Ұрпақ сүю
Өмірлік серік ретінде бір-бірін таңдап, ақ некесін қиған жас жұбайлар жанұялық өмірдің табалдырығын аттаған күннен бастап, болашақ сәбиінің жағдайын да ойластыруы керек. Себебі, дүниеге келетін сәбидің тәрбиесінде жүктілікке
дейінгі кезеңнің де өзіндік орны бар. Бұл кезең туралы ерлі-зайыптыларға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерінде өсиеттер айтылып, бағыт-бағдар көрсетілген. Мысалы, Құран Кәрімде: «Оларға (яғни әйелдерге етеккірден) тазарғанға дейін жақындаспаңдар»,12 − деп, ондай күндері төсек қатынасына тыйым салады. Түрлі ауруларға себеп болатындықтан бұған медицина бойынша да рұқсат етілмейді. Ал, мұсылман ғалымдарының пайымдауынша, осы тыйымның бір ұшы болашақ ұрпаққа әсер етіп, баланың ауру болып туылуына ж
ол ашуы мүмкін13.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде:
«Жұбайларыңа жақындайтын кезде «Бисмилләһ, Раббым, мені шайтаннан, шайтанды да бізге нәсіп ететін перзенттен алыстата гөр!» – десе әрі осыдан кейін Аллаһ оларға перзент нәсіп етсе, шайтан ол балаға ешқашан жамандық жасай алмайды»14, – деп баяндайды. Хадистің мазмұнына терең үңіліп қарайтын болсақ, болашақ ұрпақтың шайтанның тұзағына түспейтін, ақылды, адал ниетті болуын ақ отаудың алғашқы күнінен-ақ ойластыру керек екенін байқаймыз. Демек, отау құрған күннен бастап, ерлі-зайыптылардың әрбір әрекеті болашақ баланың тәрбиесіне әсер етпек.
Ғұламалар кейбір хадистердегі ескертулер шайтанның жамандығынан сақтану мақсатын көздейді деп топшылайды. Мысалы, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы бір хадисінде, ерлі-зайыптылардың түнде төсекке жатқанда, денелерін жамылуы қажеттігі ескертіледі15. Хадисті талдаған ғалымдардың пікірінше, оның бір себебі – адамның әурет жерлері ашылған кезде періштелер ұялғандарынан бөлмеден шығып кетеді. Ал періште жоқ жерге шайтан үйірсектейтіні белгілі.
Сондықтан сол түні Аллаһ тағала оларға бала нәсіп етсе, балаға шайтанның серік болатыны айтылады. Ал кей ғалымдар мұндай баланың ұяттан кенде болып туылатынын алға тартады16.
Бала тәрбиесіне қатысты еңбектерде жас отаудың түрлі нәзік мәселелерін қозғайтын құнды деректер бар. Мысалы, ерлі-зайыптылар лықа тойып жатып, сол түні оларға бала нәсіп етілсе, баланың жайбасар, ал егер асқазаны қалыпты жағдайда болса, баласының ширақ болатыны баяндалады17. Сонымен қатар, ғалымдардың топшылауынша, егер ерлі-зайыпты жандар жыныстық қатынастан соң: «Уа, Раббым! Бала берсең атын Мұхаммед деп қойдым» деп тілек тілесе немесе әйел оң жағына қарап жатып аз ғана ұйықтаса, онда дүниеге ұл келуі мүмкін18. Дей тұрғанмен, бұл айтылғандардың шариғатта бекітілген нәрселер емес, тек мұсылман ғұламаларының түйген ой-пікірлері екенін есте ұстаған абзал. Бұл жерде ескеретін бір мәселе, дініміздің ерлізайыптылардың әрбір әрекетінің болашақ баланың мінез-құлқына, болмысына әсер ететіндігіне басты назар аударуы.
Бала жатырға түскенге дейінгі оның болашақ тәрбиесіне қатысы маңызды қадамдардың бірі – ұрық тазалығы. Бұл жайында педагог ғалым С. Ғаббасов өз ойын былай білдіреді: «Семья (отбасы-ав.) құруға дайындалу кезеңінде, екінші бір көңіл аударатын үлкен мәселе, бұл осы уақытқа дейін ескерілмей де, тіпті айтылмай да келген ұрық тазалығы жайындағы түсінік. Адамзат қауымы бүкіл саналы тіршілігінде – өзі өсіріп отырған өсімдіктің дәнінің сорттылығын жетілдірумен болса, ал үй хайуанаттарының тұқымын асылдандыруды ойлап, арып-шаршай жүріп, өз ұрпағының келешегін мүлдем естен шығарып алғандығына не деуге болады? Тіпті, ол өзінің ұрпақтарын асылдандырмақ түгілі, ұрығының тазалығын сақтауға да тырыспайтындығын қалай түсінеміз?»19.
Ары қарай жазушы тіпті табиғат қойнауында тіршілік ететін күллі жан-жануардың ұрпақ қамына кірісерде судың тек тұнығын ішіп, шөптің асылын жеуге тырысатынын айта келіп, ал халық тәрбиесінің тәлімінен көптен бері қол үзіп қалған жандардың керісінше, ақ отауға кірер
алдында той жасап, тойда арақ-шарапты судай сіміріп, екі жасқа да ішкізіп, соның салдарынан уланған ұрпақтың дүниеге келетінін, осылайша болашағымызға өз қолымызбен балта шауып жатқанымызды баяндайды20. Негізінде бұл – өмір салтының мұсылмандық дәстүр
лерінен қол үзіп қалғандығымыздың белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде ішке түскен бір түйір харам азықтың қырық күн бойы адам денесінен кетпей қанында жүретіндігін ескерткен. Қырық күн бойы қанның құрамында сақталатын харам азықтың адам ұрығына да әсер ететіні даусыз. Харамнан сақтанып, тек адал ырзықпен қоректенген пенденің ұрығы да, перзенті де қай жағынан болсын мұнтаздай таза болары анық.
Әңгіме!
Қайырлы ұрпақ қайтсе туады?
Сәбиттің жігіт кезі еді. Бірде ол арықта ағып келе жатқан қып-қызыл алманы көреді. Іле қолына алып қызықтап тұрып, шыдамай бір тістейді. Артынша: «Бұл ісім дұрыс болды ма өзі? Мүмкін бұл алманың иесі бар шығар? Байқамай біреудің ақысын жеп қоймадым ба?» – деп күдіктеніп, өзен бойымен жоғары қарай өрлеп, алманың иесін іздеуге шығады.
Әлден уақытта алдынан бір бау кезігеді. «Жеген алмам осы баудан шығар» деп ойлаған Сәбит баудың иесіне барып жолығып, мүмкін болса, кешіруін өтінеді. Бағбан үш жыл өзіне қызмет етсе ғана кешіретіндігін айтады. Амал жоқ келіседі.
Жігіт үш жыл өткен соң, кетуге рұқсат сұрайды. Бағбан оған:
«Тағы бір шартымды орында, менің бір қызым бар. Көзі көрмейді, құлағы естімейді, қол-аяғы сал, өзі мылқау. Соған үйленесің», – дейді. Жігіт тағы да келісімін береді.
Бірақ жігіт қызды көргенде таңғалады. Өйткені, қыздың еш кемістігі жоқ сап-сау әрі сұлу еді. Бағбаннан мұның мәнісін сұрайды. Сонда бағбан: «Қызым ұят нәрселерге қарамайтын, сол үшін оны «соқыр» дедім; ал «керең» деуімнің мәні − қызым балағат сөздерді естіген емес.
Харам нәрсеге қол созған емес, харам жерге аяқ басқан емес, сол себепті оның «қол-аяғы сал» дедім. Аузынан ғайбат сөз шықпағандықтан оны «мылқау» дедім. Қызымды сен сияқты кісі ақысын жемейтін, тақуа, иман жүзді жігітке берсем деген арманым бар еді. Бір көргенде-ақ сенің адал екеніңді байқадым. Сонда да сынап көргім келді. Бұдан былай ерлі-зайыпты болып, бірге тату-тәтті өмір сүріп, бақытты болыңдар!», – деп ақ батасын береді.
Міне, осындай пәк, тақуа, текті отбасында әлемге әйгілі ғалым имам ағзам Әбу Ханифа дүниеге келген.
Мүбәрак күйеу бала
Ертеде Мәрв қаласының қазысы бойжеткен қызына жар іздепті. Хабар елден-елге тарап, құда түсушілердің саны күнненкүнге артса керек. Бірақ, неге екенін, айттырушылардың ешқайсысына қазының көңілі толмапты. Сөйтіп жүргенде бір күні түс көріпті. Түсінде қызының теңі есігінде жүрген Мүбәрак деген құл екендігі аян болыпты. Түсті қатарынан бірнеше рет көрген соң лажсыз құлын ары-бері сынапты. Сенімді, салиқалы екеніне көз жеткізгеннен кейін қызын ешкімнің қарсылығына қарамастан құл да болса соған некелеуді ұйғарыпты.
Арада бір айдан аса уақыт өтеді. Бір күні қазы қызының қалжағдайын біліп қайтайын деп жас жұбайлардың үйіне барыпты. Оңаша әңгіме барысында қыз күйеуінің өте жақсы кісі екенін, алайда осы уақытқа дейін қасына әлі жақындамағанын білдіреді. Қазы дереу күйеу баласын шақыртып, істің мәнісін сұрайды. Жігіттің жауабын естігенде, қазының еріксіз көңілі босапты. Қызын нағыз өзі арман еткен жігітке қосқанына көзі жетіп, Аллаһқа мың мәрте шүкіршілік айтыпты. Атасының сауалына күйеубаласы: «Қаланың атақты биі болғандықтан сізге келіпкетушілердің көп екендігі белгілі. Сыйлықтар мен сый-сияпаттар да әкеліп жатады. Сол сый-сияпаттардан қызыңыз аңдаусызда дәм ауыз тимеді ме екен деген ой келді. «Харам ас жесең, оның әсерінен қырық күн өтпейінше толықтай арылмайсың» дегенді хадистерден оқып едім. Сол үшін қымбатты жұбайымды алдымен қырық күн өз маңдай теріммен тапқан адал табыспен асырағанды жөн көрдім. Сонда ғана Аллаһ тағаланың нәсіп етер ұрпағы ертең иманды, көргенді болар деп үміт еткен едім», − деп жауап берген екен.
Кейіннен осы шаңырақта дүниеге келген Абдуллаһ ибн Мүбәрак өскенде беделді ғалым әрі әулие кісі болыпты.
Бір ескерте кетерлігі, біз бұл жерде ерлі-зайыптылар осылай міндетті түрде қырық күн тазару керек деген ой айтудан аулақпыз. Өйткені, бұл шариғат белгілеген нәрсе емес. Тек бұрынғы тақуа мұсылмандардың қайырлы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы барған қадамдары ғана. Бәлкім, осы ғибратты әңгімелер біздің де бала тәрбиесіне деген жауапкершілігімізді арттырар.
Дұғаның маңызы
Дұға – әлсіз, әлжуаз пенденің құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымен үнемі байланыс құруы, арқа сүйеуі. Дұға – мұсылмандағы асқақ арман-тілектің көрінісі. Адам баласының осы асқақ арман-тілегінің ішінде ұрпақ сүю де бар. Сондықтан ол Жаратқаннан ұрпақ сыйлауын сұрап, дұға жасайды. Бірақ сұраған ұрпақ қандай болуы қажет? Бұл мәселеге қатысты да Құран аяттары пайғамбарларды мысалға келтіре отырып, ерлі-зайыптыларға ұрпақ сұрағанда қалай дұға жа сау керектігін үлгі етеді. Мысалы, Құран Кәрімде Зәкәрияның (а.
с.) шын жүрегімен Аллаһқа жалбарынып, былай деп тілегені баяндалады:
«Ол жерде Зәкәрия дұға жасады: Раббым, маған пәк ұрпақ нәсіп ете гөр! Күмәнсіз, сен дұғаны шын мәнісінде естушісің!»21.
Зәкәрия пайғамбар (а.с.) жай ғана ұрпақ тілеп тұрған жоқ, Аллаһты сүйіндіретін, пайғамбарды қуантып, әкенің көңілін марқайтатын, ұлттың тірегіне айналатын таза, арлы ұрпақ сұрап тұр.
Ибраһим пайғамбар (а.с.) ауылынан шығып бара жатқанда: «Аллаһ тағалам, маған салиқалы бір ұл бере гөр»22 деп дұға жасайды. Жаратушы Ие дұғасын қабыл алып, Исмайыл пайғамбарды (а.с.) береді. Ибраһим пайғамбар мен ұлы Исмайыл (а.с.) Қағбаны салып жатқанда да былай деп дұға жасаған:
«Уа, Раббымыз! Бізді Саған бас иетіндерден қыла гөр! Ұрпағымыздан саған бағынатын үмбет шығара гөр! Бізге ғибадат жөнін көрсет, тәубаларымызды қабыл ала гөр! Өйткені, Сен тәубаларды қабыл етуші әрі өте мейірімдісің»23.
Олар шынайы мұсылман, саналы ұрпақ тіледі. Ибраһим пайғамбар мен ұлы Исмайыл Қағбаны тұрғызу барысында Жаратқанға көп жалбарынады. Сол дұғатілектің бірі – сауапты іске үйір, өнегелі ұрпақ еді. Хақ тағала олардың шынайы көңілмен жасаған дұғаларын қабыл алып, Ибраһим пайғамбардың ұрпағынан жүздеген пайғамбар, ал оның ұлы Исмайылдың ұрпағынан адамзаттың асылы – Мұхаммед пайғамбарды (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) дүниеге әкелді.
Ибраһим пайғамбар:
«Уа, Раббым, мені және ұрпағымды намазын тастамай оқитындардан ете гөр! Уа, Раббым, осы дұғамды қабыл ете гөр!»24 − деп діндар әрі тақуа ұрпақ тілейді.
Ал Адам пайғамбар (а.с.) мен Хауа анамыз былай деп дұға жасаған:
«Ант етейік, егер бізге игі бала берсең, Саған шүкіршілік білдіретін боламыз»25. Құран тәпсіршілері бұл дұғадағы «игі баланың» он екі мүшесі сау, ақылесі дұрыс бала екенін білдіреді. Демек, дұғада болашақ баламыздың денсаулығын да тілеу артық емес.
Құран Кәрімде пайғамбарлармен қоса игі кісілердің де Аллаһ тағаладан ізгі ұрпақ тілегені баяндалады:
«Және ол кісілер: Раббымыз, бізге көзіміздің нұры боларлық ұрпақ нәсіп ете гөр! Әрі бізді тақуа жандарға имам қыла гөр!» деді»26.
«Көздің нұры» боларлық ұрпақ – ата-анасын қуантатын, адамзаттың қамын ойлайтын, халқына пайдасы тиетін ұрпақ емес пе?! Олай болса, Құран кәрім осындай ізгі ұрпақ тілеу керектігін үйретуде.
Ал Имранның жұбайы Мәриямды туған кезде: «Оны (Мәриямды) және оның ұрпағын қуғынға ұшыраған
шайтанның жамандығынан сақтай гөр»27
− деп тілеген екен. Бұл дұға көбіне әйелдер босанатын кезде айтылады. Дегенмен, бұл тілекті жалпы ұрпаққа қатысты да айтқанның артықтығы жоқ.
Құранда берілген дұғалардан адамзат үшін ізгі ұрпақтың қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Себебі, пайғамбарлардың өзі кейінгі ұрпағының
тақуалығын тілеген. Біз пендешілікпен әйтеуір бір ұрпақ бере гөр немесе ұл не қыз болсын деп сұрап жатамыз. Ал оның қандай болып өсетінін көп ойлана бермейміз. Сондықтан Ұлы Жаратушыдан салиқалы ұрпақ сұрау керек. Ол үшін ұрпағымыз өмірге келмей тұрып аталмыш мазмұндағы иләһи дұғаларды көбірек жасаған абзал.
Құдайберді Бағашар