АСА — Жамбыл обл-ндағы Жамбыл ауд-ның орталығы, ауыл, т.ж. ст. Облыс орт. — Тараз қ-нан солт.-батысқа қарай 28 км жерде, Аса өзені аңғарына жакын орналасқан. Іргесі 1941 — 42 ж. Жамбыл — Қаратау т.ж-н салуға байланысты қаланды. 1973 ж-дан ауд. орталығы. Тұрғыны 8,5 мың адам (1997). Ауылда ауд. тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жүгері қалбырлау з-ты, астық және қант қызылшасын қабылдау пункттері, автобаза, “Аса” өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Ауылда аурухана, диірмен, емхана, сан-эпидемиол. ст., орта мектеп, муз. және спорт мектептері, бала бақшалар, т.б. мекемелер бар. А. ауылы арқылы Тараз — Ақкөл — Саудакент автомоб. жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдармен қатынасады.