Табиғат зоналары  

Табиғат зоналары  

 

1.  Геологиялық процестер тарихының табиғат зоналарының қалыптасуына

     тигізетін әсері;

2. Зоналар дың табиғат ресурстары, оларды қорғау;

3. Табиғат зоналарының шаруашылытқа пайдалану ерекшеліктері;

 

Табиғат зоналары дегеніміз – климаты ,топырағы, өсімдіктері,жануарлары өзара ұқсас,ендік бағытта созылып жатқан тнрриториялар.

Олар ТМД елдерінің территориясындағы үлкен-үлкен жазықтықтарда орналасқан, яғни олардың орналасу қатары мынадай:

  1. арктикалық шөл,
  2.  тундра
  3. орман тундра
  4. орман
  5. орман дала
  6. дала
  7. шөлейт
  8. шөл

Балтық теңізінен шығысқа қарай климаттың құрғақтығы артып, территорияның тарихы қалыптасу мен рельеф өзгереді, яғни аймақтың өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі түрліше болады. Сондықтан ТМД елдерінің территориясында 5 ендік секторы бөлінген.

  1. Батыс Европа
  2. Шығыс Европа
  3. Туран сібір
  4. Шығыс сібір
  5. Қиыр шығыс

Неоген дәуірінен бастап ТМД елдеріндегі жазықтық аймақтарда ендік зоналары қалыптаса бастады. Ал неоген төрттік кезінде жаңа тектоникалық қозғалыстарының әсерінен, климаттық суы мен және таулы аймақтардағы мұздықтардың пайда болуынан табйғат зоналары үлкен өзгеріске ұшырады.

 

2-кесте. ТМД елдері территориясындағы табиғат зоналарының  климаты мен    халқы туралы мәліметтер

 

Табиғат зоналары

Зоналардың ауданы

 мың. км2

Жауын -шашын мөлшері мм/жылына

Орташа температура

Халқының саны млн. адам.

Халықтың тығыздығы

адам/км2

Шілде 0С

Қаңтар 0С

1

Арктикалық шөл

135

300-400

0

-14-32

0

2

Тундра

900

300-500

1-12

-15-38

2

2,2

3

Орманды-

тундра

700

400-600

8-14

-10-30

2

2,8

4

Тайга

6800

300-800

10-19

-8-44

30

4,4

5

Аралас ормандар

1010

600-800

17-22

-5-20

63

62,4

6

Орманды –дала

1330

400-600

19-22

-14-20

70

52,6

7

Дала

1860

400-500

20-24

-5-22

30

16,1

8

Шөлмен шөлейттер

2360

200

23-32

-10-16

7

3,0

9

Құрғақ субтропик

60

200-300

23-28

0—8

2

33,3

10

Ылғалды субтропиктік

20

1200-2000

23-26

+5

2

100,0

11

Таулы ланд-р

7225

300-3000

0-32

0—48

64

8,8

12

Барлығы

22400

272

12,1

 

Арктикалық шөл зонасы, оған Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер және Новосибирск аралдары жатады. Зонаның көп бөлігін мұздар басып, жылдың барлық мезгілінде қар жамылғысы жатады.

Зонаның батыс бөлігінде жыл бойы арктикалық ауа массалары ықпал етіп, орта есеппен жылына 200-400мм жауын шашын түседі, жауын-шашынның барлық мөлшері қатты түрде, яғни қар, қырау түрінде түседі.

Арктикадағы топырақ түзілу процесі тек қана топырақтың беткі қабатында жүруде, яғни дамудың алғашқы сатысында қалыптасып келеді.Өзен аңғарлары мен теңіз  трассаларында полярлық шөл топырақтары таралған, олардың құрамындағы гумустың мөлшері 1,5%, сол сияқты арктикалық шөлдерде, әсіресе оңтүстігінде көлдер өте сирек кездесіп, батпақтар жоқтың қасы, өсімдіктердің көпшілігі қатаң экологиялық жағдайларға бейімделген. Мұз баспаған және қар аз мөлшерде түсетін жазықтық аймақтарда жануарлардан песец, солтүстік бұғысы, ақ аю мекендейді. Аралдардың құзды жағалауларында құстардың көп түр-і чайка, дегелек және т.б. өседі.

Тундра зонасы. ТМД елдерінің солтүстік бөлігінде орналасып, оның жалпы аумағының 8 % алып жатыр. Оның жер бедерінде қырқалы және төбелі жерлермен бірге жазықты жерлерде кездеседі. Мысалы,Таймыр және Чукотка таулары осы зонада мезозой қатпарлығында қалыптасқан.

Тундра- бұл суық поляр күні мен түн зонасы, мұнда жаз қысқа әрі салқын, жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-500мм, оның көп бөлігі шілде мен тамыз айларында түседі, ал, аязды күндері тундрада 8-9 айға созылып, қыстыгүні ауа температурасы -520-қа дейін төмендейді.

Тундра зонасында күшті желдер жиі-жиі соғып, ауаны көбінесе бұлттар қаптап жатады. Ең күшті желдер Ямал түбегі мен Енисейдің төменгі сағасына тән. Тундраның солтүстік бөлігінде көпжылдық мұздықтар басып, олардың жаздыгүні  0,5 -1м-ге дейінгі қабаты ериді де, соның нәтижесінде батпақтар пайда болады. Тундра зонасы территориясының 70%-ке жуығы батпақты аймақтарда  орналасқан.

Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап тундрада ұзаққа созылатын қыс басталады, желтоқсанда күн ұясына батып, поляр түні басталып, ақпан айында аяқталады.Сәуір айынан ақ күндер басталып, шілденің ІІ жартысынан поляр күні басталады. Жаздыгүнгі көп мөлшерде жылу түскенімен, ол жер бетіне сіңбей аппақ қар мен көп жылдық тоңдардан шағылысып кетеді.

Тундра зонасының климаты батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады, яғни Мурманск жағалауында Атлант мұхитының әсерінен теңіздік ылғалды климат үстемдік етіп, жылына орта есеппен 500мм-дей жауын-шашын түседі, ақпан айындағы орташа t-6,20С, шілде +110С. Ал, шығысқа қарай климат бірте-бірте континентальді- материктік типке өтіп, Лена өзенінің құя беріс сағасында орташа температура қаңтарда -320С, шілдеде +50С, жылына 200мм жауын шашын түседі. Ал, Колыма өзенінен кейін тундраның климатына Тынық мұхиты ықпал етіп , теңіздің суық климаты үстемдік етеді, яғни қаңтардың орташа температурасы -25 -300С, осындай төменгі температура  топырықтағы химиялық және биологиялық процестердің жүруіне кері әсер етуде. Тундра зонасында негізінен тундралы-глейлі және құба топырақтар таралған, ондағы гумустың мөлшері 2-3%, бұл зонада вегетациялық кезеңнің қысқа болуына байланысты бір жылдық өсімдіктер аз, тіпті өспейді деуге болады, яғни көбінесе көпжылдық өсімдіктер өседі.

Тундра зонасын 3 подзонаға бөлуге болады:

  1. Арктикалық тундра, бұл ТМД елдерінің ең солтүстік бөлігінде жатыр, өсімдіктері жасыл мүктер мен  қыналар, бұтақты өсімдіктер өспейді.
  2. Мүк-қыналы тундра — Вайгач аралынан Колымаға дейін созылып жатыр, өсімдіктерді мүк-қынамен бірге шөптесінд»- бұталы өсімдіктер.
  3. Оңтүстік тундра өсімдіктері ағашты, бұталы, шөптесін өсімдіктер.

   Орманды-тундра зонасы тундраның оңтүстігіндегі орман зонасына өтпелі зона. Бұл зонаның климаттық жағдайлары тундраға қарағанда анағұрлым жылылау болып келеді, тек батыстан Енисейдің төменгі ағысына дейін ауа температурасы суықтау болады, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -100С -300С-қа жетеді. Ал орманды тундраның шығыс бөлігінде анағұрлым аязды, суық, қаңтардағы орташа ауа температурасы -30 -350С.

Орманды- тундра зонасында негізінен топырақтың тундралы мұздықты және  глейлі-күлгінді типтері, ал  өзендердің жайылмаларында аллювиалды-шалғындық топырақтар тараған, өсімдіктерден сібір шыршасы, ақ қайыңдар өссе, жануарлар дүниесінде бұғы, песец, құстардан қаздар, үйрек, аққулар, қыран құстары мекен етеді. Олардың барлығы 9 ай қысқа бейімделген.

Орманды-тундра зонасының ландшафтысы осыдан 18-20 мың жыл бұрын мұздықтардың еруі мен Солтүстік Мұзды мұхиты суының көтерілуі нәтижесінде қалыптасқан, қазіргі кезде арктикалық шөл, тундра, орман зонасының табиғат жағдайлары өте баяу дамуда, мысалы мүктер мен қыналар жылына небәрі 1-2мм ғана өседі.

Табиғатты қорғау проблемаларына тоқталсақ,1 975ж «Остров Врангеля» қорығы ұйымдастырылған. Адамнаң шаруашылық әрекетінен топырақтың құрамы да өзгерске ұшырайды.

Орман зонасы ТМД елдерінің батыс шекарасынан шығыстағы Верхоян қыратына дейін ауысады, ол Шығыс Европа, Батыс Сібір жазақтарын, Орта Сібір үстіртін түгелдей алып жатыр. Ол ТМД елдері жалпы территориясының 34%-ке жуығын алады.

Орман зонасы негізінен 2 климаттық субарктикалық және қоңыржай белдеулерде орналасқан, ауа массасының батыс тасымалы үстемдік етеді.Арктикадан суық ауа массалары тасымалданып, ауа температурасын төмендетеді. Зонаның батыс бөлігінде қысы жұмсақ қар аз жауса, шығысында қатал, қар көп түседі, ал жаздыгүні шілдедегі ауаның температурасы 100+200С, жауын-шашынның жылдық мөлшері батыста 700-800мм, шығыста 900-600мм, қиыр шығысында 600-900мм, булануға қарағанда түсетін жауын-шашынның мөлшері көп.

Орман зонасынан ТМД елдерінің көптеген өзендері бастау алады, сонымен бірге топырақтың күлгін, күлгін-глейлі, тайганың мұздықты және шымды –гілейлі және батпақты-гілейлі типтері тараған.

Өсімдік жамылғысынан -қылқан жапырақтылар, майда және жалпақ жапырақтылар өседі. Орман зонасының 2 подзонаға бөлуге болады:

1) Қылқан жапырақты орман  немесе тайга;

2) Аралас және жалпақ жапырақты орман.

Қылқан жапырақты орманда шырша, емен, самырсын өссе, ол Амур өзені бассейні Приморья мен Охота теңізі жағалауына дейін созылады.

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар Шығыс Европа жазығында орналасып, өсімдіктерден емен, липа, шырша, қайың т.б өседі.

Жануарлар дүниесі аңдардың көптеген түрлері, құстар өссе, қылқан жапырақты орманда насекомдар өте көп тараған.

Орман зонасында кейбір сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен  жануарлардың түрлері қызыл кітапқа енгізіледі.

Орманды-дала зонасы  бұл орман мен дала зонасының арасындағы өтпелі зона, Карпат тауының етегінен Алтай тауының етегіне дейін, Шығыс Европа, Батыс Сібір жазықтары мен Оңтүстік Уралды алып жатыр.   Бұл зонада орташа жылдық жауын-шашын мен буланудың мөлшері бірдей деген сөз.

Орманды даланың климатына келсек, ол да орманның ылғалды қоңыржай типінен даланың ылғалы аз типіне өтпелі климат болып есептеледі, батыстан шығысқа қарай құрғақшылық арта түседі. Қыстыгүні Шығыс Европа жазығында күн анағұрлым қоңыржай, қары аз түсіп қаңтардағы ауаның температурасы -4-50С болса, осы жазықтықтың Шығыс бөлігі мен сібірде қыс анағұрлым суық,, қар қалың түседі, қаңтардағы орташа  ауа температурасы -15-200С қа  дейін төмендейді. Ал жазда зонаның барлық территориясында ауа массалары басым болып, шілденің орташа температурасы +20+220С, атланттық ауа массасының әсерінен жауын-шашын түседі, олардың ең көп мөлшері жылына 500-600мм-ге жетеді, шығысқа қарай біршама азайып, жылына 400-500мм түседі. Жаздағы жауын-шашын нөсер түрінде жауып, топырақтың беткі құнарлы қабатының шайылуына әкеп соғады, соның нәтижесінде жыралар қалыптасады.

Зонаның топырақ жамылғысына келсек, топырақтары лёссты создақтар мен аллювий жыныстарында қалыптасқан негізгі топырақтары: орманның сұр және қаратопырақтары. Шығыс Европа жазығындағы орманды алқаптарда сілтіленген, ал дала алқаптарында күлгін және қаратопырақ таралған. Ал Батыс Сібірдің орманды даласында шалғынды қаратопырақтар кездесіп, батысқа қарай бірте-бірте тұзды топырақтар сортаң, көбінесе аққайыңдар, шалғынды өсімдіктер өседі, фаунасынан орман мен даланың жануарлары бірдей мекен етеді.

Орманды- дала зонасында халық өте тығыз қоныстанған, сондықтан, ауыл шаруашылығы жақсы дамып, егін шаруашылығының ішінде дәнді дақылдар бидай, сұлы, жүгері және техникалық дақылдар- қант қызылша мен күнбағыс өсіріледі.

Адамның шаруашылық әрекетінен зонаның ландшафтары үлкен өзгерске ұшыраған, Шығыс Европа жазығының далалы аймақтары егін шаруашылығы үшін жыртылып, орман алқаптарының ауданы қысқарған, соның есебінен орман өсімдігінің кейбір түрлері жойылып кеткен.

Дала зонасы.      ТМД елдері территориясының Шығыс Европа мен Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде үлкен аймақты алып жатыр, яғни жалпы ауданның 17% жуығын иемденеді, бұл зона батыстан басталып, Ортасібір үстіртін, Приволжск, Ставрополь қыраттары мен Торғай ойысы, Қазақ ұсақ шоқысының солтүстігін, Днепр бойы және Каспий маңы ойпаттарын басып, Алтай тауының етектеріне дейін созылып жатыр.

Климаты анағұрлым жылы, құрғақ, жауын-шашын мөлшері мол, булану мөлшері 200-400мм-ге артық. Дала зонасында жыл бойы Атлант мұхитынан келетін ауа массалары үстемдік етіп, көктем мен күзде арктикалық ауа массалары келеді. Қаңтардағы орташа ауа теммпературасы Шығыс Европа жазығының батысында 50С, Волга жағалауында -150С, Красноярскіде-200С, Тувада -25-300С жетеді. Батыстан шығысқа қарай бұлттылық азайып, жауын-шашынның жылдық мөлшері төмендейді, яғни климат құрғақтанады. Жауын-шашын көбінесе жазда түседі, кейбір кездері ұзақ уақыт бойы жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болады, соның әсерінен дала зонасының өзендерінде су азайып, жаздың екінші жартысында көптеген өзендер арнасы кеуіп кетеді. Өсімдіктері, зона түгелімен ормансыз алқапта орналасқан, көбінесе шөптесінді өсімдіктер, соның ішінде, бетеге, жусан, ақселеу өседі. Жануарлардан, кеміргіштер, құстар, кейбір жыртқыш аңдар мекен етеді.

Топырақтары негізінен құрамында 8-10% гумусы бар қара топырақтар. Ол оңтүстікке қарай гумус мөлшері 6% ке дейін азайып, бірте-бірте селеу жусан өсетін аймақтарда құрамында гумус аз (3-4%) қызыл қоңыр топырақтар кездеседі,ал ең оңтүстікте тұзды топырақтар таралған.

Табиғатты қорғау мәселелеріне тоқталсақ, зонаның жер бедері мен  топырағы, климат егін шаруашылығы үшін өте қолайлы, көбінесе бидай, жүгері, күнбағыс  баубақша дақылдары өсіріледі, сонымен бірге зона территориясында көптеген пайдалы қазбалар, темір рудасы, тас көмір, табиғи газ, тұздар кездеседі.

Шөлейт зонасы, бұл ТМД елдерінің Каспий маңы ойпатынан оңтүстік- батыста Алтай тауларының етектеріне дейін созылып жатыр, мұнда дала зонасымен салыстырғанда климаттың құрғақтануы күшейеді, жазы анағұрлым ыстық, шілдедегі ауаның орташа температурасы +22+240С, кейде +400С қа дейін жоғарылайды.Қыста өте суық, бірақ қар аз түседі, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -120С -160С, кейбір аязды күндері -400Сқа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-350мм, ал булану мөлшері 700-800мм. Зонаның негізгі топырақ типтері-ашық қызыл қоңыр, ондағы гумус мөлшері 2-3%, ол топтар көпшілігі лёсс тәрізді жыныстарда қалыптасқан. Зонаның оңтүстік бөліктерінде сортаң және сорланған топырақтар кездеседі. Өсімдіктерден шөптесінді және сорланған топырақтар кездеседі. Жануарлар кеміргіштер, құстар, құмды аймақтарда бауырымен жорғалаушылар мекендейді

Шөлейт зонасының көпшілік жерлері мал шаруашылығы үшін жайылым ретінде қолданылып, оның жер қойнауында мұнай, көмір, мыс рудалары және тұздар да кездеседі.

Шөл зонасы, бұл Тұран жазығы, Каспий маңы ойпаты мен Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік бөліктерін және Закавказьенің шығыс бөлігінен ТМД елдерінің оңтүстігін қамтиды. Бұл зона Евразия материгінің ішкі континенттік жазықтарының мұхиттардан қашық орналасып ылғалдың жетіспеуінен пайда болған, зонаның жер бедері әркелкі, мысалы Үстірт платосы теңіз деңгейінен  132м. төменде жатыр

Шөлейт және шөл зонасының ірі өзендері Амудария, Сырдария және Іле, олар Памир және Тянь-Шань тауларынан басталып, сулары өте мол болып келеді. Бірақ кейбір Нура және Сарысу сияқты өзендерінің суы аз болып, жаздыгүні олар құмға сіңіп кетеді.

Климаты: өте құрғақ күннен келетін жылу мол болып, булану артады да, түсетін жауын-шашын азаяды, яғни жылына 200мм жауын-шашын түссе, керісінше 800-1500мм-ге дейін буланады. Шөлдің солтүстігінде қысы қатал, қар аз түсіп, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -10-120С, ал оңтүстікте өте ыстық, 300С, кейбір ыстық күндері +480С-қа жетіп,  қиыр оңтүстікте топырақтың қызуы +730С-қа жетеді.

Зонада негізінен шөлдің сұр-құба,  тақырлы және құмды топырақтары тараған, көпшілік аймақтарда сортаң территориялар пайда болған.

Мұнда өсетін өсімдіктің барлығы құрғақ климаттық жағдайларға бейімделген. Ксерофитті (құрғаққа бейім) бұталы өсімдіктер мен эфемерлі өсімдіктер. (Эфемер өсімдіктер дегеніміз- шөл мен шөлейтті зонадағы өсіп өну кезеңі қысқа, бір жылдық өсімдіктер). Жануарлары: құлан, құралай, тышқандар, жылан т.б.

Шөл зонасының көпшілік жерлері мал шаруашылығында жайылым үшін, ауылшаруашылығында  техникалық, бау-бақша, дәнді дақылдар өсіру үшін пайдаланылады.

Жер қойнауында мыс, марганец, полиметалл рудаларымен бірге мұнай, газ кездеседі.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселелеріне байланысты шөл зонасындағы сексеуіл өсімдіктерін сақтау басты мәселе болып отыр, сонымен бірге ірі құмдардың көшуі әсіресе дүние жүзіндегі Сахарадан кейінгі орынды алатын Қарақұм шөлін сақтау планеталарындағы басты мәселеге айналып отыр.

 

Тақырыбы: ТМД елдері тау жүйелерінің биіктік белдеулілігі

 

  1. Биіктік белдеулік типтері;
  2. Жекелеген таулы аймақтардың биіктік белдеулерінің спектірінің ерекшеліктері;

 

Таулы аймақтарда көпшілігінде ендік зоналарына байланысты биіктік белдеулер қалыптасқан. Биіктік белдеулігі дегеніміз теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктің артуына қарай таулы аймақтарда табиғат жағдайларының өзгеруі. Биіктік артқан сайын геоморфологиялық,,гидрологиялық топырақ түзілу процестері, өсімдіктер мен хайуанаттар әлемі де өзгеріске ұшырайды.

Таулы аудандардағы биіктік белдеуліктерінің қалыптасуына бірнеше факторлар ықпал етеді:

1)Тау жүйесінің географиялық жағдайы. Кез келген тау жүйесіндегі биіктік белдеулігі таудың биіктігіне және ендік жағдайына, сонымен бірге теңіз бен мұхитқа жақындығына қарай анықталады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ТМД елдерінің территориясындағы таулардың биіктігі арта түсіп, олардағы биіктік белдеулігі де түрліше болып, яғни биік таулардың шыңына қарай қар сызығы белдеулер болады. Қар сызығы дегеніміз – тау басында қар жататын шекара, одан әрі қарай қар жыл бойы ерімей жатады. Мысалы: Франция –Иосиф архипелагындағы 100-200м биіктіктегі тауларда, Памир тауының 5400-5600м биіктерінде, Солтүстік Уралдың 700-800м- ге Оңтүстік Уралдың 1000-1100м , Кавказдың 1800-2000м биіктіктерінде жылына 365 күн, яғни жыл бойы қар басып жатады.

2) Тау жүйесінің абсолюттік биіктігі. Таулар неғұрлым биіктеп және экваторға жақындаған сайын, ондағы биіктік белдеуліктерінің саны көбейеді.

3) Тау жүйесінің жер бедері. Жер бедері қар жамылғысының таралуын, ылғалдылық жағдайын, үгілу працестерін, рельефтің карсты және мұздықты пішіндерінің қалыптасуын анықтай отырып, топырақ- өсімдік жамылғысының дамуына ықпалын тигізді.

  1.  Климат – бұл биіктік белдеуінің қалыптастырушы ең негізгі факторларының бірі болып табылады. Таулардың биіктігі артқан сайын ауа температурасы ылғалдылық деңгейі, күн радиациясы және желдің бағыты мен жылдамдығы өзгереді, яғни климаттың өзгерісі топрақтың, өсімдік және жануарлар дүниесінің  өзгеруіне мүмкүндік береді.
  2. Беткейлердің экспозициясы, кез келген тау жүйесіндегі солтүстік беткейлерінде оңтүстік беткейге қарағанда биіктік белдеуліктері төменірек орналасады.

Ал, биіктік белдеулердің  қалыптасуына қосымша ықпал ететін факторларға: беткейінің құламалылығы, тау жыныстарының құрамы, рельеф пішіндері, жерасты және жер беті сулары және адамның шаруашылық әрекеттері жатады.

Әрбір тауда биіктік белдеулері әртүрлі қалыптасады. Атап айтсақ, Пай-Хой қыраты мен Бырранга,Чукотка тауларының етегінде арктикалық шөл және тундра, Хибин, Приполярье, Солтүстік және Орта Уралда, Путорана, Алдан қыраты, Байкал маңы қыраттары және қиыр Шығыс тауларының етектерінде орман зоналары қалыптасқан. Ал, Карпат, Қырым, Кавказ, Оңтүстік Урал, Батыс және Оңтүстік Алтай тауларының етектерінде орманды- дала мен дала белдеуліктері жатыр. Ал, Орта Азия тауларының етектерінде шөл мен шөлейт жатыр.

Таулы аймақтардағы биіктік белдеуліктері мынадай ретпен орналасады: шөл, шөлейт, дала, орман, орманды шалғындық белдеулігі, альпі шалғындығы, тау тундрасы, мұздық белдеулігі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *