ТМД елдерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

  ТМД елдерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

 

1. ТМД елдері территориясында өсімдіктер мен жануарлардың таралуы

    және олардың заңдылықтары;

2. Өсімдіктер мен жануарлардың қазіргі экологиялық жағдайлары және

    оларды қорғаудың тиімді жолдары;

  1. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар;

 

Неоген дәуіріндегі жылы әрі ылғалды климаттың ықпалынан ТМД елдері территориясының солтүстік бөлігінде өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері дамыған. Мысалы, олардың құрамында субтропиктік және тропиктік жануарлар мен өсімдіктер болды (жирафтар, түйелер, магнолия т.б.). Ал неоген- төрттік дәуіріндегі климаттың өзгеруімен, неотектоникалық қозғалыстың әсерінен , жазықтықтар мен тау мұздықтарының пайда болуымен  табиғаттағы топырақтық,өсімдік жануарларға өте көп өзгерістер әкелді. Көптеген жылу сүйгіш өсімдіктер мен жануарлар жойылып кетті, ал кейбіреулер оңтүстіктегі  анағұрлым жылы аймақтарға қоныс аударды. Өсімдіктер мен жануарлардың субтропиктік түрлері Қырым мен Закавказьеге, Орта Азия мен  Қиыр Шығыстың оңтүстік аймақтарынан орын алды, осыған байланысты бореальды және суыққа төзімді қылқан жапырақты ормандар мен биік таулы аймақтарда альпілік флоралар қалыптасты.

Флора дегеніміз- (латынның  «гүл» деген сөзінен шыққан) белгілі бір територияда өсетін немесе геологиялық дәуірлерде өскен өсімдіктер түрлерінің жиынтығы.

Ал фауна дегеніміз- (латынның жануарлар) -белгілі бір территорияда тіршілік ететін жануарлар түрлерінің жиынтығы.

Климаттың қатаңдығынан Шығыс Европа жазығы мен Қиыр Шығыста жалпақ жапырақты орманның өсімдіктері пайда болып осы өсімдіктердің кейбір түрлері мен шөптесінді өсімдіктер мұз басу кезеңдерінде Карпат тауларында Ортаорыс (среднирусский) үстүрті мен Приволжск  қыраттарында, Оңтүстік Уралды және Алтай тауларында мекендеген.

Қылқан жапырақты ормандар  Оңтүстік Урал, Алтай және Қиыр Шығыстан орын алса , далалар мен шөлді аймақтар Шығыс Европа жазығының  оңтүстігі мен Туран жазығында қалыптасты. Арктика мен тундраның табиғи кешендері көпшілігінде солтүстікте сақталды. Мұз басу дәуірі кезінде қазіргі Беринг және Чукот теңіздерінің орны мен Якутия аймағында Үлкен құрлық болған, онда климат өте құрғақ, суық  болып, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -400С,  ал шілдеде +100С-қа жеткен, жылына орташа есеппен 150мм жауын-шашын түскен. Осындай  климаттың әсерінен шөптесін өсімдіктер мен суыққа бейімделген ксерофитті фауна қалыптасқан, ксерофитті дегеніміз- қуаңшылыққа төзімді жануарлар, оларға солтүстік бұғылар, құралайлар, түйелермен арктикалық суырларды (сусар) жатқызуға болады.

Өсімдік дегеніміз кез келген аймақтың сыртқы келбетін анықтайтын табиғаттың басты компоненті.Сондықтан, табиғат зоналарының атаулары да өсімдікке байланысты қойылған, мысалы, орман, орманды-дала, дала және т.б.

ТМД елдерінің территоиясының өмімдік жамылғысы өте бай және әркелкі. Оның флоралық құрамында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 17,5мың түрі анықталса, олардың барлығы даму процесінде  мекен ететін аймақтарына бейімделген, әртүрлі типтерге топтастырылды, мысалы, тундра, орманды-тундра, орман, орманды-дала, дала, шөл, батпақты, шалғынды және жерортатеңіздік типтер.

Арктика аралдары мен Таймыр түбегінде поляр шөлдері дамығандықтан оңтүстіктің шөліндей,  мұнда климат суық әрі құрғақ болады. Сондықтан, өсімтік жамылғысы желден паналанған жерлердегі борпылдақ суық грунттарда өсуге бейімді.Осыған орай  бұл жердің түрлік құрамы өте кедей, тек қана мүктер мен қыналардан тұрады.

Оңтүстікке қарай Евразияның арктикалық жағалауында тундраның өсімдіктері қалыптасқан, онда көпжылдық шөптесінді өсімдіктер, мүктер мен қыналар, бұталар мен бұтақты өсімдіктер кездеседі.

Одан да оңтүстікке қарай шілденің орташа температурасы +10С-тан жоғарылайтын аймақтарда алғашқы ағаштар болып саналатын қайың, шырша және қарағаштарды көруге болады. Өсімдіктердің мұндай қауымдастығы орманды-тундраға немесе сирек орманға жатады.

Орман-бұл көпярусты күрделі өсімдік қауымдастығы. Мұнда өзара байланысқан және әсерлескен өсімдіктердің барлық түрі кездеседі, яғни ағаш, бұталар, шөптер, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар, құстар, аңдар, жәндіктер, микробтар және т.б. тірі организмдер.

ТМД елдерініңде қылқан жапырақты орман кең тараған. Ботаниктер оларды тайга деп атап, күңгіртқылқан және ашыққылқан жапырақты деп 2 топқа бөлген. Күңгіртқылқан жапырақты тайга ТМД елдерінің батыс аймағына тән болса, оның құрамына шырша, самырсын және балқарағай жатады. Ал ашыққылқан жапырақты тайгада қарағай мен емен басым болады да, олар Енисей аңғарынан шығысқа қарай үстемдік етеді.

Тайга ТМД елдерінің батыстағы шекарасынан Охот және Жапон теңіздерінің жағалауына дейінгі орасан зор жазықты және таулы алқапты түгелдей алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ол 3 топқа бөлінеді: солтүстік, орта және оңтүстік.

ТМД елдерінде ағашты өсімдіктердің ішінде таралуы жөнінен қылқан жапырақтылар 1-орында тұр, олар ТМД елдеріндегі жалпы орман алқабының 78,1%-ін алып жатыр. Жалпы қылқан жапырақтылардың 38,7%-і қарағайдың үлесіне тиеді.

Ормандар тұтастай табиғат кешеніне тікелей әсер етеді, мысалы, климатты өзгертеді, жерасты суларының деңгейін реттейді, өзендерді саязданудан сақтайды, топырақты су және жел эрозиясынан, үсіктен сақтайды, жануарларға мекен ету үшін қолайлы жағдай жасайды. Сол сияқты, ағаштардың, жеміс-жидектердің, саңырауқұлақтардың және адам денсаулығына пайдалы өсімдіктердің мекені болып табылады.

Қазіргі таңда орман алқабы қорғау мен оны қайта қалпына келтіруді талап етеді!!!

Ормандар өзен аңғарлары мен сай-саланы бойлай оңтүстікке қарай құрғақ аймаққа ауысады. Яғни ағашты өсімдіктер бірте-бірте азайып, әртүрлі шөпті және дәнді өсімдіктермен ауысады. Өсімдіктердің мұндай бірлестігін орманды-дала дейміз. Олар Карпат таларынан басталып, Енисей мен Байкал маңына дейін созылып жатыр.

Орманды-дала бірте-бірте далаға өтеді. Далада суайрықтары мен беткейлердің аңғарында мезоксерофильді және ксерофильді шөптесінді дәнді өсімдіктер мен бетеге көп кездеседі.

Каспиймаңы ойпаты мен Қазақтың ұсақ шоқысының құрғақ даласында шөлденудің белгілері байқалып, онда онда жусан мен қа селеу басым болып келеді. Мұндай шөлденген дала  дала мен шөл арасындағы өтпелі тип болып саналады да, оны шөлейт деп атайды.

Каспиймаңы ойпатының оңтүстік бөлігі мен Туран жазығын жусан, сорлар, сексеуіл мен бұталар алып жатыр, яғни климаттың құрғақтануына байланысты өсімдік түрлері де азаяды.

Жазықты және таулы аудандардағы өсімдіктің барлық зоналық типтерінде шалғындар мен батпақтар кездеседі. Шалғындар мезофильді қалың шөптер түрінде өзен жайылмаларында және беткейлер мен суайрықтарының ылғалы аз жерлерінде таралса, ал ылғалы мол аңғарлар мен су айрықтарында батпақтар қалыптасқан.

Сонымен, солтүстіктен оңтүстікке қарай өсімдіктердің бір типі екіншісімен орын алмасып отырады, яғни ТМД елдеріндегі өсімдіктер жамылғысының таралуы зоналық заңына тәуелді болып келеді. Бірақ, өз кезегінде климаттық құрғақтануының артуына және Тынық мұхитының ықпалынан, жазықтар мен таулардың қалыптасу тарихының әртүрлілігінен өсімдіктердің түрлік құрамында айырмашылықтар болып отырады.Мысалы, Солтүстік тундрадан Енисейге дейін қайың ағаштары басым болса, шығыста Колыма өзеніне дейін олардың саны азая түседі.

Табиғатқа адамның шаруашылық әрекетінен көптеген өсімдіктердің ареалдары қысқарып келеді, олардың кейбір түрлері тіпті жойылу алдында тұр.ТМД елдері  Қызыл Кітаптары көптеген өсімдіктерді қорғау мен сақтау туралы дабыл қағуда.

Ал таулы аудандардакүн радиациясы мен ауа температурасының, жел бағыты мен күшінің, ылғалдылық пен ауа райының өзгеруіне байланысты  ондағы табиғат компоненттерінің де жағдайы өзгеше болады.

ТМД елдерінің жануарлар әлеміне келетін болсақ, аймақ Еуразияны зоогеографиялық аудандастыру жүйесінде тұтасымен Голарктикалық облысқа кіреді. Бұл облыс шегінде 5 облыс тармағы бар: Арктикалық, Еуропа-Сібірлік, Жерортатеңіздік, Орталық-Азиялық және Маньчжур-Қытайлық.

Жануарлар дүниесінің таралуы ендік зоналылыққа тікелей тәуелді, яғни әрбір табиғат зонасы мен биіктік белдеулік өзінше ерекшеленеді.

ТМД елдері территориясындағы жануарлар дүниесінің қалыптасуы да өсімдіктер сияқты,  неогеннен басталады.  ТМД елдерінің фауналық құрамында жануарлардың 130мың түрі тіркелсе, олар дүниежүзілік фаунасының 8,5%-ін иемденеді. Жануарладрың түрлік мөлщері немесе саны жөнінен 1-орында насекомдар-100мыңнан астам түрі бар; одан кейін балықтар-1400түр; құстар-800түр; сүтқоректілер-321түр; бауырымен жоғалаушылар-138 түр; қосмекенділер-30-дан астам түрі бар.

ТМД елдері фаунасының таралуында мынадай заңдылықтар орындалған: 1) зоналық орналасу, яғни әрбір түр мекен ету орнының белгілі бір жағдайына бейімделіп, табиғат кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. ТМД-да арктикалық шөлден субтропикалық зонаның барлық жануарлары мекендейді; 2) солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғат жағдайының жақсаруына қарай жануарлардың түрлері арта түседі. Арктикалық облыс тармағындағы  кейбір фауналық түрлер басқа облыс тармағындағы биіктауларда кездеседі, бұл биогеоценоздардың қалыптасу тарихының жастығымен түсіндіріледі.

 Арктикалық шөл мен тундра зонасының жануарлары төменгі температура мен қар жамылғысының ұзақ жатуына және өте қысқа жазқа бейімделген.Сондықтан, сүтқоректілер ұзын және ұлпа жүнді (песец), ал құстары аяғына дейін қауырсынды болып келеді. Көптеген жануарлар жылдың суық мезгілінде қорек ету үшін денелеріне май жинаса, ал кейбірі орман мен орманды- тундраға азық аулау үшін кетеді.

ТМД елдеріндегі жануарлар дүниесі адамның тіршілік әрекетінен түрлік өзгеріске ұшырап, көптеген ареалдар қысқарып, кейбірі орын ауыстырып  барады.Сондықтан аймақтың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін қорғап, сақтау мақсатында көптеген қорықтар ұйымдастырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *