1) Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің экологиялық мәселелері.
2) Қазақстандағы жануарлар әлемінің экологиялық мәселелері.
3) Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемі қорғау.
Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау. ҚР-ң Қызыл кітабы. ҚР-ң Қызыл кітабының құрылымы. Жануарлар мен өсімдіктерді ҚР-ң Қызыл кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі және Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай – күйі туралы мәліметтер жиынтығын, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шараларды қамтитын, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері тізбесінің суретті басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен бірге мезгілді жануарлар мен өсімдіктер әлемі мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жануарлар (омыртқалылар және омыртқасыздар) мен өсімдіктердің (жоғары және төмен) Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылықтағы қайраңын және айрықша экономикалық аймағын тұрақты немесе уақытша табиғи еркіндік жай-күйінде мекендейтін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері (шағын түрлері, популяциялары) енгізіледі.
Саны және орнықты тіршілік ету жағдайлары олардың өсімін молайту мен табиғи еркіндік жай-күйінде тектік қорын сақтау қаупін болдырмайтын шегіне дейін қалпына келтірген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері (шағын түрлері, популяциялары) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан алып тастауға жатады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының құрылымы.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы екі томнан тұрады: жануар (1-том) және өсімдіктер (2-том). Әр том бір кітап немесе бірнеше бөліктер (бөлімдер топтары немесе жеке бөлімдер бойынша) түрінде шығарылуы және қосымша ретінде — жануарлар мен өсімдіктердің құрып кеткен түрлерінің және шағын түрлерінің аннотация жазылған тізбесін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ереженің және жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің мәтіндерін қамтуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады, кез келген шетел тіліне аударылуы мүмкін.
Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сипаттау тәртібін тиісінше Қазақстан Республикасының Қызыл кітап жөніндегі Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялары (бұдан әрі — Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялары) белгілейді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жазылған жануарлар мен өсімдіктердің әрбір түрі (шағын түрі, популяциясы) үшін мынадай негізгі деректер келтіріледі: түрдің латын, қазақ және орыс тілдеріндегі атауы; мәртебесі; сыртқы түрінің бейнеленуі; Қазақстан Республикасында картаға түсірілген, бұрын және қазіргі таралуы; саны және оның өзгеру үрдісі; лимиттеудің негізгі факторлары және саны мен ареалының өзгеру себептері; жасанды, еріксіз және мәдени жағдайларда өсіру мүмкіндігі туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін популяцияның, түрдің тетік қорын сақтаудағы рөлі; қорғаудың қабылданған және қажетті шаралары; ақпарат көздері. Қажет болған жағдайларда сондай-ақ, организм дамуының жасы мен маусымдық ерекшеліктеріне тән (құрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсімдік бөліктері және басқалар) бейнелеуде келтіріледі.
Жануарлар мен өсімдіктерді Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және одан алып тастау тәртібі.
Жануарлар мен өсімдіктердің сол немесе өзге де түрін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және оның мәртебесін айқындау үшін оның санының қауіпті түрде қысқаруы, ареалының азаюы, тіршілік ету жағдайларының қолайсыз өзгерістері туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы куәландыратын кез келген басқа да деректер негіз болады. Халықаралық табиғат қорғау одағының жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерінің тізіміне енгізілген және Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізіледі.
Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу одан алып тастау туралы, сондай-ақ олардың әрқайсысына қандай да бір мәрте беру жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын қарайды. Жекелеген мәселелерді қарау кезінде Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жазбаша қорытынды әзірлеу үшін де, Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар отырысына қатысу үшін де зоология мен ботаниканың әртүрлі бөлімдері бойынша мамандарды тартады.
Жануарлар мен өсімдіктердің сол немесе өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу туралы ұсынымдарды Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің жобалары түрінде олардың мәртебесін көрсете отырып, жануарлар дүниесін қорғау өсиетін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.
Уәкілетті орган жануарлар өсімдіктердін сол немесе өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу немесе одан шығару туралы Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың ұсынымын белгіленген тәртіппен қарағаннан кейін жануарлар мен өсімдіктердің түрін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түр санатына жатқызу немесе сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерді басқа санатқа ауыстыру туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін енгізеді.
Комиссия:
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының зоологиялық және ботаникалық бөлімдерінің құрылымы туралы;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының зоологиялық және ботаникалық бөлімдеріндегі ақпарат көлемі туралы;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы томдарының бөліктерін шығарудың және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының дубликаттарының қайта шығарудың орындылығы туралы мәліметтерді қарайды.
Осы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялар уәкілетті органға жібереді.
Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың құрамына олардың жұмыс орындарына қарамастан, зоологиялық құрылымның және ботаникалық ғылымның негізгі бөлімдері бойынша жетекші мамандар кіреді.
Зоологиялық және Ботаникалық комиссиялардың қызметін ұйымдастыруды Уәкілетті ор
ган жүзеге асырады.