Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда. Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады ?»

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда. Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады ?»

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

Сауда мен көмек

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,

көтерілген мəселе бойынша өз ойын дəлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

Сабақтың мақсаттары

Лексикалық құрылымдарды қолдана отыра аргументативті эссе жазады

Бағалау критерийлері

Мақал-мәтелдер мен кілтті сөздерді орынды қолдана отыра аргументативті эссе жазады.

Дескрипторлар

•         Берілген сөздерді мәтіннен тауып мағынасын түсіндіреді

•         Тақырыпты ашатын аргументтер келтіреді

•         Аргументтерін мысалдармен дәлелдейді

•         Мақал-мәтелдерді дұрыс қолданады

•         Кілтті сөздерді орынды қолданады

Құндылықтар

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластыққа үйренеді. Бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды.

Азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеу

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

АКТ дағдылары

Интерактивті тақта қолданылады

Осыған дейін меңгерілген білім

Тілдік міндеттер

Оқушылар: ата заң тақырыбында оқушылар өз көзқарастарын білдіреді.

Пән лексикасы және терминология: Əмбебап дүкен, Сауда үйі, азық-түлік, кеңсе заттары, ыдыс-аяқ, керек, қажет                   Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:  Менің ойымша, меніңше, сізбен келісемін, бірақ … 

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқу мақсаттарымен танысады.

 

Слайд 1-4

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Жазылым алды тапсырма.  Мәтіннен берілген сөздерді тауып, мағынасын төменде берілген кестеге толтырыңыз.

Дүние қалай етсең табылады?

Ы.Алтынсарин

Француз жұртының бір білімді адамы жазады:

— 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, əр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда əрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, əдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:

— Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің жəне жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, əуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жыйып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң əуелі аздап, бара-бара кебірек, əр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты жəне еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі əйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың Антон, — деді де, жөніне жүріп кетті. Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды. 1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда əлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:

— Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?

Сонда ойыма түсіп, таң қалып:

— Сен Антонбысын? — дедім.

— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, — деді.

Сөздер

Мағынасы

Қайыр сұрау

 

Шүберек

 

Тіленші

 

Еріншектік

 

Аштық

 

Машақаттану

 

Бұйыру

 

Ісіне нық болу

 

 

Мұғалімнің кері байланысы. (Сөздердің мағынасы сыныпта мұғаліммен бірге талқыланады)

 

Жазылым тапсырмасы.

Берілген тақырыпта эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында берілген сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдануға тырысыңыз.

·         Еңбекқорлық табысқа жеткізеді деген пікірмен келісесіз бе?

 

Кілтті сөздер: қайыр сұрау, шүберек, тіленші, еріншектік, аштық, машақаттану, бұйыру, ісіне нық болу

Мақал-мәтелдер:

·         Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

·         Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

 

Дескрипторлар.

•         Тақырыпты ашатын аргументтер келтіреді

•         Аргументтерін мысалдармен дәлелдейді

•         Мақал-мәтелдерді дұрыс қолданады

•         Кілтті сөздерді орынды қолданады

 

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы бірнеше оқушы өз жұмыстарын оқиды.

«f» бағалау. «Сэндвич» әдісі арқылы бағаланады. Ұтымды тұсы / Ұсыныс / Ұтымды тұсы

Таратпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 5

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс. Берілген суреттен оқушылар өздерінің сабақта жеткен жетістігі бойынша, ағаштың қай жерінде отырғандығын белгілеп бояйды. Себебін түсіндіреді.

Үйге тапсырма:Жаңа сөздерді жаттау.

Слайд 6

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, жұптық жұмыс.

Топта бірлесіп оқыту.       

           

Тапсырмалардың өзара  байланысты  болуына  баса  назар аударылады.

Пәнаралық  байланыс – әдебиет

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *