БАУЫРСАҚ

БАУЫРСАҚ.

Диетологтар Калифорниялық тағамтану зертханасына кəдімгі қазақтың бауырсағын апарған екен. Қазақтың ұлттық тағамын зерттеген ғалымдар бірауыздан бұл тағам адам өмірін ұзартуға ықпал етеді деген шешімге келіпті.

Америка ғылымдарының анықтағанындай, бауырсақты дайындау кезінде иленген қамыр ішінде оттегінің қаныққан бөлшектері көптеп пайда болады екен.

Мұндай нанды жеген адамның ішегі тазарып, өмірі ұзарады екен. Біз бұл зерттеуді кездейсоқ жасадық дейді ресейлік фитнес-тренер Ризвана Капова Астанаға қонаққа барғам, сонда сарқытқа деп бауырсақ салып жіберіпті.

Оны өзіммен бірге Лос-Анджелес қаласына ала кеттім. Сол жақта зерттеп көрмек туралы ой болды да зертханаға өткіздім. Нəтижесі өте жақсы. Америкалық ғалымдардың қорытындысы мынадай ;

Бауырсақ-денсаулықты жақсартатын тағам. Ішек жолдары дұрыс жұмыс істеу үшін тағам өте тығыз болмағаны дұрыс.

Ал бауырсақ дəл сондай, əрі үлпілдеп тұрғанымен қоймай, қарынды да тез тойдырады.

Зертеу қорытындысы осындай нəтиже берген екен. Сондықтан қазақтың салт дəстүрі де тұнып тұрған ғылым болса тағамдары да адамға пайдалы сіңімді əрі құнарлы болып табылады.

Бауырсақты пісіріп жеті шелпек таратып тұрасыздар ма!?

Ыссы бауырсақты шиге түйреп бала кезімізде талай жегеніміз естеріңізде болар!

Алпысбай Асқаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *