Райдың оралуы #2

Райдың оралуы

САБАҚ:

Қазақ тілі мен әдебиеті

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т2

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Мұхит – тіршілік мекені

Райдың оралуы

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);

10.​1.​3.​1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

 

Сабақтың мақсаттары

Лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдей отырып дискуссивті эссе жазу.

Бағалау критерийлері:

 

—          Тілдік сипатына мән береді;

—          Көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді;

—          Лексикалық мағына құрылымын сақтайды;

—          Эссе құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету;

Терминология: Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминдер

Мектеп құндылықтары

Құрмет, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

География, биология

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kzсайты

 

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қан мен тер» шығармасы туралы жақсы біледі. Шығарманың өзектілігін дәлелдей алады.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту

 

5 минут

 

Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасы.

Қызығушылықты ояту.

Сюжеттік кесте» жаттығуы

1.Оқиғаның орны мен уақыты (қашан? қайда?)

2.Кейіпкерлері (кім?)

3.Оқиға (не болды?)

4.Мәселе ( байланысқа түсу, бұл оқиғаға не ықпал етті?)

5.Жасалған әрекеттің немесе оқиғаның салдары (шешімі)

Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері оқушыларға айтылады.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

 

Тапсырма. Берілген үзінді бойынша  дискуссивті эссе жазыңдар. Асты сызылғын сөздерді эссе жазу барысынды қолданыңдар.

 

Салыстырмалы  немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар менқатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.

Балықшылар қараңғыда қайдан шыққандарын білмесе де, қара дауыл қуған үлкен мұздың ілгері жағы бір тұйыққа тірелгенін сезген-ді. Таң атқасын болмаса, көз байлаған тастай қараңғыда қалай қарап жүрерін білмей, дағдарған кісілер аядай жерде иіріліп тұр. Онсыз да, түнде бет ашыққа шыққасын өкірген теңізде тоқымдай — тоқымдай мұздың бірінен біріне секіріп жүргенде Итжемес аяғы тайып, суға кеткен-ді. Онан басқа үш балықшы өлі-тірісі белгісіз, суға кетті ме, әлде ыққан мұзбен бет ашыққа көз асып кетті ме, оншасы әзір бұларға белгісіз. Қол-аяғы үсіген Құлтума қозғалуға шама жоқ, анадай жерде күресін мұздық ығында ыңырсиды. Әзір іштеріндегі тыңы — Еламан, Кәлен, Мөңке, Дос. Райдың аяғындағы қайыс етікке су өтіп, таң алдындағы сары аяз шыдатпай, жас жігіт жаурап Еламанға тығыла береді. Сонан бір кезде дауыл басылып, бозарып таң атты да төңірек көріне бастады.

─ Қаратүп!..

─ Әй, мынау Қаратүп қой!

─ Біз Қаратүптен шығыппыз.- Балықшылардың түрінен адам шошығандай. Сақал-мұрты мұз. Қасы, кірпігі, үсік шалған беттің әр түгі ақ қырау. Қаратүп шыңын көргесін бәрі жан-жағына сергек қарап, даурығып абыр-сабыр болды да қалды.

─ Әй, ана қарайған не?

─ Қайсы?

─ Әне! Әнекей!- деді де, Кәлен жүгіре жөнелді. Мөңке, Еламан, Рай, тағы бірнеше кісі оның соңынан жүгірді. Бұлар жақындағанда әлгі қарайғанның үстінен қарғалар ұшты. Кәлен жеделірек басып қасына келсе қарайғанның бірі түйеші Жалмұрат та, ал онан небәрі қол созым жерде көк мұзға қолын ілгері соза құлаған Сары бала…

─ Еламан, сен тезірек елге жет,- деді Кәлен,- біз жарымжан кісілерге бас-көз боп, осы арада қала тұрайық.

Еламан жөнеле берген-ді, Кәлен соңынан қуып жетіп, қолына мұз оятын темір сүйменді ұстатын жатып:

─ Мә, мынаны ал! Шың астымен жүресің ғой. Ит-құс кездесіп қап жүрер,- деген еді…

Еламан бұл жолы да үндемеді, ішіне не түйгені белгісіз. Көктайғақ мұзды табанына нәл қаққан ауыр етікпен кірш-кірш басып кетіп барады.

* * *

─ Осы сендер не ойлай — туң? Ал мен көресіні мына Кәленнен көріп жүрмін ғой. Болыстық қолыңа ұстаған қанды қара балта болса, әуелі Еламан мен Кәленге сілтесем қайтеді?- деді Құдайменде ағасы мен інісін оңашалап, ақылдасуға шақырып алып отырып.

Болыс болғалы ел аралап, ұзақ жүріп қап, сонан тек өткен түні қас қарая келген-ді. Ертең ел арасының тағы бір шұғыл шаруасымен жүретінін аңғартып отырып: «Ертеңгі шайды бізден ішерсіңдер, ақылдасатын шаруа бар»,- деп еді; ас-суы әзір үйге барам деп ойлаған софы көңілденіп келсе де, бірақ құр шайдан басқа тіске басатын ештеңе болмағасын қабағы түсіп кетті. Әңгімеге ықылассыз. Екі көзі сыпылдап ішке бір кіріп, бір шығып жүрген даяшы әйелде. Софы ағасының көңілін жер түбінен танитын жас мырза бұнда келгелі оны көзінің қиығымен бағып, мұртынан күліп отырған-ды.

─ Неге үндемейсіңдер?- деді Құдайменде,- Кәленді айдатсам қайтеді деп отырмын ғой?

─ Онымен ұстасып қайтесің? Ол ұры от алғалы тұрған қара мылтық. Өзіңді жазым етіп жүрмесін,- деді софы.

─ Е, ол мені қалай жазым ете — туң?

─ Ол арасын бір Алла біледі. Менің білетінім өзіңнің тыныштығыңды ойласаң, онымен тату бол.

─ Омай, шіркін- ау. Ол сондай-ақ кім екен?! Қолынан екі келсе, бірін қылсын. Олай десең бар- ау, оразамды ашпай тұрып, өзімнің құттыхана мешітімде, не тілеудің үстінде отырып айтайын, мен де оны аямасқа ант етем. Сібірге айдатам.

Дескриптор:

1.Бөлім тақырыбы мен шығарма үзіндісін үндестіру;

2.Тілдік оралымдарды орынды қолдану;

3.Эссе құрылымын сақтау.

 

https://kitap.kz/books/qan_men_ter_i_kitap

Сабақтың соңы

 

5 минут

 

 

 

Рефлексия  «PRES» тәсілі

1.    Позиция: «Менің ойымша,…  немесе  «Мен _______ деп санаймын»деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді.

2.    Негіздеу: «Өйткені…» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымның неге негізделетінін  түсіндіреді.

3.    Мысал келтіру: ойын «Мысылы…» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді.

4.    Қорытынды: ойын «Сондықтан мен ____________  деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді.

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *