Географиялық болжау
Пәнді оқыту мақсаты – бұл студенттерге осы пәні арқылы дүние жүзінің саяси картасы, оның қалыптасу кезеңдері, мемлекет, мемлекеттік құрылым, басқару формасы, экономикалық әлеуметтік даму жағдайларына байланысты дүние жүзі мемлекеттерінің топтасуы, жіктелуі, дүние жүзілік шаруашылық географиясы және оның жекелеген салаларының қазіргі даму географиясы ҒТП, халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық экономикалық интеграция, ЖІӨ, ЖҰӨ және дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық даму деңгеіне байланысты әр түрлі қоғамдық даму деңгейіндегі мемлекеттердің шаруашылық салаларының өзіне тән мамандану мәселелерін біздің елімізде болып жатқан саяси әлеуметтік, экономикалық процестерді студенттерге салыстыра отырып түсіндіру. Дүние жүзі елдерінің экономикалық даму деңгейімен мемлекеттердің аймақтық топтасып орналасуына байланысты жекелеген аймақ елдерімен, жекелеген мемлекеттердің даму географиясына жан-жақты экономикалық географиялық сипаттама беру. Пәнді зерттеу міндеттеріне студенттер дүние жүзі экономикалық география курсын зерттей отыра курс бағдарламасында ұсынылған негізгі және қосымша оқулықтармен жұмыс істей білу, деректемелік материалдармен мерзімдік басылымдар, статистикалық есептеу мәліметтерімен жұмыс істей білуге үйрету және болашақ мамандығына қарай өздерінің жеке кітапхана қорын ұйымдастыра білуге үйрету, географиялық карта, атластармен еркін түрде жұмыс істей білуге ынталандырады. Дүние жүзі мемлекеттерінің даму деңгейіне қарай, жекелеген елдердің табиғат жағдайлары мен табиғи қорларына шаруашылық тұрғыдан баға беруге тырысу, елдердің экономикалық даму деңгейінің өзіндік ерекшеліктерінің мән-мағнасын барынша ашып көрсету. Экономикалық және әлеуметтік Курстың бастапқы сатысында студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: Математика, физика, жер тану, геология, гидрология, метеорология, картография, ландшафттану, топырақтану.
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, Физикалық–географиялық зерттеулер әдістері, Шетелдік Азия физикалық географиясы, Қазақстан Республикасының физикалық геогафиясы.