МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ЖСТД БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Г.Б.Ибатова – аға оқытушы, п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ
Ж.Жансейіт — дефектология мамандығының 4 курс студенті, Абай атындағы
ҚазҰПУ
Мақалда мектепке дейінгі жалпы сөйлеуі дамымаған балаларда синтаксикалық құрлымды сөйлемдерді зерттеу негіздері қаралды.
Түйін сөздер: Сөйлеу тілі, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД), синтаксистік құрылым, синтаксистік бірлік, морфологиялық жүйе, аморфты түбір, грамматикалық қатынастар.
Заманауи логопедияның маңызды міндеттерінің бірі- ол жалпы сөйлеу тілін жоюдың тиімді әдістерін құрастыру. Сөйлеу тілінің аталған патологиясы күрделі симптом кешені болып табылады. Онда сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық жағы бұзылған болып келеді (Р.Е.Левина, Л.Ф.Спирова, Т.Б.Филичева, Т.Д.Барменкова, В.К.Воробьёва, В.П.Глухов, И.С.Кривовяз т.б.).
Патогенезі әр түрлі ЖСТД балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағының қалыптаспауы проблемасы көптеген авторлардың еңбектерінде қарастырылған (В.К.Воробьёва, Б.М.Гриншпун, Н.С.Жукова, В.А.Ковшиков, В.К.Орфинская, Е.Ф.Соботович, Т.Б.Филичева, С.Н.Шаховская, т.б.). Аса зерттелген жағы ол ЖСТД балалардың сөйлеу тілінің морфологиялық жүйесінің ерекшеліктері. Алайда, қазіргі кезде маңызды болып табылатыны аталған балалардың сөйлеу тілінің синтаксистік құрылымының ерекшеліктері. Ол мәселе сөйлеуді өндіру үрдісіндегі синтаксистің ерекше рөлімен түсіндіріледі және толық зерттелмеген болып табылады.
Негізгі синтаксистік бірлік — сөйлем, сөйлеудің пайда болу үрдісінің соңғы өнімінің моделі бола тұра, сөйлеу қабілетінің қалыптасуында және вербалды- логикалық ойлау процестерінде маңызды рөлге ие.
Ересектермен қарым-қатынас жасау барысында, заттық және танымдық іс- әрекеттерінің дамуы негізінде, бала тілдің негізгі заңдылықтарын меңгереді, сөйлеуді құрастырудың негізгі ережелерін игереді. [1 б. 7]. Дәл осы уақытта бала сөйлемді меңгерумен қатар, ересектермен қарым-қатынасының және әлеуметтік қарым- қатынастың маңызды құралына ие болады.
Қарым-қатынас әрекетін қамтамасыз ету үшін балаға тіл құралдарының (фонологиялық, морфологиялық, семантикалық, синтаксистік) мол қоры қажет. Олардың негізінде бала қоршаған адамдардың сөзін түсініп, өзінің сөйлеуін өңдейді.
ЖСТД балалардың синтаксистік операцияларының бұзылуын олардың қолданатын сөйлеу тілдерінің типтерінің аса шектелгенінен және синтаксистік құрылымдарының қалыптасу үрдісінің ауытқуынан, синтаксистік байланыстардың бұзылуынан байқауға болады. [2. б. 92]. Осындай бұзылыстар сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасқа түсу процесін қиындатып, таным әрекетінің қалыптасуына кері әсер
етіп, мектеп бағдарламасын меңгеруді қиындатады.
ЖСТД балалардың синтаксистік бұзылыстарының ерекшеліктерін зерттеу және оларды түзетуге бағытталған арнайы әдістемелерді құрастыру, логопедия практикасының өзекті мәселесі болып табылады.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының онтогенезде дамуы жөніндегі зерттеулерге тоқталатын болсақ, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының онтогенезде дамуы көптеген авторлардың еңбектерінде көрсетілген: А. Н. Гвоздев, Т. Н. Ушакова, А. М. Шахнарович, Д. Б. Эльконин т.б.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы (сөзжасам, сөзөзгерту, сөйлемнің синтаксистік құрылымы) баланың когнитивті дамуының белгілі бір деңгейі негізінде ғана іске асырылады [3. б. 16]. Сондай-ақ, баланың сөзжасамы қалыптасып келе жатқан кезде ең алдымен ол грамматикалық мағыналарды ажырата білуі керек, себебі тіл формасын қолданбас бұрын бала оның мәнін түйсінуі қажет. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптасуы үшін, бала қоршағандардың сөзін түсіну негізінде, грамматиканың жалпы ережелерін практикалық деңгейде белгілеу арқылы, ол ережелерді өзінің сөйлеу тілінде бекіту арқылы, грамматикалық заңдылықтардың күрделі жүйесін меңгеруі керек.
Баланың тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін меңгеруінің дамуы тығыз байланыста болады. Сөздің жаңа формасының пайда болуы сөйлем құрылымын күрделендіреді, және де, керісінше, ауызша сөйлеу тілінде сөйлемнің белгілі құрылымын пайдалану бір уақытта сөздердің грамматикалық формасын бекітеді [4. б. 77].
А. Н. Гвоздевтің еңбектерінде тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі арасындағы тығыз байланыстарды ескеріп, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының қалыптасуының кезеңдері берілген: [5. б. 56]:
1. сөйлемдер аморфты түбір-сөздерден құралған
— Бір сөзден құралған сөйлем;
— бірнеше түбір-сөзден құралған сөйлем.
2. бала сөйлемнің орнына тек жеке сөздерді (бір сөзден құралған сөйлемдер) қолданады. Бала сөйлеу тілінде өзінің тілектерін, қажеттіліктерін, пікірін білдіретін аз ғана сөздерді қолданады. Сонымен қоса, бала өзінің ойын толық түсіндіру үшін ым-ишара, жесттер және интонацияны қолданады.
Баланың алғаш қолданған сөздері, белгілі бір грамматикалық формаға ие болмай, аморфты түбір-сөздер түрінде болады. Әр түрлі сөйлемдерде оларды бала бір дыбыстық сипаттамада, өзгертпей қолданады.
Сөздердің негізгі бөлігін адамдардың атын, заттардың атауын, дыбыстарға еліктеулерді (бух, би-би, му, мяу), былдыр сөздерді (ду, сү) білдіретін зат есімдер құрайды.
Бала бір сөйлемінде алдымен 2, кейін 3 сөзді қосып, қолданады, яғни баланың сөйлеу тілінде фраза пайда болады. Сөздер арасындағы грамматикалық байланыс жоқ болады. Бала сөйлеуінде сөздерді біріктіріп, оларды жағдайға байланысты тек интонациямен ғана байланыстырады. Сонымен қоса, балалар сөйлемдерінде сөздерді сол аморфты түрінде өзгертпей қолданады. Зат есімдерді не атау септігіндегі жекеше түрінде, немесе өзгертілмеген, бұрмаланған күйінде қолданады. Етістіктерді өзгертілмеген формада немесе бұйрық райындағы жекеше түрінде екінші жақта қолданады (бей- бер, ай — ал, апай- апар, ұхх- ұйықта).
Бұл кезеңдегі балалардың сөйлеуінің талдауы, олар қоршаған адамдардың сөйлеу тілінен тек жалпы мазмұнын, лексикалық формада берілген сөздің жалпы мәнін ғана
қабылдайтынын көрсетіп отыр. Тілдің формалды-белгімен белгіленген құралдарын бала ажырата алмай, қабылдамайды. Себебі, сөздердің әр түрлі формаларын (үй, үйге, үйлер, үймен) естігенде, бала ол сөздердің жалпы бөлігін ғана (үй) қабылдайды.
Аморфты түбір-сөздерді әр түрлі етіп ұсынғанда, бала қажетті грамматикалық форманы іріктеу мен тандауды алдына қоймайды және ол міндетті шешуге қиналып, сөздің бірдей формаларын әр түрлі сөз тіркестерінде қолдана береді.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының қалыптасу кезеңінде балалар сөйлемдегі сөздер арасындағы әр түрлі байланыстарды байқай бастайды.
Балық сөздерді өзгертпей қолданған, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, бұл кезеңде бала сөйлеу тілінде бір сөздің әр түрлі формаларын пайдалана бастайды.
Зат есімдердің алғашқы грамматикалық формалары ретінде мыналарды қолданады: зат есімнің жекеше және көпше түрлері, табыс септігінің формалары (допты, апаны), кейдеілік септігінің формалары пайда болады (мысықтың, апаның).
Етістіктердің алғашқы формалары ретінде мыналарды қолданады: жекеше түрдегі, екінші жақтың бұйрық райы (бер, ал, апар), үшінші жақтың жекеше түрдегі осы шағы (отыр, жатыр).
Екі жасқа толғанда сын есімдер пайда болады. Сонымен, баланың сөйлеу тілінде сөздердің арасындағы алғашқы грамматикалық қатынастар белгілене бастайды: атау септігіндегі зат есімдердің жекеше түрімен ашық райындағы етістік (бала ойнап отыр), етістіктің кейбір түрлері (мысықты бер). Алайда баланың сөйлеу тілінде көптеген аграмматизмдер болады.
Бұл кезеңде сөйлемнің құрылымы 3-4 сөзге дейін кеңейтіледі. (Бота құшақ ойнайт (Бота қуыршақпен ойнайды)).
Баланың сөздердің грамматикалық формаларын меңгеру кезектілігі семантикалық функциямен және қоршағандардың сөйлеу тілінде қолдану жиілігімен реттеледі.
Бала тілінің жалпы тенденциясы болып, жиі қолданылатын флексиялардың біріншілік меңгеруі табылады [6. б. 39]. Белгілі бір уақыт бойы балалар бір ғана, ең өнімді жалғауды қолданады, А. Н. Гвоздевтің айтуынша «басқарушы». Грамматикалық мағынаны білдіретін жалғаулардың өзге түрлері, сөйлеу тілінде жоқ болып, шектеліп, өнімді флексияларға ауыстырылады. Ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрлерінде бірнеше жалғау болады (орыс тілді балаларда -ое-, нөлдік жалғау — ей-, олардың ішінде өнімді болып табылатыны -ое- флексиясы. Осыған орай, балалардың сөйлеу тілінде көп уақытқа дейін өнімсіз флексияларды -ое- жалғауына (много ложков, ножов) алмастыру байқалады. Бір грамматикалық мағынаны білдіру үшін флексиялар сөйлеу тілінде неғұрлым көп қолданылса, осы формалар соғұрлым қиын меңгеріледі.
Баланың сөйлеу тіліне тән белгі болып осы кезеңде табылатыны – ол сөздің әр түрлі формаларының негізін унификациялау [6. б. 25]. Ең алғашында сөздің түбірі мен флексия бірқалыпты біріктіріледі, ол кезде кезектілік сақталмай, дауыстылар жылдам жалғанып, супплетивизм байқалады (орыс тілді балаларда — молотоком, левы, человеки).
Сонымен, бастапқы кезде бала сөзжасаудың жалпы, ең өнімді ережелерін ұстанады (Э. Косериу, С. Н. Цейтлин жүйелері); кейін жеке ережелерді, жалпы ережелердің тармақтарын меңгеріп (тіл нормалары), тіл жүйесі ішінде дифференциация болады.
Бала тілінде бұл кезеңде әлі де көптеген грамматикалық қателер кездеседі. Бір флексиялар басқаларына алмастырылады, бірақ бір грамматикалық мағына аясында [6.б.47].
Зат есімдердің грамматикалық формалар ішінен кейбір (табыс, ілік, көмектес) септіктердің формалары меңгеріледі.
Балалардың сөйлеу тілінде ашық райындағы етістіктердің жекеше және көпше түрлерін ажыратуы байқалады, жақ бойынша өзгерту меңгеріледі (көпше түрдегі екінші жақтан басқасы), осы және өткен шақтың формалары ажыратылады, алайда өткен шақты кейде шатастыру байқалуы мүмкін [12. б. 64].
Орыс тілді балаларда сын есімдерді өзгерту меңгерілмеген [7. б. 75]. Балалардың сөйлеу тілінде зат есіммен сын есімнің үйлесуінде дұрысы да қатесі де кездеседі. Сын есімдердің көпше түрінде олар тек атау септігінде ғана дұрыс қолданылады. Бірқатар жағдайларда сын есімдерді балалар зат есімнен кейін қолданады.
Балалардың сөйлеу тілінде кеңістікке қатысты, кейбір семантикалық қарапайым сөздер пайда бола бастайды: үстінде, астында, қасында, алайда оларды қолдануы тіл нормасына сай келе бермейді, жалғауларды алмастыру байқалады.
Баланың сөйлеу тілі дамуының бастапқы кезеңдерінде кеңістікке қатысты сөздер болмайды (үстелдің үстінде — үтей). Алайда, бұл кезең ұзаққа созылмайды. Флексияны бөліп, қолданып жаттыққан соң, бала ол конструкцияға жетіспей тұрған үшінші элементті еңгізіп, флексиямен предлогтың көмегімен лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді.
Сонымен, негізінен көптеген грамматикалық формалар игеріледі. Бірақ, тілдің морфологиялық жүйесі толыққанды меңгерілмейді.
Бала грамматикалық формаларды түрлеріне қарай, жүйелейді, көптеген жеке формаларды меңгереді. Бұл кезеңде морфологиялық элементтерді қолдану едәуір қысқарады (сөз шығармашылығы), себебі бала грамматиканың жалпы ережелерін меңгерумен қатар, жеке ережелерді, жалпы ережелерді қолдануға арналған «фильтр» жүйелерін де игереді.
Бала тілінде 4 жасқа дейін кейбір жағдайларда сөзөзгертуде екпіннің өзгермеуі байқалып жатады. (аа тта), сөз негізінің унификациясы тенденциясы (орыс тілді балаларда — пени, левы). Төрт жастан кейін, мұндай окказионализмдер бала тілінде жоғалып кетеді, етістіктің негізіндегі бұзылыстар байқалады (орыс тілді балаларда- заплатю).
Сонымен, мектепке келген уақытта бала практикалық грамматиканың күрделі жүйесін толық меңгереді. Тілді практикалық меңгерудің бұл деңгейі өте жоғары болып есептеледі де, баланың мектеп жасында ана тілінің грамматикалық заңдылықтарын саналы түрде түсінуіне мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі жастағы ЖСТД балалардың сөйлемінің синтаксистік құрылымының қалыптасуының лингвистикалық аспектісінде сөйлем- грамматикалық белгіленген, мағыналық және интонациялық аяқталуы бар және ақпаратты, сұрақты немесе ынталандыруды білдіретін, қарым-қатынастың ең шағын бірлігі [7. б. 35].
ЖСТД балаларда сөйлемнің синтаксистік құрылымының қалыптасуының бұзылуы байқалады.
Е. Ф. Соботович ЖСТД балаларды екі топқа бөледі (моторлы алалиясы бар) [6. б. 115]. Бірінші топтың балаларында, сөйлемнің терең-семантикалық құрылымы сақталған күйде, тілдің морфологиялық жүйесінде көптеген бұзылыстар болады. Күрделі морфологиялық аграмматизмдерге қарамастан, бұл топ балалары екі-үш сөзден құралған сөйлемнің құрылымын, сөздедің арасындағы семантикалық байланыстарды, сөздердің кезектілігін дұрыс қайталай алады. Мысалы: «Мама доп зу» (Мама допты жуды); «Бая метеп бая» (Балалар мектепке барады); «Қыз әткене отый» (Қыз әткеншекте отыр). Бұл сөйлемдерде балалар з семантикалық
компоненттен тұратын құрылымды айтты: субъект — предикат — объект; субъект — предикат — локатив.
Мысалдарды талдайтын болсақ, балалар сөйлемдегі сөздердің ретін сақтаған, бірақ сөздер арасындағы морфологиялық байланыс құралдары сақталмаған. Сонымен, балалар тобында тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйелерінің арасындағы даму диспропорциясы орын алып отыр.
Екінші топта тілдің сөйлем құрылымының морфологиялық жүйесінің бұзылуы байқалады.
Сөйлемнің синтаксистік құрылымының бұзылуын сөйлем таптарын, предикаттарды тастап кету, сөздердің ретті әдеттегідей еместігін көруге болады, оны сөйлемдерден көріп отырмыз: «Асық көп» (Балалар көп асықтарды жинап, ойнады);
«Сүт төкті» (Мысық сүтті төкті).
ЖСТД балалар әсіресе қиындықтарға тап болады: инвестерленген сөйлемдерді, енжар сөйлемдерді, салалас-құрмалас сөйлемдерді қайталағанда.
Синтаксистің бұзылуы терең деңгейде, тактіде және үстіртін синтаксис деңгейінде орын алады.
Синтаксистің терең деңгейде бұзылуы мынада байқалады: семантикалық компоненттерді меңгергенде (объектті, локативті, атрибутивті), ойларын айтудағы семантикалық құрылымның бұзылуында. Үстіртін синтаксис деңгейіндегі бұзылыстар сөздер арасындағы грамматикалық байланыстардың бұзылуында, сөйлемдегі сөздердің кезектілігі дұрыс емес болуында көрініс табады.
Арнайы әдебиеттерді талдау барысында мыналар анықталды: жалпы сөйлеу тілі дамымауының негізгі белгілері, аталған бұзылыстың типологиясы, оның аталған балалардағы көрінісі, осы кемшіліктің онтогенезде дамуы анықталды.
Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауының элементтері бар, фразалық сөйлеу тілімен сипатталады.
ЖСТД балаларда сөйлемнің синтаксистік құрылымының қалыптасуы бұзалған. Сөйлемнің синтаксистік құрылымының бұзылуы көбінесе сөйлемдегі сөздерді,
жиі предикаттарды тастап кету, қайталағанның өзінде сөздердің кезектілігінің дұрыс еместігімен сипатталады
Сонымен, әдебиеттерді талдау барысында жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру проблемасы бойынша ресей ғалымдарының бұл бағытта біршама зерттеулер жүргізгеніне көз жеткіздік. Ал, осындай тіл кемістігі бар мектеп жасына дейінгі қазақ балаларының сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру мәселесі (сөйлем құрау дағдыларын тексерудің ғылыми негізделген әдістемелері, сөйлем құрау жағдайы, қалыптастыру әдістемелері мен жолдары) бойынша зерттеулер жоқтың қасы. Тіпті мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі қалыпты дамыған қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеруге және дамытуға арналған әдістемелер де құрастырылмаған. Мәселенің көкейтестілігі мен жеткіліксіз зерттелгендігі, біздің жұмысымыздың тақырыбының өзектілігін дәлелдегендіктен, біз алдағы зерттеуімізді осы мәселеге арнап алып отырмыз.
1. Агранович, 3. Е. Сборник домашних заданий в помощь логопедам и родителям для преодоления лексикограмматического недоразвития речи у дошкольников с ОНР. — СПб.: Детство-пресс, 2003.- 128 с.
2. Арушанова, А.Г. Формирование грамматического строя речи. — М.,2005. — 296
с.
3. Балобанова, В.П., Богданова, Л.Г., Венедиктова, Л.В. и др. Диагностика нарушений речи у детей и организация логопедической работы в условиях дошкольного образовательного учреждения. — СПб.: Детство-пресс, 2001.
4. Бельтюков, В. И. О закономерностях развития речевой функции в онтогенезе
// Вопросы психологии. — 1984. -№5.
5. Вапявко, С. М. Психолого-педагогические аспекты изучения речевой активности дошкольников с общим недоразвитием речи /С. М. Валявко, И. В. Дроздова// Специальная психология. — 2007. -N3. — С. 46-53.
6. Гаркуша, Ю. Ф. Система коррекционных занятий воспитателя в детском саду для детей с нарушениями речи. -М., 1992.
7. Глухов, В. И. Особенности связной монологической речи детей старшего дошкольного возраста с общим недоразвитием речи. Л., 1999
Резюме
В статье рассматриваются теоретические основы исследований синтаксической структуры предложения детей с общим недоразвитием речи дошкольного возраста.
Summary
This article discusses the theoretical basis of the syntactic structure of research offers children with general speech underdevelopment preschool.