ТМД елдері территориясын физикалық-географиялық аудандастыру.   Аудандастырудың әдістемелік негіздері

 ТМД елдері территориясын физикалық-географиялық аудандастыру.   Аудандастырудың әдістемелік негіздері

 

  1. Физикалық-географиялық аудандастырудың мақсаты мен мүдделері
  2. Халық шаруашылығындағы физикалық-географиялық аудандастырудың негізгі қызметі мен маңызы;
  3. Физикалық-географиялық аудандастырудың негізін қалаған ғалымдар туралы;

 

ТМД елдері территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай едәуір созылуы оның табиғатының әртүрлілігін негіздейді. Табиғаттың әртүрлі компоненттерін қарастыруда  оның кеңістіктегі әркелкілігі және олардың арасындағы өзара байланыс пен өзара әсерлесуінен табиғи-аймақтық кешендердің (ТАК) қалыптасуы түсіндіріледі. Сондықтан, аймақтың табиғатын терең меңгеру .үшін  оның жеке компоненттері мен олардың кеңістіктегі бірлестігін, яғни әртүрлі ТАК салыстырмалы түрде зерттеу талап етіледі. Осыған байланысты ТМД елдері физикалық географиясының басты мәселесі ғылыми негізделген кешенді физикалық географиялық аудандастыру болып табылады. Физикалық- географиялық аудандастыру дегеніміз-  табиғаттағы ТАК-ді әртүрлі рангалары мен  күрделі деңгейлеріне қарай мүшелеу. Физикалық-географиялық аудандастырудың ғылыми және практикалық маңызы өте зор, әсіресе, қазіргі таңда табиғаттың экологиялық тепе-теңдігін сақтау мен экологиялық дағдарыстан құтылу туралы өткір мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.

Аудандастырудың ғылыми-танымдық құндылығы географиялық ақпараттарды логикалық топтастыруда және оларды аймақтық зерттеу барысында қолданылу кезінде байқалады.

Физикалық-географиялық аудандастыру барысында жүргізілген іс-шаралардың халықшаруашылығы үшін маңыздылығы сол, жеке табиғи кешендер бір-бірінен табиғат жағдайлары мен ресурстарының әртүрлілігімен ерекшеленіп, оларды пайдаланудың тиімділігі мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың жолдарын анықтайды. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, жоспарлау және халықтың демалысын ұйымдастыру үшін аудандастырудың қолданбалы  схемалары  жасалған.

Аудандастыру туралы ең алғашқы жұмыстар 18 ғасырда пайда болып, оның негізін Х.А. Чеботарев, С.И.Плещеев, Е.Ф.Зябловский, К.И.Арсеньев және т.б. қалаған.

19 ғасырдың екінші жартысынан бастап, география ғылымының аумағында табиғаттың жеке компоненттері бойынша аудандастыру  мүмкіндігі қалыптасты. Басқа компоненттерге қарағанда өсімдіктер жақсы зерттелгендіктен, табиғи аудандастырудың ең алғашқы схемасы Европалық Ресейдің өсімдіктер жамылғысына бағытталды. Онымен Р.Трауфеттер, А.Н.Бекетов және Ф.П.Кеппен айналысты. Осыған орай, өсімдіктер – барлық табиғат кешендерінің индикаторы болғандықтан,  аудандастырудың  алғашқы жүйесі  солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғат жағдайларының заңды ауысуында дұрыс көрініс тапты.

Ғылыми негізділі жөнінен В.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің Еуропалық Ресейді аудандастыруы маңызды болып саналады. Онда басты белгі ретінде аймақтың беткі шөгінділеріңің қалыптасуы, , жер бедері, климат пен өсімдік жамылғысының өзара байланыстары алынып, автор аймақты белдеу мен облыс сияқты бірліктерге бөлді. Бірақ бұл таксономиялық бірліктер кешендіфизикалық-геогафиялық емес, геоморфологиялық аудандастыруға жақын болып келеді. Сондықтан, ТАК-ді тарихи негізделген табиғат компоненттерінің өзара байланысты және заңды бірлестіктері тұрғысында қарастырған тиімді болып табылады.

Мұндай идеяны алғашқы болып 19 ғасырдың соңы мен 20ғасырдың аяғында В.В. Докучаев ұсынды және сол бағытта кешенді тәжірибелер жасап көрді. Ал 1897ж Г.И.Танфильев климат, өсімдік және топырақ жамылғысының ерекшеліктері арқылы Шығыс Европа жазығына арналған аудандастыруды жарыққа шығарды. 1907ж А.А.Крубер де осы аймаққа аудандастыру схемасын құрастырды, бірақ ол жер бедерінің ерекшеліктерін есепке алмай тек  зоналық белгілерді есептеді. Аудандастырудың облыс, зона және округ сияқты үш рангтегі бірліктерін бөліп алды, олар бір-бірінен ТАК-нің белгілері бойынша ерекшеленеді.

Физикалық-географиялық аудандастыруда (1898-1900жж)   В.В.Докучаевтың табиғат зоналары туралы ілімі басты рөл атқарды. Ғалым зоналық жеке компонент ғана емес, географиялық ортаның жалпы табиғи компоненттерінің кешені екенін дәлелдеді. Ресейдің ландшафтық зоналарының алғащқы схемасын 1913жылы Л.С.Берг жасады. Ол әрбір зонаны бірыңғай ландшафтың тамуы мен таралу аймағы ретінде қарастырып, зоналарға қысқаша түсіндірме берді. Кейінірек 1936ж «Физико-географические (ландшафтные) зоны СССР» деген монографиясында аймақтың табиғат зоналарына нақты түрде сипаттады.

Л.С.Берг ландшафтық зоналарды бөле отырып, Азиялық Россияның территориясын орографиялық ерекшеліктеріне қарай 14 морфологиялық облыстарға жіктеді,яғни аудандастырудың екі түрлі (зоналық және азоналық белгілері бойынша) схемасын ұсынды.Л.С.Бергтің  бұл жұмыстары Азиялық Россияны аудандастырудағы ең алғашқы ілім болып қалыптасты.

1947ж Өндірістік күштерді қарастыру жөніндегі Кеңестің зерттеу нәтижелері жарияланып, онда аудандастырудың ең ірі таксономиялық бірлігі терінде –зона қабылданды. Зона бұл, бір немесе бірнеше материктік территориясын басып өтетін,  жылу мен ылғалдың бірігуінен өсімдік және топырақ жамылғысы қалыптасқан ауқымды аймақ. Зонаман қатарлас, бірақ оған тәуелсіз болып келетін басты таксономиялық бірлік- табиғи-тарихи ел, ол- жер бедері мен географиялық жағдайы зоналықтың белгілі бір типін қалыптастыратын материктің көлемді бөлігі болып саналады. Сол кезеңде КСРО территориясында 15 ел бөлінді.

Елден кейінгі бірлік-провинция – бұл жергілікті макроклиматтық ерекшеліктермен және топырақ-өсімдік жамылғысының өзгешелігімен  анықталатын зонаның бөлігі. Шығыс Европа жазығында 6 провинция анықталса, жалпы КСРО территориясында 70 провинция бөлінген.

Сонымен, физикалық географиялық аудандастырудың қандай да болмасын схемасы сол аймақтың генетикалық бірлігін, аймақтық тұтастығы мен кешендігін қамтуы тиіс.

Физикалық-географиялық аудандастыру барысында жүргізілген іс-шаралардың халықшаруашылығы үшін маңыздылығы сол, жеке табиғи кешендер бір-бірінен табиғат жағдайлары мен ресурстарының әртүрлілігімен ерекшеленіп, оларды пайдаланудың тиімділігі мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың жолдарын анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *