Сабақтың тақырыбы: Отандық үздік фильмдер

Сынып: 10

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отандық үздік фильмдер

 

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.​1.​5.​1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау

10.​4.​3.​1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

Бағалау критерийлері

Мәтіндердің ұқсастықтарын анықтайды;

Мәтіндердің айырмашылықтарын анықтайды.

Құндылықтар

Сыйластық, құрмет;

Тілдік мақсаттар

Экспрессивті сөздер, толымсыз сөйлемдер, көпшілік қауым, мақала, әңгіме, сұхбат, эссе, хат, кіріспе, негізгі қорытынды, тезис, тақырып туралы ақпарат, театр көрермендері, термин, ырықсыз етістікті баяндауыш, ауыспалы осы шақтағы баяндауыштар, театр саласы қызметкерлері, оқушылар, режиссерлер.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақ киносы

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқылымалды тапсырмасы (1 минут)

«1 минут» әдісі

Оқылым тапсырмасы:

Ментальді карта (12 минут)

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

мәтіндерді салыстыру(20 минут)

Бағалау (5 минут)

Кері байланыс (2 минут)

Дереккөздер

https://www.google.kz/search;

alnost-teatra-v-sovremennom-mire(мәтін аударылып, өңделген)

Сабақтың басы

Оқылымалды тапсырмасы.

«1 минут» әдісі.

 Оқушылар мәтін талдауға байланысты өздері білетін тілдік ерекшеліктерді дәптерлеріне жазып шығады.

Мысалы, жанр – эссе, баяндама, әңгіме, ертегі,аңыз ;

 құрылымы – кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, тезис, абзац; тілдік құралдар – экспрессивті-эмоционалды сөздер, риторикалық сұрақ, қыстырма сөздер, сөйлемдер, етістіктің ауыспалы осы шағы;

мақсатты аудитория – көпшілік қауым, театр көрермендері, режиссерлер.

.

 

 

Сабақтың ортасы

 

Оқылым тапсырмасы.

ТЖ. Тапсырма. Мәтіннің жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы туралы ойларыңызды ментальді картаға түсіріңіздер. Жауаптарыңызды түсіндіріп айтыңыздар.

Дескриптор:

1.      Мәтіннің жанрлық түрлерін анықтайды.

2.      Мәтін құрылымын көрсетеді.

3.      Мәтіннің тілдік құралдарын белгілейді.

4.      Мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды.

Ж. Тапсырма:

Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясынсалыстырыңыздар.

Бағалау критерийі:

1.      Мәтіндердің ұқсастығын (1-2) анықтайды.

2.      Мәтіндердің айырмашылықтарын (2-3) анықтайды.

3.      Өз ойын дәлелді түрде жеткізеді.

 

А мәтіні. Бас театрдың бұрынғы бағы мен бүгінгі бабы…

04.05.2013

Тұңғышбай әл-ТАРАЗИ, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы

Мен – дерттімін… Менің «ауруым» – театр деген текті өнер, оның сиқыры мен сынын, сырын терген, бәтуалы бабы мен бақуатты бағын көрген, мұңын шерткен, парқын іздеген, көлденең көк аттының қанды қанжығасына сауға етпеуді көздеген, қадірі мен қасиетін көмескі көлеңкеде қалдырмай, шақырайған күнгейіне жеткенін көргісі келіп, шарқ ұрған шермендемін…

Ұлы Мұхаңның атын жамылған театрдың басынан не жағдайлар өтпеді?! Кешегі көзден кетіп, көңілден ұзай бастаған могикандарымыз шымылдығы мен бетін ашқан өнер ордасы алғашқыда аламанның сырласы мен мұңдасы, өртеңі мен ертеңі, арманы мен ар-ұяты, келешегі мен кермекті кешегісі бар, есте жоқ ескісіне қиял сапарын шектіретін нардай қара шаңырағы ширақ, ескегі есті, желкені жараулы, мықыны мықты кеме сынды болатын. Қаллеки мен Серке, Елағаң мен Құрағаң, Әміре мен Иса, Жұмат, Қапан, Қажымұқандар көтерген «кірдің» тасы қырқыншы жылдарға дейін алғашқы, ілкі мәре-маягінен адаспай, атпал толқыны аударылып-төгілген алмағайып, алып мұхит сынды заманында ауытқымай, еркін жүзіп, жоталы-төбелі, таулы-қыратты, ақпанды-дауылды сардалада жараулы құр аттай арындап шауып, жамағатына жайлы келген сар желісінен жаңылмаған екен… Орысы мен оймауыты, жебірейі мен жәдігөйі басқарған кезде де ұлттық қағынан жерімей жасаған өнері қазақы ою-өрнекті, қаны сұйылмаған қақты бола білгенін сарғайған суреттерден көргенбіз. Мұртты көсемнің ұлттық саясатының ұтымды әдісі болған Мәскеудегі қазақ өнерінің 1936 жылғы жарапазанына қатысқан жалғыз көзі тірі Хабиба шешеміздің жасаурап айтатын естелігін жаның сүйсінбей тыңдау – тасбауырлық шығар… Кейін келіп қосылған Камал, Сейфолла, Рахия, Гүлзипа, Сәбира, Хадиша, Бикен, Шолпан есімді шоқтығы асқақ самородок сары алтындар сап түзегені жаныңа жайлы жылу мен жаймашуақ жаз ұялатады… Өнер ордасының орта жасында ұлттық реңктің ұясына там-тұмдап ақау түсе бастаған у-шуы көбейген ұлар заманда да тереңдегі тегіне теппеген, қою қанды қағынан қашпаған тұстарда Ыдырыс пен Нұрмұхан, Раушан мен Фарида, Райымбек, Матан, Есболған, үлкен Әнуарлардың әуені – әуейі жүректерге арманшыл әрі аңғал, сонысымен қыбыңнан қыл суырған сынық әрі сүйкімі шексіз, сүйріктігі мінсіз Шәмші әндеріндей санаңа сабырмен сіңген, абайлап айыз қандырған, ептеп еңсе көтерген, есте жоқ ескі заманнан, алаң да бұлаң есіңді алып еліктіретін ертегідейін, ебелек отқа семірген ертеңге апаратындай ерекше кезең болыпты-ау!… Ол кез өнерін өмірім деп санаған сандалкөктердің заманы екен ғой!

Күпіну үшін де емес, күдік іздеушілерге жауап та емес, төменгі әңгіменің төркінін – Казақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры ұжымының 1993 жылдың шілдесінен 2001 жылдың қоңыр күзіне дейінгі, атап айтқанда, осы жазбалардың авторы театрға жаңа басшы болып келгенінен бергі шығармашылық һәм шаруашылық қызметінің шағын мағлұматын қысқаша тізбелеуден бастау – алдағы ауыз толтырып айтарымызға қажетті қисын.

Шығармашылыққа да, шаруаға да кұнт керек. Құнтсыз басшы шаруаның ғана емес, шығармашылықтың да кұнын түсіреді. Театр – тұтас алғанда тірі организм. Тірі организмнің тірі болуы үшін көп нәрсе керектігін бәріміз білеміз. Әрине, оның да шырқау сағаттары, шау тартар сәттері де болар. Бірақ оны сол тоқыраулардан алып шығатын әр ұрпақтың әр буыны ғана емес, солардың ішінен суырылып шыға алар жанкешті, азабын арқалай алар Тұлға. Орысшалағанда – Лидер! Тұлға жасайтын тірлікті можантопай тұлып жасай алмайды! Ал Тұлға мінезді келеді, өзі де тыным таппайды, төңірегіне де тыныштық бермейді. Таза өнер тылсым тыныштықта тумайды. Халық өнер шаңырағының жаңғыруын, жаңаруын тұлға бола алатын буынның озық өкілдерінен, есті тентек, тегінен талантты азаматтарынан күтеді. Ал балаң һәм қорғансыз, алданғыш һәм сенгіш, жәудіркөз ұжымды көптің біріне басқартып, кәсіби өнерді көрінеу ақсатып, төрдегі «жазулы» мен төңірегіндегі азулыға жағатын жаппарқұл жабыны төрге шығарып, шикі жегізіп, тұлпарды есек жарысқа салып, кешегіні бүгін ас қылып, қырық жылғы қырқылжыңды әндетіп, қолынан іс келер тарланын аяусыз кісенмен тұсап, аяқтарынан шалу –бәтуалы өнерге деген кешірілмес қиянат. Бүгінгі тозығы жеткен тізгін қолына тиген жаңа басшы осы бір балдыры тым тереңге тамырлаған, ақсақалы айныған, өндір жасы қаймыған, айығуы қиын ауруы дендеп кеткен сор-батпақтан аман өте алар баталы ұл бола алса – бас театрдың бағы қайтып, байрағы қайта желбірер бәлкім, үмітсіз – шайтан деген. Бақ сынап, таққа ғана табыну мен тақты ұлт мүддесіне табындыра білу – екі басқа дүние ғой. Біріншісі – індет, екіншісі – қасиет. Қасиеттің көмескі көлеңкеде қалғаны, індеттің жарыққа шыққаны қандай қауіпті.

 

Ә мәтіні.

Театр ежелгі дәуірден бастау алады, бұл – бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған  өнер түрі. Біз бәріміз театрда болып, спектакльді өмірде  өзіміздің спектакльдегідей актерлер  екендігімізге шек келтірмей-ақ тамашаладық. Иә, сіз дұрыс естідіңіз, әр күн сайын драма, комедия, трагедия ойналатын өмір – бұл театр. Театр бұл суырып салып айту, жалпы айтқанда өмірдің өзі – тұтас суырып салып айту.

Көпшілік заманауи адамдар театрға  шүбә келтіре қарайды. Бәлкім, бұл олардың  театр қойылымдарына сирек баруынан, әлде олар өнердің басқа жанрларына басымдық беретіндігінен болар. Мысалға, қазір көптеген адамдар киноға баруды жөн көреді. Мен олардың таңдауын толықтай құрметтеймін, бірақ театр – бұл мүлде басқа әлем. Театр – бұл «тірі өнер»,  актерлердің қателесуге құқы жоқ, әлдебір  тікелей эфир, екінші, үшінші, төртінші дубльдер мұнда болмайды. Бұл – өмірдің мәнін ұғыну, өзіңді түсіну тәсілі.

Қазіргі қоғам театрдың адам өміріне әсерін жиі бағалай бермейді. Адамдар бүгінгі барлық технологиялармен  нағыз өнердің не екенін  ұмытты, ал шынайы өнері жоқ қоғамда үнемі мәселелер туындап отырады. Театр барлық жақсылық пен жамандықты жүзеге асырады. Театр адамдардың бойында қиялды дамытады, Әсемдікті сезіну – бұның бәрі адамның рухани дамуы. Бұл- адам өзіне басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретін сала, бұндай шынайы өмірден ажырау  адамның психикасы мен көңіл-күйіне жағымды әсер етеді. Тағы бір   маңызды тұсы театр теледидар мен ғаламторға қарағанда еш уақытта өзінің және басқа қажетті көзқарасты зорлап міндеттемейді. Ол көрерменге үнемі  өзі үшін өзі шешуге мүмкіндік береді.

Кім не демесе де театр әрқашан тірі, өмір сүреді және өмір сүре бермек.Театр ескі сән үлгісі емес,өнер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, ал өмір мәңгі.

http://kayrosblog.ru/aktualnost-teatra-v-sovremennom-mire

Тірек сөздер:

Мәтіндер жанры  жағынан ұқсас, себебі… / Мәтіндердің тақырыбы әртүрлі, А мәтінінде … туралы айтылады, Ә мәтінінде … туралы айтылған.

Мәтіндердің мақсатты аудиториясы бойынша ұқсастықтары бар. / Мәтіндердің мақсатты аудиториясы  бойынша айырмашылықтары бар. Мәтіндер тілі жағынан ұқсас, екі мәтін де … сөздер қолданылған/ Мәтіндер тілі жағынан ерекшеленеді. А мәтінінде … бар, ал Ә мәтінінде … сөздер пайдаланылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *