АСАЙМҰСА 

АСАЙМҰСА (лат. Abelia) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктер. Батыс Тянь-Шаньның тасты, шатқалдытау бөктерлерінде, әсіресе, аршалы, жаңғақты ормандардың арасында өседі. Қазақстанда қалқанды асаймұса (Abelіa corуmbosa) түрі бар. Оның биіктігі 2 – 3, кейде 4 м-ге жетеді. Бұтақтары ақшыл, кейде қоңырқай түсті. Жас өркендері қысқа, жіңішке, сырты қалың түкті болып келеді. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қандауыр немесе сопақша пішіндес, бүтін жиекті, ұзындығы 1,5 – 5 см. Ақшыл, қызғылт гүлдері қысқа гүл сағағына бекіп, сирек гүлді қалқанша-шоқпарбас гүлшоғырын құрайды. Жемісі қандауыр тәрізді, етті, бір тұқымды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Асаймұса сәндік гүл ретінде өсіріледі. Сүрегі өте қатты, олар әр түрлі бұйымдар (қамшысап, асатаяқ, мүштік, т.б.) жасауға пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *