АҚШ үкіметінің саясаты мен өзара әрекеттестігі

Президент Н.Назарбаевпен 17 қаңтарда болған кездесуде вице-президент діни сенім бостандығын қорғау бойынша міндеттемелерді орындаудың қажеттігін атап өтті.
Халықаралық діни сенім бостандығы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі елші, АҚШ елшісі, АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері және елшілік қызметкерлері ҚР СІМ, ҚДМ және ҚКК-нің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесті, сондай-ақ экономика және қауіпсіздік мәселелері бойынша екіжақты серіктестік діни сенім бостандығы саласындағы маңызды жетістіктердің орнын басуға емес, толықтыруға ықпал ететінін ескерте отырып, діни сенім бостандығын құрметтеудің маңыздылығын атап өтті. Министрлікпен, ҚКК-мен жүйелі және тұрақты диалог барысында, АҚШ өкілдері ағымдағы дін туралы заң мен қылмыстық, әкімшілік кодекстер діни сенім бостандығына кері әсерін тигізіп жатқандығы жайлы алаңдаушылық білдірді. Олар сондай-ақ дін туралы заң мен қылмыстық және әкімшілік кодекстерді «дәстүрлі емес» және «дәстүрлі» діни топтарға тиісті түрде қолданбауға қатысты алаңдаушылық білдірді.
АҚШ лауазымды тұлғалары үкіметті адамдардың дінді ұстану бостандығын құрметтеуге шақырды. Олар заң терминдерінің нақты анықтамасы болмаған соң, билік органдары, әсіресе жергілікті билік органдары тиянақсыз жазылған заңдарды өз қалауынша қолдануы мүмкін деп қауіптенді. Олар сондай-ақ дін туралы заңға енгізілген кез-келген түзетулер діндарлардың дін ұстану еркіндігін шектемеуге тиіс деп мәлімдеді. Олар зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресте діни сенім бостандығының маңыздылығын атап өтті және діни сенім бостандығын одан әрі шектеуге қатысты алаңдаушылығын білдірді. Халықаралық діни сенім бостандығы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, АҚШ елшісі және басқа да лауазымды тұлғалар тіркеудің мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға еркін ғибадат етуге мүмкіндік берудің маңыздылығын айту үшін ҚДМ-н кездесті.
АҚШ дипломатиялық шенеуніктері елдің бірқатар аймақтарындағы ғибадат үйлеріне барып, көптеген діни қауымдастықтармен, олардың басшыларымен және діни сенім бостандығын жақтаушылармен тілдесті. Бұдан басқа, елшіліктің өкілдері діни сенім бостандығы тақырыбына арналған дөңгелек үстелдер мен жиналыстарға қатысты. Олар зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресте діни сенім бостандығының маңыздылығын атап өтті, діни сенім бостандығын одан әрі шектеуге қатысты алаңдайтынын айтты және тіркелген діни топтарға мүше болу-болмауына қарамастан, барлық азаматтар бейбіт діни шараларды ұйымдастыруы үшін тиісті заңдар мен нұсқаулықтарды реформалауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *