АРЫСТАНДЫ — Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд-ндағы өзен. Сырдария алабындағы Шаян өз-нің оң жақ саласы. Ұз. 108 км, су жинау алабының ауд. 423 км2. Қаратаудың солт.-батыс беткейінен басталады. Бас жағында арнасы тар әрі тік жар болып келеді. Таудан шыға берістегі орташа су ағынының мөлш. 0,64 м3/с-ке жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толысады. Желтоқсанның аяғында қатып, наурыздың басында мұзы ериді. Суын егін суаруға пайдаланады. А. өз-нің аңғарын бойлай, батысқа қарай Арыстанды — Қарабас желі соғады.