Азия елдерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары

 

Қапланқыр қорығы.
Қорық Үстірттің Оңтүстік-Батыс аймағында орналасқан. Ол Қапланқыр платасының үлкен бөлігін қамтиды (үлкен мысық-гепардтың мұнда өмір сүруіне байланысты, түркмен тілінен аударғанда Қапланқыр – «жолбарыс платосы» деп аударылады.) Қорықтың ауданы 570000 га құрайды.
Аймақтағы жабайы тұяқтылар мен гепардтарды қорғау мен қалпына келтіру үшін, қорық 1979 жылы құрылған. Қорықтың солтүстік және солтүстік-батыс жағынан екі заказник орналасқан: Сарықамыс (210400 га, 1980 ж құрылған) және Шахсенем (270000 га, 1983 ж құрылған. )
1981 жылдан бастап қорықтың ғылыми бөлімшесі Қапланқыр платосы мен соның қасындағы аудандардың табиғатын бақылау бастады. Қорықтың негізгі мақсаты – аймақ экосистемасының табиғи құрнамын сақтау мен қалпына келтірудің ғылыми негізін қалыптастыру болып табылады, яғни Унгуз Қарақұмы, Сарықамыс ойпаты және Амударияның ежелгі атырауы.
Физика-географиялық жағдайы.
Қапланқыр қорығы мен оның заказниктерінің негізгі аймағы Үстірт пен Сарықамыс физика-географиялық аумақтың шөлдік солтүстік зонасында орналасқан.
Аумақта үш өзіндік физика-географиялық аумақтар бар: Сарықамыс ойпаты, Унгуз Қарақұмы және Қапланқыр платосы.
Қапланқыр платосы – бұл ежелгі аккумулятивтік-теңіздік жазықтық, ол бор дәуірінде қалыптасқан. Плато сармат балшығы мен карбонатты тұқымды гипспен және лайдан тұрады. Үстірттің бұл аймағының абсолютті белгіленуі 75 м Шығыстан, 150-225 м батыстан.
Үңгірлерге негізгі қызығушылық байқалады. Қазіргі кезде 44 үңгір бар. Ең үлкен үңгірдің ұзындығы 200 м, биіктігі 9 м, 42-44 м тереңдікте орналасқан.
Қорық пен оның ішіндегі аумақтар Қарақұмның солтүстік климаттық аймағына жатады. Климаты тым континентальді және құрғақ. Күн жарығының ұзақтығы 3000 сағатты құрайды. Жылдық орташа температура 11,60, қаңтардың орташа температурасы -50, шілденікі 280. Максимум жоғары абсолютті температура 450, абсолютті төмен температура -320. Аймақтағы жауын-шашын жылына 100 мм, ал булану 1700 мм. Көктем-қыс мезгілдерінде жауын-шашын көп болады. Аязсыз мезгіл орташа жылына 200 кщүн , 100 жоғары температурадағы орташа тәуліктік күндер – 210. Солтүстік және солтүстік-шығыс желдер соғады, жылдық орташа жылдамдық 2-5,6 м/с. Көктемде желдің жоғары жылдамдығыбайқалады. Шөл далада құрғақ және ыстық климатта, қатты жел кезінде шаң борандары байқалады. Әдетте көктем мен жазда батыс, солтүстік-батыс және солтүстік желдер соққан кезде болады. Жылына шаң борандар 40 күнге дейін барады, ал олардың орташа ұзақтығы 300-350 сағатқа дейін созылады.
Қорық аймағында тұрақты өзен көздері жоқ. Тек көктемде, жауын-шашын көп болғанда ғана уақытша су көздері пайда болады. Бірақ олар қалай тез пайда болды, солай лезде жоқ болып қалады. Қорықтың оңтүстігіндегі көптеген құдықтардың тереңдігі 30-40 м. Ондағы су жоғары минералданған, бірақ жануарлардың ішуіне жарамды.
Өсімдіктері.
Ботаникалық-географиялық аймақтандырудың есебінен қорық аумағы екі ауданға бөлінеді. Қапланқыр платосы мен Сарықамыс ойпаты – қазақ ауданында; Унгуз Қарақұмы – Туран ауданының оңтүстік шөл аймағына жатады.
Қорық флорасының толық инвентаризациясы аяқталған жоқ, 37 отбасынан 231 жоғары өсімдік түрі анықталған.
Эфемер тобы 30% барлық түрді қамтиды. Бірақ вегетацияның қысқа мерзімділігне байланысты, олардың маңызы өсімдіктер өмірінде шамалы.
Үстірт және Каспийдің эндемикалары кездеседі, олар СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген: хивинская солынка, гумевник слабокалючий, клеоме НОЭ, цельнолистник туполистный, парнолистник туркменский, молочай жесткозонтиковый, мягкопладник критмолистный.
Қорықта өсімдіктің екі түрі кездеседі: құмдардағы бұталылар және платодағы жартылай бұталылар. Қорықта оңтүстіктен Унгуз Қарақұмы жанасқан, ауа негізінен ақсеуіл өседі. Сексеуілдің арасында жиі комдым және ұсақ жартылай бұталылардың әр түрлі түрлері кездеседі: вьюнок, полынь, астрагал.
Өсімдіктердің активті вегетациясы ақпанның соңғы күндерінен басталады. Содан кейін наурыздың ортасына таман құм бетіне эфемероидтар шыға бастайды. 10-15 күннен кейін ол гүлдеп, өңін өзгертеді. Сәуірдің 20 таман эфемерлердің жоғары дамуы басталады. Бірақ бұл көпке жетпейді, мамырдың басында эфемерлер құрай бастайды.
Жануарлары.
Қорық аймағы Палеарктиканың шөл-дала аумағының екі зоогеографиялық ауданына жатады. Оңтүстік Үстіртте орналасқан негізгі бөлік – қазақ зоогеографиялық ауданның Үстірт аймағына енеді. Қорықтың кішігірім бөлігі және екі заказнигі – Орта Азия шөл аймағының Тұран ауданына енеді.
Қапланқыр орналасқан оңтүстік бөліктегі, Үстірттің жануарлары арасындағы эндемизм нашар қалыптасқан. Омыртқалы жануарлардың көп бөлігі генетикалық Орта Азиямен байланысқан: джейран, толай, үлкен песчанка, қоңыр жаворонок. Унгуз Қарақұмы мен сарықамыс ойпатында ортаазия шөлейтті эндемикалары көп кездеседі. Сахараға ұқсас, сүтқоректілер арасында: бархан мысығы, қаракал, суслик және т.б. кездеседі.
Суда өмір сүретіндердің ішінде – жасыл құрбақа мен көл бақасы кездеседі. Рептилийдің 28 түрі анықталған: жылан – 9, кесіртке –18, тасбақа – 1.
Қоңыр варан, орта азиат кобрасы, панцирный генкончик және хентаун домалақбасы СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген.
Қорықта құстардың 213 түрі кездеседі, олардың ішінде 35 – шөл аймағында ұя салады, 38 – су жанында су салады, қалғандары – қыстайтын құстар. Шөлді далада үлкен жыртқыштардың құрамына алуан болып келеді: бүркіт, змеяяд, кургани, стервятник, балабан және т.б. Қорықта жиі фелин кездседі. Кішігірім аудандарда қызғылт және бұйра пеликандар кездеседі, олар СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген. Су деңгейінің жиі өзгеруіне және қатты дауылдардың әсерінен, олардың ұяларын шайып жібереді.
Сүтқоектілерідің фаунасында 50 түр бар, оның ішінде 5-уі СССР-дің Қызыл кітабына енгізілген: гепард, медоед, қарақал , джейран және мфлон.
Жытқыштар арасында түлкі, қасқыр, шакал, дала және бархан мысығы, ласка кездеседі,
Күз бен қыста балшықты жерлерде, қыстауға Қазақстаннан келген сайгактарды кездестіруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *