Қазақтың алғашқы экран патшайымдары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Бұқаралық ақпарат құралдарыдағы гендерлік бейне.

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың алғашқы экран патшайымдары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.1.1  мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау;

Сабақтың мақсаттары

Әйел-аналарға құрмет

Бағалау критерийлері

1.Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты 1 сөйлеммен жеткізеді.

2. Мәтін тақырыбын бір сөз не сөз тіркесі, идеясын 1 сөйлеммен  білдіреді.

4.Мәтіндегі фактілерге қатысты 3 дәлел келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Көгілдір экран, ат тонымды ала қаштым…, тұңғыш т.б.

Құндылықтар

Үлгі тұтарлық тұлғалар

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Жанболат Ауыпбаев

«Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

     Мұғалім сабақтың басында оқушыларға

Мұғалім оқушыларға алда оқитын шығармаларына қатысты жаңа сөздерді таныстыру мақсатымен сөздікпен жұмыс ұйымдастырады. 

1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен тауып көр.

 

Сөздер

Мағынасы

Диктор

 

Телестудия

 

Телевизия

 

Гримдеуші-модельер

 

 

—           

 

 

Таныстырылым

 

Сабақтың ортасы

 

7  мин

 Мұғалім бүгін де  алдыңғы сабақты жалғастыратындығын, шығарманың келесі үзіндісін оқитындығын хабарлайды.

 

Жанболат Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан

 

«Диктор» деректі әңгімесінен үзінді

   Тілдік қорымызда “тұңғыш” деген сөз бар.   Түсіндірме сөздікте оған “ең алғашқы”,  “бірінші” деп анықтама берілген.  Егер осы ұғымды нақты  өмірмен қабыстырар болсақ, онда бұл тұңғыш ұшқыш, ғарышкер немесе тұңғыш фотограф, альпинист деген сияқты мамандық түрлеріне саяр еді. Ал, мұның өз кезегінде бізге сондай жандарды білуге, іздеуге жетелері анық. Туған еліміздің ауқым-аясымен алып қарағанда жоғарыдағыдай ізбасарлардың біразы көбімізге белгілі де. Белгісіздері ше? Мəселен,төл телевизиямыздағы тұңғыш қазақ дикторы дегенді алып қарайық. Иə, ол кім еді?! Қазір бар ма? Бар болса қайда? Мəселені жұмбақтамай, қиындатпай-ақ айтайық, ондай адам бар екен. Бар  болғанда да алыста емес, ару қаламыз  –  Алматыда тұратын болып шықты. Сонымен танысып қойыңыздар, көп жылдар бойы өзіміз өсіп, ержетіп, еңбек еткен сол   шаһарда сау-сəлемет ғұмыр кешіп жатқан ол кісінің аты-жөні – Лəзиза Аймашева! “Кез-келген адамның өмірінде өзі ерекше қастерлейтін, жақсы көретін бір күндері болады,– деп бастады апай əңгімесін.

 – Мен үшін сондай күн ол – 8 наурыз. Неге дейсің ғой? Айтайын. Осы күні мен шыр етіп дүниеге келіппін. Бұл қуаныш па? Қуаныш! Осы күн сонау ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде біз сияқты əйел затының халықаралық мейрамы болып жарияланған екен. Ол мереке ме? Мереке! Бұл аз десеңіз, міне сол күні, яғни, 1958 жылдың 8 наурызында мен жаңадан ғана құрылып, жұмыс істей бастаған Алматы телестудиясының дикторы болып тұңғыш рет көгілдір экранға шықтым. Бұл есте қаларлық оқиға ма? Оқиға! Міне, осындай үш сəтті жағдайға байланысты өз басым 8 наурызды жақсы көріп, оны əр уақытта асыға күтемін.

– Сонда қазіргі қазақ телевизиясының көрермендерге алғаш рет хабар берген күні 8 наурыз болғаны ғой.

– Иə. Дегенмен тарих үшін нақтылап айта кетейін,

 6  наурызда біз елге ілеспесөзбен Медеу мұз айдыны туралы шағын бір сюжет көрсеткеніміз бар. Бірақ бұл барлау, байқау ретіндегі хабар еді. Осыдан кейін жоспарлы түрдегі нағыз творчестволық жұмыс күні 8 наурызда жүзеге асырылды.

– Телевизияғадиктор боп қалай келдіңіз? Бұрын сіз осы саланың маманы ма едіңіз, жоқ əлде…

– Шынымды айтайын, бұл менің мүлде көрмеген, білмеген жұмысым еді. Студия, камера, микрофон деген сөздерді сол уақытқа дейін тіпті естімеппін де. Өйткені, мамандағым, атқарып жүрген жұмысым басқа салаға қатысты еді. Алматы медицина институтын бітіргенмен сол кезде орталық аптекада фармацевт-провизор болатынмын.

1958 жылғы қаңтар айының соңғы күндерінде міне, осы жерге екі кісі келіп кірді. Менімен қазақша сөйлескен олар: “Қыздарымыздың бəрі мына сіз секілді өз тілін жақсы білсе ғой, шіркін”,  –  деп мақтап, келесі күні мұнда қайтадан бас сұқты. Тағы да əңгімелесті. Ақыры бір аптадан соң бұл екі кісі Алматыда Қазақстандағы тұңғыш телестудия ашылғалы жатқанын, соған дикторлық қадам іздеп жүргендерін айтып, менен соған орай ұйымдастырылған конкурсқа қатысуымды сұрады.

– Кешіріңіз, бұл кісілер кімдер еді? Олардың аты-жөндері есіңізде жоқ па?

– Неге есімде болмасын. Біреуі ақын Жаппар Өмірбеков болатын. Кейін білдім ғой, ол кезде бұл кісі сол жаңадан ұйымдасып жатқан телестудияның бас редакторы екен. Ал, жанындағы адам сол телехабарлар тарату орталығының қызметкері Қадыр Дəуітов болып шықты. Жə…, енді жоғарыдағы əңгімеме қайта оралайын. Мен олардың конкурсқа түсуге шақырған өтініштерінен ат-тонымды алкаштым. Себебі, экранға шығу, телекамера алдында отырып текст оқу дегендеріңіз сол сəтте маған мүмкін еместей бір өте қиын шаруа болып көрінді. Сондықтан да төселіп, бауыр басып кеткен фармацевтік жұмысымнан артық ештеңе жоқ деп ойладым. Бірақ… иə, бірақ содан көп кешікпей мен өзіміздің аптека басқармасының бастығы Сəлкен Сұбханбердин ағамызға шақырылдым. Сəкең жоғары жақтан телефон соғылғанын, мемлекеттік маңызы бар мұндай мəселеден шет қалмай, сарапшылар комиссиясына барып шығуымның қажет екенін ескертті.

– Ол конкурста сонда сіздерге қандай талаптар қойылды? Үміткерлер көп болды ма? Байқаудан қалай өттіңіздер?

– Дикторларды таңдап алу сынына  100 –ге жуық адам жиналды. Дені – қыз-келіншектер. Жюри мүшелерінен есімде қалғаны: кейіннен республика кинематографистерінің басшысы болған Ғалымжанова апамызбен сол кездегі радио жəне телевизия хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Əбілғазин. Қалғандары жадымда жоқ. Ұмытыппын. Міне, сол сарапшылардың үміткерлерге қойған талаптары: сүйкімді кескін-келбет, ұнамды қимыл-қозғалыс, əуезді дауыс,айтқан сөзді қағып алып, бірден жаттап алатын зеректік, байсалды көзқарас еді. Мен жəне Нэлли Омарова, Зұлқия Жұматова үшеуміз ,міне, осының бəрінен сүрінбей өттік. Сөйттік те, əрі режиссер, əрі техник, оның үстіне гримдеуші-модельер Сəлима Естемесова апамыздың көмегімен студиядағы хабар оқу жаттығуына кірістік те кеттік. Содан 20  күн өткен соң көгілдір экранға шыққан жайымыз бар.

 

Үлестірме материал

 

3 мин

3-тапсырма. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықта.

Тақырыбы

Идеясы

 

 

 

 

 

 

 

 

кесте

 

 

 

7 мин

4-тапсырма. Кестедегі талаптарды негізге ала отырып,тыңдалым мәтініндегі астарлы ойды талда.

 

1 Көтерілген құндылық мәселесі

 

2 Осы мәселенің өзектілігі

 

4 Астарлы, тұспалды  ойы

 

5  Автордың көздеген мақсаты

 

6  Құндылыққа қатысты аргументтер

 

7   Құндылыққа қатысты   қарама-қайшылықтар

 

 

 

 

Салыстыру кестесі

5 мин

 

4-тапсырма. Мәтінде келтірілген фактілердің қайсысы мәтін идеясына байланысты екенін анықтап, ойыңды дәлелде.

Факті

Байланысты

Байланысты емес

Дәлел

1958 жылдың 8 наурызында мен жаңадан ғана құрылып, жұмыс істей бастаған Алматы телестудиясының дикторы болып тұңғыш рет көгілдір экранға шықтым.

 

 

 

Дикторлардытаңдапалусынына  100 –гежуықадамжиналды. Дені – қыз-келіншектер.

 

 

 

Қазіргі қазақ телевизиясының көрермендерге алғаш рет хабар берген күні 8 наурыз болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Оқыған шығарманың гендерлік саясатқа қатысы қандай?

Қазіргі қазақ қыздарында телеэкранға немесе әлеуметтік желілерде өздерін танымал етуге деген құлшыныс неліктен жоғары?

Қыз балалардың тым еркінсуі  ұлт пен мемлекеттің болашағына қауіпті емес пе?

 

Сабақтың соңы

2 мин

 

 

Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін бағдаршам әдісі арқылы бекітеді.

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

 

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *