САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||
Сынып: 10Т2 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||
Бөлім атауы: |
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Экспортқа шығарылатын өнімдер |
|||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
10.2.4.1 мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, оған түсініктеме беру; |
|||||
Сабақтың мақсаттары |
— Шығарманың бөліктерімен жұмыс жасау; — Мәтіннің мазмұны, идеясы, астарлы ойын талдау |
|||||
Бағалау критерийлері |
— мәтіндегі бөлімдерді, абзацтарды мазмұнына қарац ретімен орналастырады; — мәтіннің тақырыппен байланысын анықтайды; — негізгі идеясын талдайды; |
|||||
Құндылықтар |
Ашықтық, ұлттық құндылық, өзара ынтымақтастық, еңбексүйгіштік |
|||||
АКТ дағдылары |
Слайд, онлайн-сөздік |
|||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Өткен сабақтардағы оқушының білім-білік дағдыларының артуы, тілдік қолданыстары, сөздік қорларының дамуы |
|||||
Тілдік міндеттер |
Мәтінді тақырыппен байланыстырудағы ойын жеткізуге бағытталған тілдік қолданыстар: — әңгіменің тақырыбы; — мазмұны; — кейіпкерлердің іс-әрекеті; — негізгі ой; — түйін |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||
Сабақтың басы
5 мин |
Оқушылардың қызығушылығын ояту Бүгінгі сабақта қарастыратын шығарма мен автор туралы ой қозғау, әңгімелесу — Ыбырай Алтынсарин туралы білетіндеріңді 3 сөйлеммен жеткізіңдер. — Қандай шығармасы естеріңде бар? — Бүгінгі қарастыратын «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің біздің қарастырып жатқан бөлімге қатысын қалай түсіндірер едің?
Оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін талдау |
Слайд 1-2
|
||||
Сабақтың ортасы
8+2 мин
5+20 мин
|
Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің бөіктері жеке-жеке қиылып беріледі.
1-тапсырма Ж/Ж Оқушылар жұппен бірлесе абзацтар мен бөліктердің мағынасы мен мазмұнына қарай отырып, оиғаларды ретімен орналастырады.
Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара кебірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті.
Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:
— Сен Антонбысын? — дедім — Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.
Сөздікпен жұмыс. Оқушылар шығармамен танысу барысында таныс емес сөздерді дәптеріне жазып отырады. «Мен-саған, сен-маған» әдісі бойынша өзара сөздердің мағынасын бір-біріне түсіндіреді. (Мағынасын таба алмаған сөздерді мұғалімнің көмегінмен анықтайды)
2-тапсырма Т/Ж — Мәтіннің негізгі ойын бөлім тақырыбымен байланыстырыңыз. Себебін түсіндіріңіз. — Астарлы ойға қатысты тұжырым айтыңыз. Дескрипторлар: — Мазмұнына орай шығарманың бөліктерін ретімен орналастырады. — Мәтіннің негізгі ойын бөлім тақырыбымен байланыстырады, — Себебін түсіндереді. — Астарлы ойына қатысты тұжырым айтады. — Ойларын жүйелі жеткізеді.
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы топ жұмыстары бағаланады
Мұғалімнің кері байланысы |
https://wikisource.org/wiki/Дүние_қалай_етсең_табылады
шығарма мазмұны
Слайд 3 |
||||
Сабақтың соңы 5 мин
|
Кері байланыс. Оқушылар «бес саусақ» арқылы кері байланыс жасайды. Үйге тапсырма. Ыбырайдың шығармаларын қарастыру, танысу, оқу |
Слайд 4 Кері байланыс парағы |
||||
Қосымша ақпарат |
||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||
Дифференциация тапсырмаларда көрініс табады, Оқушылар жұппен де, топпен де жұмыс жасайды. Жоғары деңгейлі оқушылар топта қолдау көрсетеді.
|
Әр тапсырмадан соң бірін-бір бағалайды,топтардың бағалауы және мұғалімнің кері байланысы арқылы бағалау іске асырылады. |
АКТ — оқушыларға сабақ презентациясына қатысты мәлімет үшін пайдаланылады. Құндылықтар оқушы жұмысында көрініс табады, талдайды, байланыстырады, салыстырады. |
||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |