АРЫНБАСАРОВА Наталья Өтеуліқызы (24 қыркүйек 1946 жылы туған, Мәскеу) — киноактриса, Ресейдің(1979), Қазақстанның (1997) еңбек сіңірген артисі 1964 ж. Мәскеу хореографиялық училищесін, 1971 ж. ВГИК-тің актерлік факультетін (С.А. Герасимов пен Т.Ф. Макарованың шеберханасы бойынша) бітірді.1964 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы түсірген “Алғашқы мұғалім” фильміндегі басты рөл — Алтынаймен кинодағы жолын бастады. 1966 ж. Венецияда өткен халықаралық кинофестивальда рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін бас жүлдеге ие болды. 1969 ж. “Мәншүк туралы ән” (Мәншүк Мәметова, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1970) және “Жәмилә” фильмдерінде басты рөлдерді ойнады. Арынбасарова” (1969, Катя Олзоева), “Нан дәмі”(1979, Кәмшат Сатаева; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1980), “Қаралы сұлу” (1982, Қарагөз),“Сүйрік” (1984) т.б. фильмдеріне түсті. Арынбасарова КСРО Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978).