Жер асты суларын қорғау және олардың экологиялық проблемалары
- Жерасты суларының таралу ерекшелігі және шаруашылық маңызы;
- Жерасты суларының экологиялық жағдайы;
- Минералды және термаьлды сулар;
Жер асты сулары — деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды айтамыз. Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы су көздері негізінен алқаптың геологиялық құрылысымен анықталады. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарының гидросфера қабатын құрап, жалпы су айналымына қатысады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер асты сулары жер беті суларымен тікелей байланысты.
Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл болып бөлінеді. Орналасуына қарай жер асты сулары: 1) шөгінді тау жыныстарының кеуек-қуыстарында кездескен жағдайда кеуек-қуыс сулары; 2) кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездескенде жарықшақ сулары; 3) оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында кездессе карст сулары деп бөлінеді.
Тереңдік жағдайларына қарай олар: үстіңгі қалқыма су, грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді. Қалқыма су кішігірім ойыстарда, құмшағылдар арасында атмосфералық жаңбыр мен қар немесе тасыған өзен суларының топырақ қабатына сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған және жер бетіне ең жақын орналасқан сулар. Грунтты топырақ суларының қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты болып келеді. Олар жер бетіне жақын орналасқан жер асты суларынан құралады. Бұл суларды “құдық суы” деп те атайды. Артезиан сулары – терең қабаттарда кездесетін шөгінді жыныстар арасында қалыптасқан жер асты сулары.
Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.
Жер асты суларының маңызы орасан зор және жан-жақты. Олар ағынның ең тұрақты бөлігі болып, өзендер мен көлдерді толықтырады; олардың орын алмасуы арқысында еріген заттар тасымалданады; өсімдіктер ылғал мен қоректік тұздар алады; рельефтің сырғу, суффозия, карст қалыптасуына қатысады.
Жер асты тұщы сулары – тұщы сулардың бүкіл дүние жүзілік қорының ең құнды бөлігі.Ол халық пен өнеркісіпті сумен жабдықтау үшін ғана емес, суландыру, суару және мал суаты үшін де пайдаланылады. Термальдық сулардан қазірдің өзінде-ақ жыл сайын көптеген тонна химия шикізаттары, глаубер тұздары, бор қышқылдары, буралар, хлорлы және күкірт қышқылды натрий алынады.Термальды суларды комплексті пайдалану мейлінше тиімді келеді: больнеология, химия шикізаты, электроэнергия, сумен жабдықтау, парник шаруашылығы. Жер асты сулары біздің планетамыздың ең пайдалы қазындыларының бірі. Олар шаруашылық, ауыз сулық, техникалық сумен қамтамасыз етуде, жайылымдарды суландыруда, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруда, емдік мақсаттарда, түрлі бағалы заттарды бөліп алатын шикізат ретінде, жылу көзі ретінде пайдаланылады.
Аймақтық жерасты сулары өзендермен көлдер және батпақтарды бірден-бір қоректену көзі болып саналады, оларды пайдалы қазбаларды қатарына қосып, қалық шаруашылығында әсіресе емдік мақсатта көптеп қолданылуда. Көптеген жазықтықты жерлерде солтүстіктен оңтүстікке қарай судың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерінің азайуынан жерасты суларының құрамында тұздың мөлшері көбеюде. Ал ылғалы мол аймақтардағы жер асты сулары тұщы болып жер беті суларымен байланысып тұрады. Ал дала және шөл зоналарында жер асты сулары өте тереңде жатып оларды химиялық құрамы әртүрлі болып, ал жер бетіне жақын жатқан сулар көп буланып, соның нәтижесінде сор және сортаң аймақтар қалыптасады.
Орта Азияның жазықты жерлерінде бұрғылау скваниналары арқылы жер астынан тұзды сулар тартылған. Көп жылдық тоң аймақтарында жерасты суларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты 3 типі бар.
1) Тоң үстінде орналасқан жер асты сулары;
2) Тоңдардың аралықтарында орналасқан жер асты сулары;
3) Тоң астында орналасқан жер асты сулары.
Тоң үстіндегі сулар қыстыкүні қатып жатқан, ал тоң астымен тоң аралығында жер асты сулары тоңдардың жыралармен ағып жер бетіне көтерілді.