ, көлем арқылы және салыстырмалы) әдістер тобы бар, бұл жұмыстан басқа, торзион таразысы арқылы анықтау қарастырылады.
Бұл жұмысты орындау үшін бірнеше жапырағы бар өсімдік өркенін су ішінде қырқып алады. Жапырақты өркенді су ішінде қырқуымыздың себебі, ауа тығынының сосуд талшық шоқтарында болмауы үшін жүргізіледі. Ал ауада қырқып алынған болса, қырқу кезінде жапырақтардың су сору күшіне байланысты сосуд талшық шоқтарына ауа еніп ауа тығыны түзіледі. Сол себепті өсімдік өркенінің төменгі сабағын суға батыра отырып, 4-5см бойы қырқылып тасталады.
Осылайша даярланған жапырақты өркенінің сабағын пробиркадағы судың ауаға булануын тоқтату үшін судың бетіне өсімдік майы құйылады. Осылайша даярланған пробирканы жіппен байлап, аптека таразысының төменгі сақинасына жіптің екінші ұшына байланады. Таразының екінші табақшасына гірлер салынып, салмағы 0,01 г дәлдікпен анықталып дәптерге жазып алынады. Бір сағаттан кейін қайта өлшеп салмағын анықтайды. Бұл кезде екінші салмақ бірінші рет өлшенген салмақтан кем шығады. Себебі өсімдік жапырағы пробиркадағы суды қабылдап, оны транспирацияланғандықтан салмақ кеміді. Алғашқы салмақтан кейінгі салмақты алып тастап, бір сағатта жапырақ өркенінің жұмсаған суының мөлшері табылады. Ол үшін төрт жағыда 10 см-ден келетін (100см2) шаршы қағазды қып аламыз да таразыға тартып, саомағын анықтаймыз. Мысалы: ол қағаздың салмағы 600 мг болсын.
Енді тәжірбиеде пайдаланған өркендегі әрбір жапырақты жеке қиып алып оның контурын қағаз бетіне салып қарындашпен сызып шығарады да, қайшымен қырқып алып жапырақ контурлаға түсірілген қағаздардың барлығын қосып, таразыда салмағы анықталады. Мысалы: 5 жапырақ контурының салмағы 300 мг шықты делік. Енді ол жапырақтардың ауданы мына пропорциямен табылады:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *