ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
Қазіргі таңда қоғам өзгерісіне байланысты негізгі мәселелердің бірі
ретінде зияты зақымдалған балаларды ұлттық негізде тәрбиелеу қажетті
болып отыр. Ұлттық тәрбие-қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі,
жас жеткіншекті тәрбиелеу деп түсінеміз. Елбасы Н. Назарбаевтың «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында патриотизм, саяси ерік жігер —
жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлар бөлімінде «Өткен
жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен жолымыз тындырған
ісіміздің нәтижесі таңқаларлықтай болды. Мұның бәрі де жаңа жалпы
қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, көп
ұлтты қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екені
негізгі мақтаныш пен сенімді туындатады» деп атап көрсетілген. Алайда,
құбылып тұрған әлеумет жағдайына қарамастан, зияты бұзылған балаларды
патриоттыққа тәрбиелеу ісін қолға алатын уақыт келген сияқты. Олар
кімдер? Оларға қалай көмек көрсете аламыз?
Зиятында ауытқуы бар балалар әр түрлі зиянды себептердің
салдарынан интеллектуалды дамуы ауытқыған, ақыл-ойында, ойлау
әрекеттерінде кемістіктер немесе кемақылдылықтың клиникалық түрлері
анықталған балалар.
Зиятында ауытқуы бар балаларды XX ғасырдың 20 жылдарында пайда
болған дефектология ғылымының негізін қалаушылардың бірі
Л.С.Выготский 1924 жылы басқа сала ғалымдарымен біріге отырып,
зиятында ауытқуы бар балаларды кеңінен зерттеді. Зияты зақымдалған
балалардың әлеуметтік ортада өмір сүріп, тіршілік ету құқығын қорғауға
арналған үш түрлі факторлардың әсеріне тоқталып өтейін:
 Бірінші, бала психикасының дамуына кері әсерін тигізетін көру
мен есту талдағыштарының зақымданып, түйсіну, қабылдау, есте
сақтау, ойлау сияқты психикалық үдерістердің қалыпты дамымауы
немесе олардың әрекетінің сапасының өте төмен болуы.
 Екінші, баланың естуі мен сөйлеуі жетілмегендіктен сыртқы
қоршаған ортаға бейімделе алмай, кеңістікте бағдар таба алмай қалуы
осыдан барып оның әлеуметтік бейімделуінің қиындауы.
 Үшінші, көрсетілген психикалық процестердің бұзылуы баланың
ақыл ойының кемістігіне, жоғары жүйке қызметінің бұзылуына әсер
етеді. Сонымен қатар, күрделі психикалық үдерістердің негізі болып
табылатын есте сақтау мен ойлау әрекеттерінің өрістемей тоқырап
қалуына және баланың дамуына кедергі болуы.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне «патриотизмді,
мәдениеттілікті, қасындағы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу» қажеттілігі
көрсетілген. Дегенменде әр отбасында патриоттық туралы жиі әңгімелер,
деректер айтылуы керек. Бала сол арқылы Отанға, туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыра алады. Демек Қазақстанның нағыз патриоттары болу
үшін аталған шарттарды қалтқысыз орындауымыз шарт.
Есте болатын жәйт, кемақыл балалардың бойындағы сан қилы
ауытқуылардың сыр-сипаты мен белгілерін, себептерін жете анықтап алмай,
олармен жүргізілетін тәрбиелеу, оқыту, түзету және әлеуметтік бейімдеу
жұмыстарында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Соған сай
мына мәселелерге көңіл аударған жөн.
 Кемақылдылықтың әр түрінің себебі, патогенетикалық даму
ерекшеліктері, клиникалық белгілері, дәрежесі, зақымдалған ағзалар
мен ағзалар жүйесінің жалпы әрекетінің жағдайын анықтау қажет.
 Дені сау балалармен зияты зақымдалған балалардың дамуы мен
қалыптасуының жалпы ортақ заңдылықтарын есте ұстай отырып,
кемақыл балалардағы кездесетін кемістіктердің ерекшелігін айқындау
қажет. Бұл бағытта жүргізілетін зерттеулер кемақыл балалардың
жоғары психикалық қызметінің даму сипатын қарапайым психикалық
даму ерекшеліктерімен салыстыра отырып, қарастырғанда ғана нәтиже
береді. Баланың ақыл ойының жекеленген сезім мүшелерінің
қызметінің, дене құрылысының ауытқуларын түзетіп, оларды
толықтыру үшін әруақытта психологиялық қызметті жетілдіру қажет.
 Инттеллектуалды кемістіктердің әрбір түрін жан жақты зерттегеннен
кейін, оларды түзету толықтыру үшін қолайлы жағдай жасау керек.
Сол себептен де, Л.С.Выготский мынандай теориялық ережелерді
тұжырымдайды:
— адам психикасы құрлымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның
бұзылуы, барлық жүйенің қызметін өзгертетіні туралы;
— бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы;
— қалыпты және дамуы ауытқыған балалар-дың дамуындағы факторлардың
бірдейлігі туралы;
— ауытқыған дамудағы бірінші және екіншікемістік туралы, дамуы ауытқаған
балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;
— баланың психикалық жоғарғы қызметтерінің дамуындағы ұжымның фактор
ретінде қарастырылуы туралы.

Аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып, осындай балаларды қалай
патриоттыққа тәрбиелейміз. Енді осы бағытта құндылықтарды ұлттық тәрбие
арқылы өндіру жолдарын қарастырайық:
 Бала бойында белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы,қоғам
құндылықтары мен міндеттері бала санасында болу;
 Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысу,
 Қазақстан және туған жер аймағының тарихын білу;
 Тарихи деректерді әділетті бағалау,талдау, тарихи процестерді
өзінше талдау, талданған мәселені, қабылданған шешімдерді
қарау;
 Жеке тұлғаның рухани байлығын қабылдау және оны өмірде
қолдану
 Қоғам және мемлекет өміріне белсенді қатысу;
 Жеке адамды құрметтеу, басқа адамды жеке тұлға ретінде, өз
таңдауын жасауға құқылы деп қабылдау;
 Азаматтық және патриотизмді тәрбиелеу, Отанын сүюге,
мемелекеттік рәміздерді құрметтеу, халқымыздың салт дәстүрін
құрметтеу;
 Басқа елдің де салт дәстүрінен хабардар болу, қоғамда рухани
құндылық пен мәдениеттің қажеттілігін ұғыну;
Мұның бәрі зияты бұзылған баланың жеке тұлға ретінде дамуына,
қажетті ізгілік қасиеттерін бойына жинау арқылы патриоттыққа тәрбиелеу
үшін мән беріліп отыр.
Зияты бұзылған балаларды ұлттық негізде патриоттыққа тәрбиелеу
үшін тәрбиелік шараларды жиі өткізу қажет. Балаларға сабақ барысында
тарихи тұлғалар, мәдени тұлғаларды кеңінен таныстыру қажет.
Бүгінгі бала- ертеңгі болашақ иесі. Сонымен бірге, балалардың дара
ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеудің ең алғашқы сатысынан бастап
оларға саналы тәрбие беру, оған ұлттық мағына бере келіп, зияты бұзылған
балаларды тәрбиелеп шығару — халықтың тәлім тәрбиесі түрлерін көбірек
насихаттап, ұрпақ бойына ізгілік, адамгершіліктің жақсы қасиеттерін
жүрегіне ұялатсақ, олардың өз тіліне, Отанына, дініне, халқына деген
сүйіспеншілігі артып, өз елінің әдет ғұрыптарын бойына аздап сіңіруі сөзсіз.
Патриоттық тәрбие беруде бірнеше міндеттер алға қойылады:
 Патриоттық тәрбие жүйесінің формасын жетілдіру;
 Патриоттық тәрбиені жетілдіруде уақытты тиімді пайдалану;
 Баланың қызығушылығын арттыру, жанұя жағдайын үнемі
бақылауға алу;

С.Қалиев, М. Оразбаева қазақ халқының салт дәстүрлеріне тоқтала
келіп, үш жақтылығын көрсетті: ол ұлттық сезім, ұлттық дәстүрлер, ұлттық
мінез. Осы үш ұлттық мәдени ерекшеліктің шарты болы есептеледі.
Ұлттық сезім — баланың туған, өскен еліне, ана тіліне, ұлттық салт
дәстүріне деген сүйіспеншілігін білдіреді. Зияты бұзылған балаларды ұлттық
негізде патриоттыққа тәрбиелеу жауапты іс. Ол қалай орындалмақ?
Саналы, сауатты халқымыздың барлық салт дәстүріне де әлем
мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін балаларды тәрбиелеу
бүгінгі барлық арнайы мамандардың басты парызы.
Зияты зақымдалған балалардың елін, жерін, тілін, дінін, салтын шексіз
сүюіне де қадірлеп, қастерлеуіне де тәрбиелейтін әсер ететін бірден бір
мамандар. Баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып: шығармашылық,
рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтын берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай
жасау арқылы патриоттыққа тәрбиелей аламыз. Бүгінгі таңда, зияты
бұзылған балаларды ұлттық тәрбие арқылы патриоттыққа тәрбиелеу,
көпшілікпен, ұжымдық тұрғыда мамандарға міндеттеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру
жүйесін дамыту бағдарламасы. 2011. 5-9б.
2. Майғанова. Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы. «Ғылым»
ғылыми баспа орталығы.- Алматы, 2001. 9 бөлім. 220 б.
3. Қалиев С., Оразбаева М., Смайлова М., Қазақ халқының салт
дәстүрлеріне.А., 2002.
4. Болдырев Н.И Мектептегі тәрбие жүмысының методикасы.-
Алматы: Мектеп, 2000.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *