Әккел — Шілдік ойыны
Бұл ойынды қазір ешкім ойнамайды. Ойнаймын деушілер болса: игратикаға барып, компьютер ойнап, көзіңді құртып және ол үшін ақша төлеп (көзіңді құртып ойнағаның үшін), ит өмір кешпейді. Бұл — тегін дүние. Енді бас бәйгеге бірдеңе тігуге болатын шығар, бірақ бұны ұйымдастыруға ақшаның керегі шамалы, егер екі түйір таяқ сатылатын болмаса. Бір ұзын, бір қысқа таяқ керек. Сөнен кейін жерден бір-екі уыс топырақ ұңғып алып, шұқыр жасау керек, яғни ұяшық жасауға керек. Сөнен кейін қысқа таяқты сол ұяшыққа бейнебір көпірге ұқсатып қоясың да, астынан ұзын таяқты тығып, көтеріп кеп қаласаң. Бұнымен ойын бітпейді. Әуеге көтерілген таяқшаны қолыңдағы ұзын таяқпен ұрып кеп жібересің. Ұрғанда қалай..? Жалп еткізіп жерге бір-ақ ұрмайсың әрине. Барынша алысқа қарата ұрасың, өйткені, жеңу үшін ұрып ұшырған таяғың барынша алысқа барып түсуге керек.
Бақберген Арысланбай