ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер

  ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер

 

Жоспар:

1. Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері

2. Атлант мұхиты теңіздері

3.  Ішкі бассейн теңіздері

4. Тынық  мұхиты теңіздері

        ТМД елдері территориясын 14 теңіз қоршап жатыр, оның 12- сі негізгі 3 мұхиттың бассейніне жатса , ал 2 -еуі (Каспий, Арал) ішкі  теңіз бассеиніне жатады. Солтүстік мұзды мұхит бассейніне- ТМД елдері территориясының 55%- ті, ішкі ағынсыз теңіз бассейніне 23% ,Атлант мұхиты бассейнніне- 14%, ал Тынық мұхиты бассейніне 8% келеді. Осы теңіздердің барлығы  халықаралық маңызға ие болып, олар  арқылы ТМД елдерінің көптеген аймақтары дүниежүзінің басқа елдермен транспорттық, ғылыми, техникалық, мәдени рекреациялық  байланыстар орнатып келеді. Көптеген жылдар бойы еліміздің ғалымдары Каспий теңізінде мұнай газ кенорындарын зерттеп, Қара,Азов,Балтық және Охота теңіздеріндегі мұнай мен газ қабаттарына  зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Арктика мен Камчаткадағы шығыс теңіздерінің жағалауларында шашыранды пайдалы қазбалар анықталған болса, ал Балтық теңізінде янтарь табылған. ТМД елдерінің кейбір теңіздерінде теңіз организімдері, яғни теңіз  капусталары, мидия және тағы басқа барланып, зерттеліп жатса керісінше кейбір теңіздерде жан- жануарлар мен теңіз асты өсімдіктері құрып, қызыл кітапқа енуде.

Қазіргі таңда антрапогендік әрекеттердің әсерінен барлық теңіздер ластанып, табиғатқа кері әсерлерін тигізуде. Сондықтан, космостық әдістермен ластану көздері анықталып, оны дұрыс жолға қою қолға алынып отыр.

 

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері

ТМД елдерінің солтүстік бөлігіндегі  Баренц, Ақ, Қар, Лаптевтер, Шығыс- Сібір және Чукот теңіздері Солтүстік Мұзды мұхит бассеиніне жатады. Олардың негізгі акваториясы 700 және 800 солтүстік ендікте орналасқан. Осы теңіздерге ТМД елдерінің көптеген өзендері келіп құяды. Теңіздер бір- бірінен Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Новосибирск және Врангель аралдары арқылы бөлініп тұрады.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің географиялық жағдайы мен геологиялық тарихы оның табиғи ресурстарын анықтады. Барлық теңіздердің суы аздау, тереңдіктері 200 метрден аспайды. Теңіз түбінің рельері әртүрлі  шұңғымалармен тілімденген, теңіз оңтүстігі жағалауларында Печора, Хатанге, Лена, Колыма өзен аңғарлары сақталған. Теңіздердің геологиялық құрлысына келсек, Евразияның солтүстік шетіндегі платформалық құрылымдарда мұздықтардың тасымалдануы нәтижесінде антропогендік эрада қалыптасқан.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің қазіргі кезде шаруашылықтағы маңызы өте зор. Әрбір теңіздерінің геологиялық жағдайы мен  табиғи ерекшеліктері шар-лықтағы  пайдалану бағытын анықтайды. Теңіздердегі қатал климаттық жағдайлар олардың биологиялық өнімділігін, балықтың түрлерін азайтып,  сонымен бірге балықтың түрлік құрамын төмендетеді. Солтүстік мұзды мұхит теңіздерінің тағы 1 ерекшелігі, осы теңіздер арқылы солтүстік теңіз жолы өтеді, оның жалпы ұзындығы 4500 км.

Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері  қорықтарға кедейлеу болып келеді. 1939 жылдан бері Ақ теңіз жағалауында Қандалақшы қорығы жұмыс істесе, 1975ж «Врангель Аралы» қорығы ұйымдастырылды, бұл қорық Врангель аралында  орналасқан. 1584ж. ТМД елдері бойынша ең ірі Усть- Лена қорығы  ұйымдастырылды, ол Лаптевтер теңіздерінің жоғарыда орналасқан. Бұл қорықтың барлығында табиғатты қорғау жұмыстарымен қатар табиғи- аймақтық  кешендер және теңіз атмосферасы теңіз бен құрлық арасындағы өзара әсерлерін анықтаумен айналысады.

Баренц теңізі. Жалпы ауданы 1424 мың км2,су көлемі 316 мың км2, орташа тереңдігі 222м, ең терең жері 600м жетеді.

Барлық теңіздердің климаты- полярық теңіздік, яғни қысы суық, ұзақ, жазы қысқа салқын. Теңіздердің солтүстігінде арктикалық ауа массалары басым болса, оңтүстікте қоңыржай ендіктің ауа массалары әсер етеді. Қыста және жазды күні теңіз үстінде арктиканың фронттық процестері пайда болып, солтүстік атланттық циклондар    Баренц теңізіне қоңыржай ендіктің  теңіздік жылы және континенттік ауасы әкеледі. Ал,Баренц теңізінің орталық бөлігінде жиі циклондық  әрекеттің нәтижесінде  өте күшті дауылдар соғып тұрады. Қыстыгүні t-ра теңіздің орталығы мен оңтүстігінде -180 С, ал әртүрлі бағытта 3 жаңа тектоникалық қозғалыстың әсерінде қалыптасқан. Кола түбегінде көтеріңкі Балтық щиті пайда  болып, теңіз жағалауы кристалл жыныстармен  жабылған, ал оңт- шығыс жағалауы биік құзды, тік болып, көптеген шығанақтармен тілімденген. Баренц түбегінде жыл бойы пайдаланатын ірі портты Мурманск қаласы орн-н. Осы қала арқылы теңізде балық  өнеркәсібі дамып, оны көптеген елдер пайдалануда.

Лаптевтер теңізі, аудандары 662мың км2, су көлемі 353мың км3, орташа тереңдігі 533м, ең терең жері 3385м. Лаптевтер теңізі Солтүстік жер және Новосиоирск аралдарының аралығында орналасқан. Теңіздің қазіргі шұңқыры 2 аликти тұрады, солтүстікте  ылдылы жазықтар мен материктік  асткілердің кемелері жатыр ,осы жерде теңіздің ең терең аймағы орн-н. Ал, оңтүстік бөлігінің тереңдігі 50 м -200 м дейін өзгеріп, релінді Евразиялық- аккум-тік жазық б.к.

Таймыр түбегінің солтүстігінде қатпарлы палезосінің құрлымдар п.б. теңіз жағалауы көптеген шығанақтар мен тілімденген. Теңіздің шығанақ жағалауында мерзой қатпарлығының құрлымдары қалыптасты. Жыныстары-көлді-аллювиалдың шөгінділер болып келеді. Бұл теңізге Лена ,Яна, Оленек және т.б. өзендер келіп құяды. Теңіздің  климаты келсек, Солтүстік Мұзды мұхиты теңіздері ішіндегі климаты ең қатал теңіз болып келеді. Қыстыгүні ең төменгі t-ра-520С-қа жетеді, ал қаңтар мен ақпан айларында орташа t-ра -300С. Ал жазы  салқын, қысқа болып, маусым айларында орташа t +20С жылдық жауын-шашын мөлшері 100мм. Қыркүйек айынан бастап теңізде мұз қата бастайды, сондықтан бұл теңізді навигациялық пайдалану үшін шілде мен тамыз айлары қолайлы.                                             

Шығыс Сібір теңізі. ауданы 936 мың км2, көлемі 49 мың км3, орташа тереңдігі 54м, ең тереңдігі 915м, Новосибирск және Врангель аралының аралығында орналасқан. Климатына келсек, қаңтардағы орташа t-ра теңіздің  батысында -300С, шығысында -250С. Жаздыгүні теңіз бетінде солтүстік желдер басым болып, шілде айының ортасында температура +2+30С. Қыркүйек айының соңына қарай мұз қату басталып, t-ра 00+10C-қа жетеді.

Атлант мұхиты теңіздері             

Атлант мұхитының бассейініне -Балтық, Қара және Азов теңіздері жатады. Бұл теңіздер ТМД елдерінің батыс бөлігінде орналасқан. Олардың негізі белгілері:

барлық теңіздер Евразия материгінде жатыр;

бастапқы материктік ағындары Шығыс Европа жазығынан басталады;

осы бассейндегі ірі өзендердің бастаулары бір-біріне өте жақын орналасқан;

ауа массасының батыс тасымалы теңіз климатына шешуші әсер етеді.

Геологиясына келсек, Батыс теңіздерінің қазан шұңқыры Шығыс Европа платформасының Балтық қалқаны мен орыс плитасында орналасқан. (Қалқан дегеніміз -жер қыртысының қатпарлы негізінің жер бетіне шығып жатқан үлкен аймақ түбі тереңде орналасады).Қара және Азов теңіздерінің қазан шұңқырлары Скиф плитасының альпі қатпарлы белдеуі мен оңтүстік өлкенің ішкі бөлігінде қалыптасты. Понтида деп аталатын құрлықтың төмен түскен жерінде терең Қара теңіз қазан шұңқырында пайда болып, теңіз түбі аккумулятивтік жазық түрінде қалды. Төрттік дәуір кезінде Қара және Азов теңіздері Каспий теңізімен бірге болған. Атлант мұхитының барлық теңіздері транспорттық бағытта қолданылады. Қазіргі таңда теңіздер әртүрлі өсімдіктермен жануарлар дүниесіне өте бай болып келеді.

Балтық теңізі  ауданы 419км2, су көлемі 21,5км3, орташа тереңдігі 40,100м, ең терең жері 470м. Балтық теңізінің геологиялық жағдайына байланысты ішкі теңіздер типіне жатады, себебі, оны барлық шетінен құрлықтар қоршап жатыр. Балтық теңізі төрттік дәуірде  қалыптасқан. Мұздықтардың еруі мен әртүрлі тектоникалық қозғалудың әсерінен теңізді көптеген көл және теңіз кезеңдері болып өткен. Теңіздің қазан шұңқыры Дат бұғазы мен орталық бөлігі үлкен үлкен 3 яғни Ботнический, Фин және Рига шығанақтарынан тұрады. Теңіздің солтүстік жағалауы кристалл жыныстардан тұрса, оңтүстігі борпылдақ шөгінді жыныстардан құралған. Климатына келсек, қаңтардағы ауаның t-сы оңтүстік -1-+10С, орталығында -30С, солтүстіктегі Ботнический бұғазының шығысында -5-80С, ал кейбір суық күндері ауаның t –сы -30-350С-қа дейін төмендейді.

Жаздыгүні теңіз бетінде батыс бағытындағы желдер басым болып, соның әсерінен ауа райы салқын әрі ылғалды болып тұрады. Шілде айындағы ауаның орташа t –сы солтүстікте +16-180С, жылдық жауын-шашын мөлшері 700-800мм. Бұл теңізге Нева Висме, Нямунас, Дсиравя өзендері келіп құяды.

Соңғы жылдары Балтық теңізінің жағалауында ластану нәтижесінде экологиялық қиындықтар пайда болып отыр, яғни, бұл қоғам назарын табиғатты қорғауға аударып отыр.

Қара теңіз  ауданы — 422 мың км2, су көлемі 555 мың км3, орташа тереңдігі -1315м, ең терең жері -2210м. Құрлықтағы бұл теңіз Шығыс Европа жазығы, Қырым, Балқан түбегінде, кіші Азия мен Кавказ мойынтығының аралығында орналасқан. Қара теңіз қазан шұңқыры түбін кайназой эрасының шөгінді қабаттары алып жатыр . Теңіздердің солтүстік жағалауы  он  тілімденген жағдайда болса, ал Кавказдың жағалауы анағұрлым тік жарлы биік Сухуми қаласынан Батумиге дейін теңіз жағалауы анағұрлым жазық болып келсе, оңтүстік жағалауында Батыс және Шығыс Понти таулы  қыраттары созылып жатыр.

Климатына  келсек, Қара теңіз батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Сондықтан Қара теңіз жағалауының климаты көбінесе жерорта теңіздік климатқа ұқсас келеді, яғни қысы ылғалды жылы, жазы құрғақ ыстық.. Мұнда қаңтар айының орташа  температурасы солтүстік-батыста -2,20С, оңтүстік-шығысында -1-20С, Қырым мен Кавказ жағалауының  қыстағы t-сы Ялтада +3,70С, Батумиде +6,20С. Жаздыгүні теңіз бетіне күн сәулесі өте жақсы түсетіндіктен ауасының t –сы солтүстік батыс +22,05, оңтүстік шығыс +260С,  жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-800мм-ге дейін. Қара теңіз жағалауында көптеген қорықтар ұйымдастырылған, олар: Карадаг,Марьтян, Дунайские Плавни және т.б.

Ішкі бассейн теңіздері

ТМД елдеріндегі  ішкі ағынсыз бассейнге 2 ірі  көл-теңіздер Каспий мен Арал жатады, бұл екеуі де шөлдердің арасында орналасқан. Каспий мен Арал теңіздері бірдей ендікте жатқанына қарамастан, олардың бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар, атап айтсақ, деңгейлердің әртүрлілігі, тұздылығы , т.б.

Каспий теңізі әртүрлі тарихи дамуды басынан өткізген. Б. ғ.1000 жылдарында бұл теңіздердің деңгейі дүниежүзілік  мұхит деңгейінен 32м тереңде жатқан. Оның құрлықтағы жағалауларында бірнеше қуатты қамалдар мен әртүрлі бағыттағы тас жолдар салынған. Ал, қазіргі кезде сол  қамалдардың дуалдары мен жолдары су астында теңіз деңгейіненінен 4м төменде жатыр. Каспий теңізі 80%- жуық суды Волга өзенінен алса, қазір Волга суын көптеген суқоймаларын толтыру үшін және ауыл шаруашылығында пайдаланудың артуына байланысты  Каспийдің деңгейі 28м-ге жетеді.

Арал теңізіне келсек, ол да көптеген тарихи жолдардан қалыптасқан.Х ғасырда  мұздықпен қоректену көлемінің азаюына  байланысты Аралдың суы төмендеді, яғни  Сырдарияның  құя беріс  атырауында Жаңакент қаласы салынған. Ал ХVIғ  Сырдария өзені суының көбеюіне байланысты Арал теңізінің деңгейі көбейіп, Сырдария атырабының көп бөлігі су астында қалды. Ал,  қазіргі кезде Арал теңізінің құрғақтанып, суының жоғалуы негізгі мәселе болып отыр.

Каспий теңізі, ауданы 363 мың км2, көлемі -78 мың км3, орташа тереңдігі 180м, ең терең жері 1025м. Бұл теңіз дүниежүзі бойынша  ең үлкен ағынсыз бассейін болып саналады. Теңіздің қазан шұңқыры әртүрлі жастағы төмен түскен тектоникалық құрылымдардан пайда болып, оның морфологиясы мен жағалық типтерінде әртүрлі болды. Теңіз қазан шұңқыры 3 бөлікке бөлінген. Солтүстік бөлігі ( солтүстіктен  Маңғышылақ түбегіне дейін)-су аздау болып келеді, орташа тереңдігі 10 м-ге жетеді. Ал, орталық бөлігінің тереңдігі 500-800 м-ге жетеді, ол Красноводск қаласына дейінгі аралықты алып жатыр. Ал,оңтүстігі өте суы мол және терең болып, оның жағалауларында лайлы вулкандар тараған .

Климатына келсек, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созылып жатыр, қыста теңізге Азия максимумы ықпал етіп, төменгі қысымды аймақтарда солтүстік-шығыс бағытындағы желдер соғып тұрады. Қаңтар айындағы орташа температура теңіздің орталығы мен солтүстігінде 00С, ең оңтүстік шетінде +8-100 С-қа  дейін төмендейдіТек солтүстігінде ғана мұз қатып, сол мұздар қаңтардан наурыз айына дейін жатады. Ал,жаздыгүні шілде айының орташа температурасы солтүстікте +24, оңтүстігінде +26+280С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстікте 200мм, ал оңтүстік-батыста Ленкорань қаласында 800мм.

Каспий теңізі транспорттық бағытта зор маңызға ие болып отыр, сонымен бірге балық шаруашылығы үшін өте тиімді, әрі қолайлы теңіз болып табылады.

Тынық  мұхиты теңіздері

ТМД елдерінің шығыс жағалауын Тынық мұхиты мен оның  бірнеше теңіздері- Беринг, Охот және Жапон теңіздері қоршап жатыр. Бұл теңіздердің солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа қарай жалпы ұзындығы 5000км-ден асып түседі, сонымен бірге осы теңіздер Тынық мұхитынан Алеут, Куриль және Жапон аралдары арқылы бөлініп жатыр. Теңіздер аса ірі Евразия материгі мен Ұлы Тынық мұхиты аралығында орналасқандықтан теңіз атмосферасына құрлық пен мұхиттың өзара біріккен әсері тиіп отырады, яғни теңіздердің үстінде муссондық және циклондық циркуляциялар үстемдік етеді. Қыстыгүні  Беринг теңізінің солтүстік бөлігі ғана қатса, Охот теңізін мұз түгелімен алып жатады.Тынық мұхитының тереңдігінде су алмасу сағат тіліне қарсы бағытта жүріп отырады. Бұл теңіздердің барлығы да транспорттық бағытта қолданылып келеді, оның негізгі порттары-Владивосток, Находка, Петропавловск-Камчатский,  Магадан, Карсаков және т.б.

Охот теңізі  ауданы-1583 мың км2, су көлемі,-1583 мың км3, орташа тереңдігі-774м, ең терең жері-3521м. Сахалин, Куриль және Хоккайдо аралдары мен Камчатка түбегінің аралығында үлкен  қазаншұңқырды алып жатыр. Қазан айынан бастап маусым айына дейін теңіздің бетін түгелдей мұз қаптап жатады. Геологиясына келсек, теңіздің орталық бөлігі ерте және ежелгі  платформаның төмен түскен учаскелерінде қалыптасып, қырқалы- аккумулятивтік жазықтар алып жатыр, ал оңтүстік бөлігі Куриль қазаншұңқырымен бірге, олигоцен-неоген дәуірінде , мұхиттық  типте пайда болған, қазіргі кезде оның түбінде шөгінді қабаттар жиналуда. Бұл Охот теңізі осыдан 10мың жылдар бұрын мезозойлық құрлық Охотияны су басудың нәтижесінде пайда болған.Охот теңізінің жағалаулары  таулы биік. Теңіздің климаттық жағдайына муссондық циркуляция ықпал етеді, яғни қыстыгүні  Охот теңіздерінің үстінде солтүстік батыстың суық континенттік ауа массалары үстемдік етеді. Қаңтар айының орташа t-расы  солтүстікте -200С, оңтүстікте -5-60С. Мұндағы ең жылы ай тамыз айы болып есептеледі, ондағы ауа t-расы солтүстікте +10,60С, оңтүстікте +180С, жылы. Жауын-шашын мөлшері солтүстікте 500-600мм, оңтүстікте -1000мм.

Жапон теңізі, ауданы -1062 мың км2, су көлемі-1630 мың км, орташа тереңдігі 1534м, ең терең жері -3699м. Евразияның жағалаулары мен Сахалин, Хоккайдо және Хонсю аралдарының аралығында орналасқан. Теңіз қазаншұңқырының түбі әртүрлі тектоникалық құрылымдарда пайда балған, оның ең ежелгі участогы   кембрийіге дейінгі кезеңде қалыптасып, теңіз түбінің оңтүстік -батысында жайғасқан. Ал, ең жас участок теңіздің орталық бөлігінде орналасқан.

Климатына келсек, теңіздің көпшілік бөлігі қоңыржай климаттық белдеуде жатыр, тек қана ең оңтүстігі  ғана субтропиктік белдеуде жатыр, климаты муссондық. Қаңтар айының орташа t-расы солтүстікте -180С, Сахалин аралы жағалауында -8-60С. Ал жазғы t-ра  тамызда оңтүстікте -160С, солтүстікте +12-140С.

Жапон теңізі транспорттық бағытта қолданылып келеді, сонымен бірге теңіз жағалауында портты қалаларда  теңіз және теңіз көліктері арқылы ТМД елдері мен басқа да шетелдермен жүк айналымдары жүріп отырады. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *