Тіршіліктің мәні жайындағы проблема

 

 

1. Дивергенция;

2. Конвергенция;

3. Эволюция;

4. Гомология.

 

Эволюцияның монофилиялық теориясы.   Бұл  теорияға сәйкес түрлердің барлығы жалпы дәстүрден пайда болады. Жаңа түрлердің түзілуі — дивергенция нәтижесі, яғни әралуан жағдайларға бейімделуге байланысты белгілер айырмашылығы.   Дивергенция   кезінде   әртүрлі   ағзалардың барлығындагы бір мүше түрліше өзгереді.  Алайда олардың шығу тегі ортақ қалпында қалады. Мұндай мүшелер сәйкес (гомологиялы)   мүшелер   деп   аталады. Әртурлі отрядтарға қататын сүтқоректілердің алдыңғы аяғын сәйкес мүшелерге мысал етуге болады.

Эволюцияда дивергенцияға қарама-қарсы үдеріс — конвергенция (бірігу). Бұл — әр алуан ағзалардың бірдей тіршілік ортасының бірдей тіршілік жағдайларына көшкен кездегі ұқсас белгілерінің дамуы.   Жалпы дене құрылысындағы, сондай-ақ жеке мүшелердің құрылысындағы ұқсастық конвергенция нәтижесі болып табылады. Мүндай мүшелер аналогиялық (ұқсас) мүшелер деп аталады. Олар, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас, бірақ шығу тегі әртүрлі болады.

Конвергенцияның айқын да нақтылы мысалы – қанат. Әр алуан жүйелеу тобының ұшатын өкілдерінің қанатта: мүлде басқа-басқа мүшелерге және дене бөліктеріне негізделген. Мәселен, бунақденелілер (көбелектер, қоңы
т.б.) қанаты — дене жабынының қатпары. Құстарда – қуатты қауырсындары бар алдыңғы аяқ. Жорғалаушыларда (птиродактили) және сүтқоректілерде (жарғанаттар мен ұшарлар) — тері қатпары; канатты кесірткелерде – алды аяғы мен денесін, ұшарда — алдыңғы аяғы мен артқы және жарғанатта     — алдыңғы аяғы мен құйрығын жалғастырады.

 

14. ТІРШІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тіршіліктің мәні жайындағы проблема

 

1. Тіршіліктің мәні;

2. Витализм;

3. Батмизм;

4. Психоламаркизм;

5. Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар.

 

Тіршіліктің мәні жайындағы проблема – биологиядағы қиын проблемалардың бірі. Бұл туралы материалистік ұғым ғылымдағы идеалистік және   механистік бұрмалаушылықтармен    және    діни    соқыр    сенімдермен шиеленіскен күресте дамыды.

Биологияда витализм әрқашан ғылымға қарсы реакцияшыл ағым болып келеді. Ондағы негізгі жағдай табиғаттағы барлық тірі денелерде ерекше тіршілік күші (vis vitalis) немесе «жан» бар деп тану.  

Тіршілік кұші материясыз ерекше субстанция саналып, материялы  дүниеге тәуелсіз деп қаралды. Сондықтан виталистік концепцияны бір беткей жақтаушылар тіршілік күші кұдайдың құдіретімен жаралған деп санады. Осыған келіп, ақыреттік өмір бар деген діни сенімге байланысты жан (ажалсыз) мәңгі деген ұғым туады.

Витализмге карама-қарсы, табиғат жайында механистік көзқарас пайда    болды. Бұл XVIII ғасырда француз материалистерінің ықпал етуіне байланысты кеңінен таралды.

Тіршіліктің мәні жайындағы мәселенін қазіргі жағдайы. Соңғы жылдары биохимия, биофизика, генетика және басқа биология ғылымдарының    салаларында ірі табыстарға байланысты, тіршілік  проблемасы  және  оның  пайда болу мамандығы әр түрлі ғалымдардың зейінін аударуда. Соңғы 15 жылда биосинтез бен тұқым қуалау процесінде ақуыз емес заттардың (нуклеин   қышқылдарының)   өте   маңызды ролі жайында көптеген материал жиналды.

Микроскоптың ашылуымен және тірі микроағзаны зерттеумен байланысты тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы гипотеза басқа бейнеге ие болады.

Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы гипотезаны идеалистік бағыттағы ғалымдар ғана жаратылыс зерттеуші-материалистер де жақтады. Тіршіліктің өздігінен пайда болуын Ламарк та жақтады.

Микроағзалардың өздігінен пайда болу жайындағы жаратылыс зерттеушілердің арасындағы талас 1862 жылғы дейін созылып келді. Бұл   гипотезаны осы жылғы Луи Пастердің тәжірибелері жоққа шығарды.

Пастердің  осы  жұмыстары  белгілі  бола басталысымен тіршілік мәңгі   деп танитын идеалистік гипотезалар да бастады. Бұған космостық ұрықтар (космозойлар) гипотеза мен панспермия (жалпы ұрықтар) гипотезасы жатады.

Космостың ұрықтар идеясын 1865 ж. алғаш айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер болды. Ол тіршілік мәңгі, тіршілік ұрықта бір планетадан екінші   планетаға ауысып отырады де түсіндірді.    

1907 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус панспермия гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза да алдында айтылған тіршілік мәңгі деп таниды. Бірақ Аррениус ұрық метеорит ілісіп жерге түсу мүмкіндігі жоқ, деп санайды,   себебі метеориттің сыртқы ауа мен үйкелісуінің нәтижесінде соншалық қатты қызады, ондағы ұрықтардың қандайы да, өну қабілетін жояды деп қарайды. Панспермия гипотезасы бойынша басқа күн системаларының құрамындағы планеталардың бетінен ұшқан сондай ұрықтарды жарық сәулелері ілестіріп Куннің тарту сферасына енгізеді.

Аталған гипотезалардың екеуі де тіршілік мәңгі деп қарайды, демек, бұлар Жер бетінде тіршіліктің пайда болу проблемасын материалистік тұргыдан шешудің жолын жабады.

Сөйтіп, тіршіліктің өздігінен пайда болуы туралы гипотезаның қайсысы болса да, тіршілік мәңгі деген гипотеза да Жер бетінде тіршіліктің пайда болу проблемасын шеше алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *