АРЫНДЫ СУ – қысымы атмосфералық қысымнан жоғары болатын жер асты суы. Ол су өткізбейтін жыныстар (саз, аргиллит, т.б.) арасындағы сулы қабаттарда кездеседі. А. с-дың көзін ұңғыма немесе құдық қазу арқылы ашқан кезде су деңгейі оны жауып жатқан қабаттан жоғары көтеріледі. А. с. кейде жер бетінен жоғары атқылайды.