Плазманың түрлері
Бүгінгі көзқарас бойынша, әлемде бариондық (элементар бөлшектердің тұқымдасы, ауыр болады) заттардың көп бөлігінің фазалық күйі Плазма болып табылады. Барлық жұлдыздар плазмадан тұрады, тіпті олардың арасыдағы кеңістікте плазмадан тұрады, ал планеталар плазма емес күйде бола алады. Мысалы Юпитер планетасы (Юпи́тер —күннен кейінгі бесінші планета, күн жүйесінде өте ірі планета. Сатурн, Уран, Нептун, Юпитер планеталары газдық гигант ретінде жіктеледі. Олар әдетте сутегі, гелий, аммиак, метан және басқа да газдардан тұрады. Бұлар плазмалық емес күйде күн жүйесінің барлық заттарын өзіне жинақтап алды. Космостық кеңістікті толтырып, электр зарядтарынан тұратын шан тозаң бөлшектері (иондалған газ) плазма ретінде де (өте ауыр зарядталған иондардан тұрады) қарастырылады.
Плазманың ең белгілі түрлері
Жасанды жолмен құрылған плазма (төменде мысалдар келтірілген):
• Люминесценттік және неондық лампалар – төменгі қысымда неонмен толтырылған газразрядты шамдар. Жарық беру түсі қызыл-сары болады. Ондай шам көп тоқ жұмсамайды, тиімді. 20 Вт тең жарықтықты береді, бірақ 100Вт шамалас болып көрінеді. Люминесценттік шамдар қоғамдық ғимараттарда кеңінен қолданылады: мектеп, аурухана, кеңселер және т.б.
• Электрлік доға мысалы бола алады (электрическая дуга) — газдағы электр разрядының бір түрі.
• Плазмалық шам-бұл әдетте ішіне электрод орнатылған шыны сферадан тұратын сәндік құрылғы. Электродқа 30кГц жиілік шамасындағы жоғары айнымалы кернеу беріледі. Плазмалық шамның іші сиретілген газға толы болады.
• Ядролық жарылыстың жарқыраған саласы
• Мониторлар мен теледидар экрандары Жердің табиғи плазмасы
Найзағай –атмосферадағы электрлік от тәріздес разряд(жарықтың жарқын жарқылымен және онымен бірге күн күркіреуімен көрінеді). Жердегі найзағай разрядындағы ток 10-500 мың амперге жетеді, кернеу ондаған миллионнан миллиард вольтқа дейін жетеді.
Әулие Эльманың жарықтары – жарқыраған сәулелер н/е щеткалар түрінде түсіру, көлдің бетінен көруге болады,таулы аймақтардан көруге болады.
Ионосфера-атмосфераның жоғарғы бөлігі, иондар мен бос электрондармен қаныққан.
Северное сияние (солтүстік жарқырау) — магнитосферасы бар планеталар атмосферасының жоғарғы қабаттарының Күн желінің зарядталған бөлшектерімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде жарқырауы (люминесценция).
От (пламя) — (төмен температуралы плазма) — көрінетін диапазонда сәулеленумен және жылу энергиясын шығарумен бірге жүретін қарқынды тотығу процесі. Космостық және астрофизикалық плазма
Күн және басқа да жұлдыздар (термоядролық реакцияларға байланысты өмір сүреді). Жұлдыз-бұл жарық шығаратын және өзінің ауырлық күші мен ішкі қысым арқылы тепе-теңдік күйінде сақталатын массивті газ шары. Жұлдыздар газ-шаң ортасынан (негізінен сутегі мен гелийден) түзіледі.
Күн желісі (солнечный ветер)-иондалған бөлшектердің ағыны (негізінен гелий-сутегі плазмасы).
Ғарыш кеңістігі (планеталар, жұлдыздар мен галактикалар арасындағы кеңістік) — аспан денелерінің атмосферасынан тыс жатқан ғаламның салыстырмалы түрде бос бөліктері.
Жұлдызаралық тұмандылық – жұлдызаралық орта бөлігі. Тұман шаңнан, газдан және плазмадан тұрады. Сәуле түсіру н/е сәулелену арқылы өзінің аспан фонында көрініс табады.