ТМД аумағының жер бедері және геологиялық құрылысы
1. Орографиялық негізгі белгілері
2. Геологиялық құрылысы
3. Ежелгі қатпарлық белдеулер
Орографиялық негізгі белгілері
ТМД елдері территориясының 60%-ке жуығын жазықты аймақтар алып жатыр. Жазықтар ТМД елдерінің батыс бөлігіне шоғырланса, ал таулы үстірттер, қыраттар мен таулар Енисей өзені аңғарынан шығыста Тынық мұхитының жағалауына дейін созылып жатыр. ТМД елдерінің территориясында 2 ірі жазықтар бар:
- Шығыс Европа;
2) Батыс Сібір- бұл 2-уі де дүние жүзіндегі үлкен жазықтар болып саналады. Орташа биіктіктегі тау сілемдері Тынық мұхиты теңіздері жағалауын бойлап орналасса,ең биік таулар ТМД елдерінің оңтүстік шекарасының бойымен созылып жатыр. Оңтүстіктегі осы таулардан Солтүстік мұзды мұхитқа қарай жер бедері аласара бастайды. Оңтүстіктегі тау жүйелеріне Қарпат, Қырым таулары, Кавказ, Копетдаг, Тянь-Шань, Памир, Алтай, Саян және Байкал маңы тау сілімдері жатады. Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Алтай таулары Евразияның биік тауларының қатарына жатады. Памир мен Тянь-Шань тауының көптеген шыңдарының биіктігі 7000м ден асады. ТМД елдеріндегі ең биік шыңдары Коммунизм (Памир 7495м), Алтай тауларындағы –Ленин шыңы (7134м), Тянь-Шаньның ең биік шыңы –Жеңіс шыңы (7439). Памир мен Тянь-Шань тауынан батыс пен шығысқа қарай тауының биіктіктері төмендейді, Алтай тауларында Белуха шыңы (4506м), Саян тауларында Мунку-Сардык (3491м), Кавказда — Эльбурс (5642м), Карпатта Говерла (2061м).
Геологиялық құрылысы
ТМД елдері территориясының орографиясы күрделі геологиялық тарихты басынан өткізіп, көптеген кезеңдерде қалыптасқан. Мұндағы ірі ойпаттар мен жазықтың таулы үстірттер платформаларға сай келсе, ал таулы құрылымдар- қатпарлық белдеулермен сәйкестенді (Платформа дегеніміз- жер қыртысының қозғалмалы бөлігі). ТМД елдері жер бедерінің қалыптасуына қатпарлы белдеулерде болып өткен жаңа тектоникалық қозғалыстар ықпалын тигізеді, яғни ТМД елдері территориясы бірнеше литосфералық плиталарда орналасқан; солтүстіктігі Евразия плитасында, батыс бөлігі солтүстік америка плитасында, шығысы Амур плитасында. ТМД елдері территориясының көпшілік бөлігінде қалыңдығы 35-65км –ге жететін шөгінді, гранитті, базальтты жер қабаты алып жатыр. Осыған орай жер бедері мен жер қабатының байланысын білуге болады: Жер бедері неғұрлым биік болса, жер қабаты соғұрлым қалың болады, ТМД елдеріндегі ең қалың қабат Памирде (60-65км), ең төменгі Охот теңізінде (15-20км). Охот теңізі плитасында жер сілкініс зоналары орналасқан.
Ежелгі қатпарлық белдеулер
ТМД елдері территориясындағы ең ежелгі қатпарлық белдеулер архей мен протерозой араларында (2600-500млн.жыл) қалыптасқан. Бұл белдеулерде палеозой шөгінділері жиналып, ежелгі қалқандар пайда болған. ТМД территориясында бірнеше қатпарлықтар құрылымдар бар:
1) Архей — протерозой қатпарлығында Шығыс Европа және сібір плиталарының ең ежелгі платформалары қалыптасқан, олардың құрамында кембрийден кайназойға дейінгі жыныстардың барлығы кездеседі.
2) Протерозойдың аяғы мен кембрийдің басында Байкал қатпарлығы болып өтті де, ол сібір платформасының оңтүстігін қамтып, бұл кезеңде Байкал маңындағы тау жүйелері, Шығыс Саян және Урал тауының кейбір қыраттары көтерілген.
3) Кембрийдің ортасы мен девонның бас кезінде Каледон қатпарлы байқалып, бұл уақыттарда Саян Алтай, Тянь-Шаньның солтүстік тізбектері және Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөліктері түзілген.
4) Девонның аяғы мен пермнің соңында ең қуатты түзілістердің бірі- герцин қатпарлығы болып өткізілді. Герцин қатпарлығы Урал, Быранга, Батыс Алтай, Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөліктері Тянь-Шаньның оңт тізбектерін және Амур бассейніндегі тау жүйелерін қамтыды.
5) Мезозой қатпарлығы Сібір платформасының шығыс жағалауынан бастап Беринг теңізіне дейін және Приморьедегі Сихотэ-Алин аймағын, Памир тауларын қамтыды.
ТМД елдері территориясында ежелгі болып өткен денудациялық процестер мен тектоникалық көтерілудің нәтижесінде қатпарлы тау жүйелері қыраттар, орташа және аласа таулар, үстірттер және аккумулятивтік жазықтар қалыптасқан.
6) Кайназой қатпарлығы бұл ең жас тау белдеулігі Кавказ, Қырым, Карпат, Копетдаг таулары мен Коряк қыраты, Анадырь ойпаты, Камчатка, Куриль және Сахалин аралдарын қамтиды.
Тақырыбы: Климаты. ТМД елдері аумағының климатын қалыптастыратын негізгі факторлар
- Климат қалыптастырушы факторлар
- Қысқы маусымның климаттық ерекшеліктері
- Жазғы маусымның климаттық ерекшеліктері
- ТМД елдеріндегі климат типтері
Климат дегеніміз (гректің кlima- жер бетінің Күн сәулелеріне қарай еңістігі деген сөзінен шыққан)- Яғни, белгілі бір жерге тән ауа-райының көп жылдық режимі, атмосфераның белгілі бір күйі. Климат қандай да бір территорияның географиялық ендігіне, теңіздер мен мұхиттардың жақындығына, жергілікті жердің мұхит деңгейінен биіктігіне, тау жоталарының орналасуы мен желдердің соғу бағытына қарай өзгеріп отырады. Ал, географиялық ендіктерге байланысты климат экватордан полюстерге қарай өзгереді. Жер шары бойынша 5 климаттық белдеу бар: ыстық, 2 қоңыржай және 2 суық немесе полярлық белдеулер. Аймақтың климаты жылу мен ылғалдың ара қатынасы мен топырақтың қалыптасу жағдайлары мен таралуын анықтайды. Бүкіл жер шарының, Евразияның, соның ішіндегі ТМД елдерінің климаттық ерекшеліктерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан атап айтсақ, Алисов, Григорьев, Войеков және тағы басқалар. ТМД елдеріндегі климатологиялық ілімнің негізін қалағандар болып есептеледі, сонымен бірге осы аталған ғалымдар климаттың басқа табиғи компонентермен байланысын анықтап, сол сияқты өзендердің гидрологиялық режимдеріндегі ерекшеліктерін зерттеген.
Климат қалыптастырушы факторлар
ТМД елдерінің климаты көптеген факторлардың ықпалымен қалыптасқан,олар: Күннен түсетін жылу мөлшері, ауа массаларының қозғалысы, құрлық бетінің ерекшеліктері, адам әрекеттері және аймақтың географиялық ендігі.
Климаттың қалыптасуындағы ең негізгі ықпал ететін радиациялық және циркуляциялық жағдайлар. Олар ауаның t-ра режимін, ауа массасының типтері мен қозғалысын, фронттық процестерді, атмосфералық жауын-шашындарды анықтап, жылу мен ылғалдың ара қатынасын көрсетеді.
1)Күн радиациясы — бүкіл географиялық қабыққа келіп түсетін және климаттың қалыптасуына әсер етуші негізгі энергия көзі болып табылады. ТМД елдері территориясының көпшілік бөлігі қоңыржай және субарктикалық белдеулерде орналасқан. Сондықтан, оған күннің түсуі сәулесі ендіктер бойынша әркелкі таралады. Мыс: Солтүстік Жер аралындағы артикалық белдеуде радиация жиынтығы-60 ккал|см2 болса, ал Туран ойпатының субтропиктік белдеуінде 160 ккал/см2-ге тең.
ТМД елдерінің территориясына күн радиациясының ең көп мөлшері мамыр мен шілде айларының аралығында түседі : мұның себебі – күн горизонтынан барынша биікке көтеріліп, күн ұзақтығы ұзарады. 600 ендіктің солтүстігінде маусымдағы радиация жиынтығы-14-16 ккал/см2 ал, 600С ендіктің оңтүстігінде 15-21 ккал/см2 жетеді. Ал қыстыгүні күн радиациясы күрт азайып, күннің ұзақтығы қысқарады, соның әсерінен t-ра төмендеп, қатпардағы радиация жиынтығы оңтүстікте 5-6 ккал/ см2, ал солтүстікте 1 ккал/см2 жиналады, ал Таймыр түбегі мен арктикалық аралдарда күн радиациясы мүлдем болмайды.
Күн радиациясының түсуіне бірден бір ықпал етуші бұлттылық болып табылады. (Бұлт дегеніміз- атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз кристалдарының жиынтығы. Бұлттар ауа массасының жоғары көтеріліп суынуы нәтижесінде пайда болады). Бұлттар күннің тікелей таралу үлесін азайтып , олардың шашырап таралуын арттырады. Мыс: осыған байланысты Артикада күннің түсу бұрышының аздығынан, бұлттылықтың әсерінен, сонымен бірге жер бетінің альбедосынан жер бетіне келетін күн сәулесі аз болады. Альбедо –деп жер бетінің жарықты шағылыстыру қабілеті мысалы, Арктикада барлық уақытта қар жамылғысы басып жатқандықтан, ол жердің жарықты шағылыстыру қабілеті жоғары болады. Ал оңтүстіктегі субтропиктік белдеуді күн сәулесінің түсу бұрышы тік, бұлттылық мөлшері аз болып, соның нәтижесінде радиация жиынтығы Арктикада-2-3 ккал/см2, Таймырда 10-11 ккал/см2, ал ТМД елдері территориясының оңтүстігінде -30-35 ккал/см2-ге дейін жетеді.
2)Климаттың қалыптасуына ықпал етуші келесі фактор- циркуляциялық жағдайлар. Циркуляция дегеніміз (латынша – шыр айлану) жер бетіндегі ауаның әртүрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі. Циркуляциялық жағдайлар жоғары және төменгі қысымдағы теңіз, мұхит және құрлықтар арасында жүріп отырады. ТМД елдерінің климаты мынадай қысымдық орталықтар (барические центры) ықпал етеді: Жоғары қысымдағы аймақтар- Азор, Арктика және Азия максимумдары, төменгі қысымдағы аймақтар-Исланд және Алеут минимумдары. Жоғары және төменгі қысымдағы аймақтарының өзара әсерлерінен ауа массасының тасмалдануы мен желдің бағыты, жылдамдығы анықталады. Қысымдық орталықтар жыл мезгілдері бойынша әркелкі таралады. Қыстыгүні қаңтар айында жоғары қысымды Оңтүстік сібір тауларына ықпал етіп, осы жерден бірте-бірте жазға қарай төменгі қысымдағы аймаққа айналады. Ал шілде айында жоғарғы қысым ТМД елдеріне көрші жатқан мұхиттар мен теңіздерге ықпал етеді.
ТМД елдерінің климатын анықтайтын бірнеше көрсеткіштері бар. Олар атмосфера қысымы, ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, жел, бұлттылық. Климаттың негізгі сипаттамасы осындай метерологиялық элементтердің ұзақ жылдарғы орташа және абсолюттік мөлшерлері бойынша анықталады.
Ауа массалары- ТМД елдерінің территориясын қоршаған мұхит, теңіз және құрлықтардан келіп, олардың орын ауыстыру себептерінен ТМД елдерінің Солтүстік Мұзды мұхит жағында арктикалық ауа массалары басым болады. Ал қоңыржай белдеуі қоңыржай ендіктік ауа массалары ықпал етіп, олар көп мөлшерде ылғалдылық әкеледі. ТМДелдері территориясының батыс бөлігінде Жерорта теңізінен Қара теңізге дейін теңіздік тропиктік ауа массалары әсер етеді. Олар ТМД елдері территориясының оңтүстік- батыс бөлігіне көп мөлшерде жылу мен ылғал тасымалдап, оңтүстік аймақтарда шаңның пайда болуы мен климаттың құрғақтануына айналады. Осындай физикалық қасиеттері әртүрлі болатын ауа массасының бірігуінен атмосфералық фронттар пайд болады. ТМД елдерінің территориясында ауа массасының 3 түрі ( арктикалық ,қоңыржай және тропиктік), атмосфералық фронттың 2 түрі (арктикалық және полярлық) бар.
Сол сияқты ТМД елдеріндегі ауа райының өзгеруіне септігін тигізетін антициклондар мен циклондар.
Антициклон – тұрақты жоғары атмосфералық қысым аймағы. Антициклонның орталығында қысым жоғары, ал шетіне қарай төмен болады. Ал циклон керісінше төменгі атмосфералық қысым аймағы.
3)Ауа массаларының қозғалысына әсер етуші келесі фактор- жер бедері. Жазықты аймақтарда ауа массалары еркін тасмалданып аймақтың тұрақты климатын қалыптастырушы, ал таулы аймақтар ауа массасының қозғалысына кедергі келтіреді. Мыс: Арктикадан шыққан суық ауа массалары Кавказ тауының солтүстік етектерінде келіп тоқтаса, осы кезде бірдей шыққан ауа массалары Байкал мен Қиыр шығысты басып өтіп, Тынық мұхиты теңіздерінің жағалауына барып бір-ақ тоқтайды. Сол сияқты, тауаралық ойыстарда климатқа зор әсер етеді.Ойыстардың түбінде тем- ра төмен болса, беткейлерінде жоғары болады. Ал, биік тауларда әртүрлі типтегі ауа массасының қосылуынан атмосфералық фронттар жиі-жиі пайда болады, сондықтан тау беткейлеріне жауын-шашын мөлшері көптеп түседі. Тау беткейлері мен жоғары көтерілген ауа массалары бірте-бірте суынып, шыңына қарай мұздықтармен көп жылдық тоңдардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Адамдардың шаруашылық әрекетінен қазіргі кезде атмосфераның ластануы байқалады. Өнеркәсіптік және химиялық кәсіпорындарының қалдықтарынан, автомобиль және темір жол транспорттарының жүрісінен, отынның түтінінен және орман мен далалы аймақтардың өртенуінен атмосфераға көп мөлшерде зиянды қоспалар келіп түседі. Атмосфераны ластанудан сақтау үшін, кәсіпорындарда фильтрлі қондырғыларды орнатып, орман алқаптарын өрттен сақтау қажет.
Тақырыбы: Ішкі сулары. ТМД елдерінің өзендері. Өзендер жайлы жалпылама мәліметтер
- Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар;
- ТМД елдерінің негізгі өзендері мен олардың гидрологиялық режимі;
- Өзендердің экологиялық жағдайы мен проблемалары;
Құрлықтағы ішкі суларға: өзендермен көлдер, жер асты сулары, жасанды су қоймалары, топырақ ылғалдылығы,сол сияқты мұздықтар, көп жылдық тоңдар жатады. Бұлардың барлығы бір-бірімен байланысып, су айналымын жасайды. Сонымен бірге, тұщы сулар тірі организмдер, ал шаруашылығы мен өнеркәсіптер үшін пайдаланылып, маңызды табиғи ресурс болып есептеледі. Қазіргі кезде су ресурстарын тиімді пайдаланып оны қорғау мен сақтау -негізгі мәселе болып отыр.
Су баланстары едәуір мөлшерде түсетін жауын –шашын мөлшері мен буланудың арақатынасына байланысты анықталады. Сондықтан, ТМД елдері территориясындағы ішкі сулар табиғат зоналарына байланысты орналасқан. Кейбір жерлерде ылғалдың молдығынан өзендердің суы көп болып, осы жерлерде көлдер мен батпақтар қөптеп шоғырланған, ондай аймақтарға Шығыс Европаның батысы мен Батыс сібір жазығының орталық бөліктері жатыр.
Ал,басқа бір аймақтарда жауын-шашын мөлшерінің аздығынан, жер беті суларының қоры азайып, өзен аңғарлары кеуіп құрғап кетеді, мұндай аймақтарға Тұран және Каспий маңы ойпаттарын жатқызуға болады. ТМД елдеріне орташа есеппен жыл бойына 531мм түсетін атмосфералық жауын-шашынның 333мм-і буланып, қалған 198мм-і өзен ағыны ретінде мұхиттар мен су қоймаларына қосылады.Су балансының өзгерісіне климаттық тербелістер мен бірге адамзаттың шаруашылық әрекеттері де ықпал етеді. Мысалы: жауын-шашынның шектен тыс көбеюі немесе қатты құрғақтануы су балансына үлкен өзгерістер әкеледі, яғни ТМД елдері территориядағы халық шаруашылығының дамуы мен олардың әркелкі таралуынан онда өзендер, көлдер, батпақты аймақтар қолданылады.
ТМД елдерінің өзендері. ТМД елдері өзен жүйелеріне өте бай деп айтуға болады. Олардың жалпы су ағындары 2963398км болса, ұзындықтардың қосындысы 9647864км-ге жетеді. Барлық өзендер халық шаруашылықта қолданылып, оның дамуы үшін маңызды роль атқарады. Өзендер негізінен кеме шаруашылығы, орман ағаштарының тасмалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін, егістіктерді суару үшін, сол сияқты халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп балық аулау үшін пайдаланады. ТМД елдерінің барлық өзендері суларын Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхиты мен ішкі ағынсыз Арал- Каспий бассейіндерінің 14 теңізіне апарып құяды. Өзен бассейіндерінің шекаралық тау жүйелері, қыраттар, үстірттер, ормандар, батпақтар, далалар мен шөлдер арқылы өтеді. Өзендерді бірнеше бөліктерге біріктіреміз.
1)ТМД елдерінің территориясындағы таралу ауданы ең үлкен Солтүстік Мұзды мұхит бассейіні, оның аудандары- 11,7 млн м2. Бұл мұхиттың 6 теңізі (Ақ, Кар, Баренц, Лаптевтер, Шығыс Сібір) Уралдан және Шығс Европа жазығынан келетін көптеген өзендерді қабылдайды, яғни бұл теңіздер ТМД елдеріндегі ең ірі деген өзендер- Солтүстік Двина, Печора, Обь, Енисей, Лена өзені, ұзындығы 4400км, су жинау бассейіні үлкен Обь өзені, оның бассейіннің ауданы 2990мың км2. Бұл бассейіндердің өзендері өздерінің бастауынан құя беріс сағасына дейін бірнеше табиғат зоналарын басып өтеді.Мысалы: Енисей өзені Батыс Саян тауларынан басталып, тауаралық ойыстар арқылы өтіп, содан кейін Батыс Сібір жазығының орманды-даласына шығып, содан сібір тайгасын және орманды-тундра мен тундраны басып өтіп, Кар теңізіне келіп құяды. Бұл бассейіннің көпшілік бөліктерін көп жылдық тоңдар басып жатады, соған қарамастан Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінің өзендері кеме қатынасы үшін қолданылып, су энергия қорына өте бай болып келеді.
2) Каспий –Арал ағынсыз бассейіні, бұл ТМД елдерінде екінші орын алады, яғни ауданы 4900 км2. Бұл бассейінге Каспий, Арал және Балқаш көлдерінің бассейіндері мен бірнеше өзендер жатады, бұл өзендердің ең ірісі- Волга (3530км), Сырдария (2660км), Амудария (2540км), Урал (2430км), Кама (805), Кура (1360км), және ұзындығы 1000км аспайтын басқа да өзендер. Бұл бассейіндегі кейбір өзендер табиғат жағдайларына байланысты таулы аймақтардан басталып, өзінің құйлысына дейін жетпей, кеуіп кетеді, ондай өзендерге шөл зонасының Шу, Сарысу, Зеравшан сияқты өзендерін жатқызуға болады.
3) Тынық мұхитының бассейіні ТМД елдерінің шығыс бөлігін қамтиды, оның жалпы ауданы 3,3млн км2. Бұл аймақтың жер бедері қыратты болып келеді. Ең ірі дене Амур өзені, ұзындығы 2820км, ол Татар бұғазына келіп құяды. Ал қалған денелердің ұзындықтары онша ұзын емес, олардың барлығы таулардан басталып, Тынық мұхитына келіп қосылады.
4) Атлант мұхитының бассейіні ТМД елдерінің батыс бөлігін қамтиды,жалпы ауданы- 1,8млн км2. Бұл аймақтың өзендері әртүрлі теңіздерге барып құяды. Мысалы: Днепр (2280км) Қара теңізге, Батыс Двина (1020км) Балтық теңізіне келіп құяды.
ТМД елдерінің өзендері жаңбыр, еріген қар, мұздықтар және жерасты су көлдері арқылы қоректенеді. Қоректену кездеріне қарай өзендерді бірнеше типке бөлуге болады: жаңбырлы,қарлы,аралас,мұздықты және жерасты сулары. Көпшілік өзендер, соның ішінде Волга, Днепр, Обь, Енисей өзендері жаңбыр суымен қоректенсе, ал Каспий маңы ойпатындағы Ембі өзені, Қазақтың ұсақ шоқысындағы Сарысу және Нұра өзендері еріген қар суларымен қоректенеді. Сонымен бірге жаңбыр суымен қоректену муссонды климатта орналасқан Амур өзеніне де тән. Мұздық суларымен көбінесе Кавказ, Памир жәнеТянь-Шань сияқты биік таулардың өзендері қоректенеді (1-кесте).
1-кесте. Өзендердің әртүрлі қоректенуі
Өзен аттары |
Қоректену көздері ,% |
|||
Қар суы |
Жаңбыр суымен |
Жер асты суларымен |
Мұздықтар |
|
Печора |
55 |
25 |
20 |
— |
Дон |
61 |
8 |
31 |
— |
Амудария |
29 |
— |
20 |
51 |
Амур |
13 |
63 |
14 |
10 |
Қоректену типі мен су тасу мезгілдеріне қарай өзендерді тағы бірнеше топқа бөлеміз: 1) көктемде таситын өзендер; 2) көктем- жаз бойы таситын; 3) жазда таситын; 4) суы мол өзендер.
ТМД елдеріндегі көптеген өзендер көктемде тасып, өзендердің жылдық жиынтық ағымдары, яғни судың ең көп мөлшері осы кезеңде ағып өтеді. Мұндай өзендерге Волга, Обь, Алдан, Колыма өзендері жатады. Ал, екінші топтағы өзендер бұл жылдың жылы мезгілінде тауда еріген қарлар мен мұздық суларының әсерінен су молайып, тасқын пайда болады, ондай өзендерге Қиыр шығыс өзендері, Байкал маңы, Кавказ және Орта Азия өзендері жатады.
ТМД елдеріндегі өзендердің жылу режимі көбінісе климатқа, t-раға, өзенге келетін жерасты суларына, бассейндегі көпжылдық тоңдар мен мұздықтар көлдерге байланысты болады. Ал, өзен суларының t-расы олардың географиялық орнына тәуелді болады. Мысалы: Кола түбегіндегі өзен суларының орташа t-расы шілде айында +140С болса, ал Днепр мен Волгада +240С-қа жетеді. Ал,Сібірдің солтүстік-шығысындағы өзендерде шілденің ортасы температурасы +60С-қа төмендейді.
Таймыр түбегіндегі өзендерде тіпті қыркүйектің соңында мұз басып жатады.Өзендердегі мұзбасу уақытын климаттық жағдайларға байланысты 1айдан 8 айға дейін созылады.
Өзендердің химиялық құрамына тоқталсақ, көбінесе гидрокарбоннатты, сульфатты және хлоридті болады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай гидрокарбоннатты минерализация бірте-бірте сульфатты, сосын хлоридті минерализацияға айналады, яғни оңтүстікке қарай судың минералдығы мен кермектілігі артып, органикалық заттардың құрамы азаяды.
Өзен ағындарында суды бұлыңғыр ететін қатты заттар кездеседі.ТМД елдерінің территориясында жылына 472млн.т.-дан астам ұсақ заттар өзендер арқылы тасымалданады.Орманды-дала зонасындағы судың бұлыңғырлығы 150г/м3, ал дала зонасындағы 500г/м3-ке жетеді.Осындай ұсақ заттардың тасымалданып, бір жерге жиналуынан өзен түбінің релефі бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.
Өзендер ұзындықтарына байланысты 3-ке кіші, орта және ірі болып бөлінеді:1)кіші немесе ұсақ өзендердің ұзындықтары 500км-ден аспайды; 2)ал ұзындығы 101-500км-ге жететін өзендер -орташа өзендерге жатса; 3)ірі өзендердің ұзындықтары 500км-ден асады.
ТМД елдеріндегі барлық өзендердің 99,9%-і ұсақ өзенге, тек қана 0,1%-і ғана өзендердің үлесіне келеді. Бірақ өзендер ұзындықтары мен су бассейіндерінің үлкен-кішілігіне қарамастан, әртүрлі мақсаттарда соның ішінде адамдар үшін, халықтың ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, ал халықшаруашылығында ГЭС-тер салынып, су диірмендер арналып, өндіріс орындарын қамтамасыз ету үшін қолданылып келеді. Бірақ, соңғы жылдары өндіріс орындарында тиімсіз пайдаланудың салдарынан өзен сулары ластануда.Осындай мәселелерді шешу үшін көптеген өзендерде қарсы техникалық қондырғылар орнатып, бұлақ көздерін ашып, өзен аңғарларын үлкейтіп, тереңдетіп экспедициялар ұйымдастырылды.