АРЫСТАНБАЙ Айбасұлы

АРЫСТАНБАЙ Айбасұлы (1693, қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз — 1748) — батыр. Руы — Шөмекей. Жастайынан Әбілқайыр ханмен дос болып өскен. Ханның жауапты тапсырмаларын атқарған. Арыстанбайдың сыртқы жаулармен 1722 — 1729 жылдары болған соғыстарда атағы шығады. Кіші жүздің (Майтөбеде) Ресейге бодандыққа қол қоюына қатысқан. Әбілқайыр ханмен бірге Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқан 40 сарбаздың ішінде Арыстанбай да бар. Т.Ізтілеуовтің жырында, Ә.Кекілбаевтің “Елең-алаң” романында Арыстанбайның көркем тұлғасы жасалған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *