Мұғалімнің аты-жөні: Асқарбек Ақмарал Айдосқызы
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫП: Қабылдау
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Қабылдау және оның түрлері тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
сұрақ қоя білуге үйренеді;
шығармашылықпен жұмыс істейді;
Қабылдау туралы білімдері қалыптасады;
өз ойын жеткізе білуге үйренеді;
бағалауды үйренеді;
САБАҚ БАРЫСЫ: Блум таксономиясымен.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Топтастыру, Блум таксономиясы, топтық жұмыс,СТО
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: интербелсенді тақта
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: Электронды оқулық
Пәні:
Психология Уақыты 02.10.2020
Сабақтың тақырыбы Қабылдау(accept)
Жалпы мақсаты Қабылдаудың нақты анықтамасын анықтайды.
Қабылдаудың түрлерін ажырата алады.
Қабылдау туралы жалпы білімдерін нақтылайды.
Міндеттері: 1. Адам өмірінде қабылдаудың маңыздылығын түсіндіреді.
2. Қабылдаудың түрлері қарастырылады.
Оқыту нәтижелері Сөйлеу дағдысы, тіл байлығы дамиды.
Шығармашылықпен жұмыс істейді;
Қабылдау туралы білімдері қалыптасады;
Өз ойын жеткізе білуге үйренеді;
Бағалауды үйренеді;
Түйінді идеялар Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.
Өз беттерінше іздену арқылы белсенділігі артады.
Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер Топтастыру, Блум таксономиясы, топтық жұмыс,СТО
Ресурстар
(дерек көздері) Интереактивті тақта, түрлі-түсті плакаттар. Оқулықтар
Намазбаева Ж.И. Психология .Алматы: 2005,
Жарықбаев Қ. Жалпы психология Алматы: 2004 ж.
Сабақтың барысы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы тілектер айтады.
Қоржыннан асық ала отырып, асықтағы жазылған сандармен топқа бөлінеді./1,2,3/
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу, тану «Қалпына келтіру» стратегиясын қолданады. Сұрақ қояды. «Қалпына келтіру» стратегиясы бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Түсіну
3-тапсырма: Топтастыру
Қабылдау, қабылдаудың қаситі, қабылдаудың түрлері мен анықтамасын еске түсіру.
Әр топқа жоспар бойынша
тақырыпша береді. Қабылдау және оның түрлерін, қабылдаудың қасиетін және анықтамасын еске түсіреді.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпша бойынша постерге салып,тақырыптың мәнін ашады.
Сергіту сәті «Көңілді күн» қимыл-қозғалыс биін қою. Билеп, сергиді
Қолдану Әр топқа конверттер таратылады.Конверт ішінде тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Топпен бірге тапсырмалар орындайды.Сұрақтарға жауап береді.
Талдау Интерактивті тақтаға ұяшық арқылы әр топқа тапсырмалар жасырылады. Тапсырмаларды топ мүшелерімен ақылдасып, ортақ жауап айтады.Топ мүшелерінің ойлары талқыланады.
Жинақтау «Бағалы зат» стратегиясы бойынша тапсырма береді. Тапсырманы орындайды.
Жинақтайды
Алған білімінен жаңа өнім жасап шығарады.
Бағалау
Критерийі Дескрипторлар
1.Жасаған жұмыстарын дәлелдейді.
2.Қабылдаудың нақты анықтамасын түсінеді.
3.Зейін,ойлау анықтамаларынан қабылдауды ажырата біледі.
4.Қабылдаудың түрлерін ажырата алады
Рефлексия Сабақ соңында алған әсерлерін, ойларын білу. Өзіндік ішкі әсерлерін білдіріп, смайликке жапсырады.
Үйге тапсырма Қабылдау мен түйсікті «Венн диаграммасы» бойынша салыстыру