Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо коронавирус жұқтырғандар саны көбейген Бруклин және Куинс кварталында мектептерді жабуды бұйырды, — деп хабарлайды REUTERS.
Мектептерді жабу туралы жоспарды Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио ұсынды. Ол мұны тоғыз ауданда жеті күн қатарынан коронавирус жұқтырғандардың көрсеткіші 3 пайыздан асқаннан кейін жасады. Штат билігі бұл жоспарды қолдады.
«Мен өз баламды жібергім келмейтін мектептерге Нью-Йорк отбасылары жібергенін қаламаймын, оған жол бермеймін», — деді Куомо.