Қазақстан Республикасының энергетикалық саясаты
Энергетикалық саясат бірнеше себептерге байланысты аса маңызды мəнге ие болуда. Олардың арасындағы ерекше атап көрсететіндері: жер шарында көмірсутек қорының азаюы, олардың əртүрлі аймақтарда əрқалай үлестірілуі, болжап болмайтын негізгі энергия көздеріне бағалардың тұрақсыздығы, ауа райының ғаламдық өзгеруі.
Энергетикалық мəселелер əлдеқашан экономикалық аядан саяси жəне геосаяси аяға өтті. Екі шама да, яғни саяси да, экономикалық та – тығыз байланыстағы қос түсінік.
Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялағаннан кейін 1991 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында Гаагада қол қойылған Еуропаның энергетикалық хартиясына кірді. 1994 жылы желтоқсан айында халықаралық қатынастарды, оның нақты қағидаларының іске асуы үшін лигитимдік негіз болған Энергетикалық хартияның келісімшартына қол қойылды. Энергетикалық хартияның келісімшартында «энергетикалық өнімдердің, материалдардың, жабдықтардың жəне қызмет көрсетудің ашық жəне бəсекелестікке қабілетті нарығын; энергетикалық ресурстар мен көлік инфрақұрылымына қол жетерлік жағдаймен қамсыздандыру, оларды барлауды коммерциялық негізде өңдеу; халықаралық транцизтті жергілікті жəне халықарылық нарықтарға ұйымдастыру мақсатында энергетика саласында сауданы ырықтандыру, инвестицияларды, қоршаған ортаны жəне энергетикалық тиімділікті қорғау жəне ырықтандыру» туралы айтылған. 1995 жылы 18 қазанда Ресей Федерациясының Президенті өзінің жарлығымен Энергетикалық хартияның келісімшартын жəне «энергетикалық ырықтандыру мен экологиялық аспектілермен жалғасатын» энергетикалық хартия Хаттамасы бекітілді. Соған байланысты республика хартияның толық құқылы мүшесіне айналды. Айтып кетер бір жайт, «Қазақстан–2030» даму стратегиясы нақты белгіленген энергетикалық бағытқа негізделген. Стратегияда тұрақты экономикалық өсу мен халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға мүмкіндік беретін табыс көзін табу үшін мұнай-газды «жылдам өндіру жəне экспорттау» туралы сөз етілген.
Аталмыш стратегияда негізгі үш бағыт көрсетілді. Біріншісі, мұнай-газ жобаларына халықаралық мұнай монополияларын, шетел іскер топтарын, қомақты инвестицияларды жəне ең үздік əлемдік технологияларды тарту арқасында Қазақстан Республикасының дүниежүзілік энерготасымалдаушы нарыққа жылдам қар қынмен енуі. Қазақстан осы мəселені шешу мақсатында бай серіктестерді тартудың арқасында өзінің көмірсутек қорын жылдам жəне тиімді пайдалануда.
Екіншісі, мұнай мен газды тасымалдауда көліктік жəне монополиялық бағаның бір тұтынушыға тəуелділігін жою үшін экспорттық құбырлар жүйесін жасау. Қазақстан мамандарының есептеуінше, көлік жүйесінің дамуы мұнай өндіру өндірісін 2015 жылға қарай 120–170 млн. тоннаға дейін арттырмақ.
Үшіншісі, жанармай қорларын пайдаланудағы мемлекеттің стратегиясы əлемдік қауымдастықтағы ірі мемлекеттердің Қазақстанға əлемдік маңызы зор жанармай жабдықтаушы ел ретінде қызығушылығын күшейтуге бағытталған. Ел Президенті Н. Ə. Назарбаев атап өткендей: «Біз АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Батыс Еуропа мемлекеттерімен қызмет етуге дайынбыз. Осы мемлекеттердің жəне компаниялардың біздің қорларымызды ұдайы жəне тұрақты экспорттаудағы экономикалық қызығушылықтары тəуелсіз жəне өскелең Қазақстанның дамуына мүмкіндік береді».
Сондай-ақ Қазақстан үшін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шешімі өзекті болып қалып отыр. «Ғаламдық талап – энергетикалық шешімдер» атты III Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика жəне минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев хабарлағандай, мемлекеттің қажетті энергетикалық əлеуетін болжамдық есептеулерге сəйкес электр энергиясын тұтыну мөлшері 2015 жылға дейін 1,5 есеге артуы тиіс.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатына қатысты айтар болсақ, көмірсутек қоры сыртқы саяси бағытты ұйымдастыруда маңызды орын алады. Көлемі жағынан Ресейден кейін екінші, дүниежүзі бойынша 11-орынды иеленетін көмірсутегін үлкен қоры арқылы Қазақстан Республикасы Еуразиялық құрлықта энергетикалық нарықтың белсенді ойыншысына айналды.
Қазақстанмен белсенді қызмет ететін мемлекеттердің ішінде Ресей, АҚШ, Қытай жəне ЕуроОдақты ерекше атауға болады. КСРО кезінде Каспий алабынан мұнай Атырау-Самара құбыры арқылы жеткізілетін. Сонымен қатар, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей мемлекеттерін жалғайтын жəне жақын арада қырық жылдығын тойлап өткен Орталық Азия – Орталық газ құбыры жұмыс істейді. 2001 жылы Каспий құбыры бірлестігінің (КҚБ ) салтанатты ашылуы өтті. Үш мемлекет (Ресей, Қазақстан, Оман) жəне жеті ірі компаниялар Каспий құбыры бірлестігінің активтерін иеленген. Бірақ мұнда көп бөлігі Ресейдің иелігінде. Мұнайдың шағын көлемі Каспий теңізінің аквоториімен танкерлер арқылы Еуропаға тасымалданады.
Əлемдік коммуникациялар мен перспективалық өткізу нарығынан алшақ болғандықтан ең арзан жəне тиімді тəсіл дердің бірі – бұрынғыдай құбыр арқылы тасымалдау. Өзінің жағырафиялық жағынан құрлық орталығында орналасу арқылы Қазақстан көмірсутек ресурстарын тұтынушылар нарығына жеткізу мəселелері бойынша көрші мемлекеттерге тəуелді болуға мəжбүр. Қазақстан тəуелсіздігін жариялағаннан соң он күннен кейін АҚШ елімізді дипломатиялық тұрғыда мойындайтындығын жария етті. Стратегиялық тұрғыдан орналасуына байланысты американдық назардың Əзірбайжан жағына баса аууына қарамастан, Қазақстан Каспий аймағында көбірек қорға ие болғандықтан 1993 жылы сəуір айында Шеврон əлемдік алып кен орны Теңізді игеруде алғашқы бірлескен кəсіпорынды құруға келісімшартына қол қойды.
1970 жылдан бастап Теңіз кен орны қоры жағынан да, шикі мұнайдың сапалы сипаттамасы жағынан да аса зор мұнай ашылымы болып саналады. Тағы бір американдық компания ЭксонМобил 1996 жылы Шевронға қосылды. Теңіздің мұнайына қатысты ірі келісімшарт 40 жылға жасалды. Шеврон Қарашығанақ кен орнына да серіктес болып табылады. Италияндық Аджип компаниясы жаңа оффшорлық жоба Қашағанның зерттелуімен жəне дамуымен айналасуда. Сарапшылардың айтуынша, Теңіздегі қорларға қарағанда, Қашаған қоры əлдеқайда бай. Өйткені Қашаған экологиялық сезімтал аймақта, теңізде орналасқан жəне онда жоғарысульфатты газдың көп мөлшері бар. Сондықтан Қашаған қорының өркендеуі Қазақстан үкіметі мен консорциум арасындағы пікірталас нысанына айналды.
Үлкен мəселелердің бірі – мұнай мен табиғи газды тұтынушыларға жеткізу. 1990 жылдың соңында АҚШ Каспийдің батыс жағалауы мен Түркиядағы Қосөзендегі Джейхан теңіз айлағын қосатын Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) мұнай құбырын салу жобасына қолдау көрсетуге шақырды. Қазақстан бұл жобаға 2006 жылы мүше болып қосылды. БТД жобасының экономикалық пайдалылығынан геосаяси маңызы өте зор. Бұл – Ресей аумағы арқылы өтпейтін алғашқы мұнай құбыры жобасы. Осылайша, еуропалық жəне американдық нарықтардың Ресейден тəуелділігі төмендеп, Түркия, Грузия жəне Əзірбайжанның рөлі артпақ.
ҚХР жақында Еуразия құрлығының энергетикалық кеңістігінде белсенді ойыншысы ретінде алға шықты. Өткен ғасырдың 80 жылдары ҚХР Шығыс Азия мемлекеттеріне көмірсутекті экспорттады. Бірақ, 1993 жылдан бастап бұл мемлекет мұнай мен газдың ірі импортшысына айналды. Қазіргі таңда Қытай тек дүниежүзі бойынша энергияны пайдалану жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.
Пекин өз саясатының бірізділігін көрсетуде. «Цзоучуцюй», яғни «шектен шығу» саясаты шетел мұнай кен орындарын қытай технологиясы мен капиталы арқылы игеруге қатысу мағынасын білдіреді. Қытай Ресей мен Орталық Азия республикаларын ынтымақтастықпен ниеттенген жəне салыстырмалы тұрғыда мұнай-газ қорларына бай көршілер ретінде қабылдайды. Сол себепті де, мүдделер айқасы осы аймақта орналаспақ. Айтып өтер жайт, мұнай импортының негізгі бөлігін Аспанасты елі Парсы шығанағы мемлекеттерінен алады. Жоғарыда айтып кеткендей, ҚХР-дың солтүстіктегі көршілері жағырафиялық басымдылық пен салыстырмалы арзан қорларға ие.
Қазақстан үшін Қытай стратегиялық əріптесі болып табылады. Əсіресе, энергетика саласында, сонымен қоса, Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында да ҚХР еліміздің маңызды серіктесі. Аса маңызды шешімдердің бірі – Қазақстаннан ҚХР-на дейін мұнай құбырының, ал содан соң газ құбырының құрлысындағы ынтымақтастықты жалғастыру. 2010 жылы Түркіменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай газ құбыры іске қосылды. Құбырдың құрлысы Еуроодақ пен Ресей тараптары үшін алаңдаушылық туғызды. Оның себебі, бұл екі жақтың да Орталық Азияның табиғи газын өз жерлеріне жеткізуге байланысты орасан зор жоспарлары бар-тын.
Қытай өз саясатында дипломатияның жан-жақты əдістəсілдерін қолданып бағуда. Бірінші кезекте, Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде. 2007 жылғы ұйым самитінде мақұлданған ереже жарияланды. Онда былай делінген: «ШЫҰ энергетикалық клубы бейбітшілікті орнату, энергетикалық қауіпсіздік мəселелері, энергетикалық стратегия жəне ШЫҰ мүше мемлекеттері энергетикалық ресурстарды тұтынушыларының əрекеттестігін үйлестіру; ШЫҰ мүше мемлекеттерінің ынталарына сəйкес мұнай-газ, көмір жəне энергетикалық салалардағы əріптестіктің келешегін жан-жақты талқылау мəселелері бойынша кеңейтілеген сұхбаттар ұйымдастыру мақсатында құрылды».
Соңғы он жылда байқалып отырған бір жайт, ЕуроОдақ Каспий – Орталық Азия аймағынан мұнай жəне табиғи газды тасымалдау жөнінде белсенді болуды көздейді. ЕО қызығушылығы жəне оның мақсаттары ЕО пен Қазақстан арасындағы əріптестік жəне ынтымақтастық шарты, ядролық қауіпсіздік жөніндегі Еврат агенттігі мен Қазақстанның осы саладағы əріптестігі туралы келісімі сияқты құжаттарда белгіленген. Аса маңызды құжаттардың бірі – 2006 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Брюссель қаласына ресми іссапары кезіндегі қабылданған ЕО пен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы өзара түсінушілік туралы Меморандум. Құжат біздің Еуропа нарығына энергетикалық қорларды тасымалдау саласында əріптестігіміздің негізгі қағидалары мен бағыттарын белгіледі. Жеке бөлім болып Стратегияда Орталық Азия аймағының елеулі энергетикалық қорлары жəне олардың ЕО-тағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы бөлім ерекшеленген. 2007 жылы «ЕО жəне Орталық Азия: əріптестіктің жаңа стратегиясы» атты көлемді құжатты қабылдау барысында ЕО біздің аймаққа деген қызығушылығын тағы да растады. Бұл Стратегия ЕО пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы аймақаралық жəне екіжақты негізде, орташа мерзімді қамтитын саяси жəне экономикалық сұхбаттастықты нығайту құралы ретінде қызмет етеді. Əріптестіктің басты векторлары демократиялық институттар мен заңның үстемдігін күшейту, адам құқықтарын сақтау, көлік, білім беру, мəдениет жəне қоршаған орта салаларын жақсартуды болжайды.
Даму саласындағы əріптестік құралы (DCI) жəне Татукөршілік пен əріптестіктің Еуропалық құралы тəрізді ұйымдармен (ENPI) қаржыландырылған ИНОГЕЙТ (INOGATE) (Еуропаға мұнайгазды мемлекетаралық тасымалдау) жəне ТРАСЕКА (TRACECA) (Европа – Кавказ–Азия көлік дəлізі) бағдарламалары шеңберінде, аймақтық əріптестікті жандандыру арқасында Орталық Азияның экономикалық əлеуетін пайдалану үшін ЕО көлік, энергетика жəне сауда салаларында аймақтың инфрақұрылымын дамытып кеңейтуде.
Сыртқы қарым-қатынас жəне татукөршілік еуропалық саясаты мəселелерінің ЕО коммисары Бенито Ферреро-Валднер 2006 жылы 19 қазанда Астана қаласында Еуразия ұлттық университетінде болған кездесуінде былай деді: «ЕО мақсаты – энергия қорларын өндірушілер, транзиттік мемлекеттер жəне тұтынушылар арасында өзара тиімді əріптестікті дамыту. Президент Назарбаевтың желтоқсан айында Брюссель қаласына жасар сапары барысында біз осы мақсатқа жету жолын табамыз деп үміттенеміз. Осындай теңдіктің маңызды бөлігі – бұл энергоқорларды тасымалдау. Бұнда да Транскаспий – трансқаратеңіз энергетикалық тасымал дəлізінің, сонымен қатар Одесса – Броды – Плок мұнай құбырының дамуы үшін Қазақстан мықты саяси қолдау көрсетеді деп сенеміз. Осылайша, маңызды бағыттардың əртараптандырылуы ЕО-қа тасымалдау қауіпсіздігін жоғарылатады, бір мезгілде Қазақстан жəне басқа өндірушілер үшін экспорттық бағалардың өсіміне əкеледі». Сол жылдың желтоқсан айында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Брюссель қаласына сапары шеңберінде екі көлемді құжаттарға қол қойылды. Олар: «Бакин бастамасының» қатысушы мемлекеттері мен ЕО бірге жасалған Энергетикалық жол картасы жəне ядролық энергетика саласындағы ЕО пен Қазақстанның əріптестігі туралы келісім.
Ресейдің толық тəуелділігінен құтылуға тырысатын ЕО-тың энергетикалық қауіпсіздігіне бағытталған БТД-дан басқа өзге де жоба жасалынып жатыр. ЕО транскаспий газ құбыры құрлысы идеясына белсенді түрде ықпал жасауда. Дүниежүзінде Қара жəне Балтық теңіздерінің түбі арқылы газ құбырын салу тəжірибесі бар. Энергетика мəселесі жөнінде ЕО коммисары Андрис Пибалгс айтып кеткендей, ЕуроОдаққа Алжир, Қазақстан, Иран, Əзербайджан мемлекеттерінен табиғи газдың жабдықтаушылардың шарттары біркелкі. Өйткені, ЕО сыртқы жəне ішкі нарығының шарттары барлық жабдықтаушыларға бірдей, бұнда айрықша құқыққа келер де құқы шектелгендер де жоқ. Ал бұл Қазақстанның іскер əлемі үшін қызығарлықтай естіледі. Қазақстан ЕО-қа қатысты тəуелсіз саясатты жүргізуге тырысады. Оның мақсаты – көмірсутек шикізатының экспорттық жолдарын əртараптандыру жəне мемлекет экономикасына жаңа инвестицияларды тарту.
Энергетикалық саясатты зерттеу кезінде альтернативті энергия көздерін өңдеу жəне еңгізу туралы сұрақтарды назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Осындай топқа күн, су, жел энергиясы жəне биоэнергия жатады. Аса бір қорқыныш сезімін туғызатыны атом энергетикасы болып табылады.
Қоршаған ортаны сақтау факторларын ескеретін жағдайда таразы басы атом энергетикасы жағына ауады. Атом электр станцияларымен өндірілетін электр энергиясының залал заттары қосалқы ере жүрмейді: ешбір күкірт, ешбір буландырғыш газ жоқ. Бүгінгі күні климаттың жаһандық өзгеруі туралы аргументтер істің нəтижесін атом энергетикасы пайдасына қарай шешуде.
Бірақ, атом энергетикасының «ренессансы» шынымен де болатынына ешбір сенім жоқ. Қауіпсіздік, жаңа реакторларды лицензиялау жəне ең бастысы, пайдаланған мұнай жанармайын сақтау мен қолдану сияқты маңызды мəселелер шешусіз қалуда. Осы сұрақтарға дəлме-дəл жауаптардың болмауы ядролық энергетиканың жандануына жол бермеуі мүмкін.
Өндірістік күш пен техникалық прогрестің қазіргі даму дең гейі əлемдік қауымдастыққа дəстүрлі энергия көздерін альтернативті көздермен алмастыруда толық қауіпсіздік кепілін бере алмайды. Атом энергетикасының көптеген ақиқат басымдылығына қарамастан, оның кең қолданылуы əлемдік қауымдастықтың қатты қарсылығын тудырады.
Ірі техногенді апаттар, мысалы, 1979 жылы Три-Майл-Айленте болған ядролық реакторлардың апаты, зардап салдары одан ауыр – 1986 жылғы Черноболь АЭС апаты, 2011 жылы сəуірде болған Жапониядағы табиғи апат (АЭС Фукусима-1) бүкіл дүниежүзінде жаңа атом электр станцияларын салу жоспарларына наразылық толқындарын өршітті. Атом энергиясын өндіру биосфераға жəне адам денсаулығына зиянды жəне жақсылап көмуді қажет ететін ядролық қалдықтардың мыңдаған тонналарының жинақталуымен мəселе асқынып келеді. Ядролық қалдықтарды ядролық қаруды жасауда пайдалану мүмкіндігі де сыншыларды мазалайды.
Қазақстан аумағының 60%-ының күн, жел, су энергиясын пайдалану мүмкіндігі бар. Альтернативті жəне жаңғырмалы көздерді əзірлеу мүмкіндігіне ықыласпен қарау үшін үш фактор туралы айта кету керек.
Біріншіден, дүниежүзінде республикамыз атмосфераға көмірқышқыл газының залал заттарының шығарылуы бойынша үшінші орында тұр (халықаралық энергетика агенттігінің мəліметтері бойынша, 2004 жылы Қазақстанда көмірқышқыл газының залал заттарының салыстырмалы шығарылуы 1 АҚШ доллорына тең 6 килограммды құрады). Осындай залал заттарды шығарылуының 80 пайызының 45 пайызы жылу жəне электр энергиясын өндіретін кəсіпорындарынан тұратын энергетикалық секторға тиесілі.
Екіншіден, Қазақстан көмірсутек қорының байлығының арқасында əлемдегі ірі энергоқорларды тасымалдаушы бестікке енуі тиіс. Үшіншіден, республиканың экономикасы қызу даму үстінде жəне таяу уақытта импорт арқылы емес, балама энергия көздерін өндірудің арқасында өтеуге болатын энергетикалық жетіспеушілікті сезінуі мүмкін.