Ақпарат теориясының және биологиялық процесті үйлестірудің элементері
1. Кибернетика;
2. Ақпарат теориясы;
3. Хабар;
4. Басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Кибернетика — техникалық құрылымдардың, тірі ағзалардың және адамзат қоғамының байланыстарымен басқаруы туралы жалпы заңдар жөніндегі ғылыми жүйе.
Ақпарат теориясының пайда болуы К.Шенноның 1941 жылы жарық көрген «Байланыстың математикалық теориясы» атты ғылыми жұмысымен тығыз байланысты.
Кибернетика математиктердің, физиктердің инженерлердің және биологтармен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде пайда болған.
Басқа ғылым жүйелеріне қарағанда кибернетика жүн үйлестіру және басқару процестерін зерттеумен айналысады. Ол жүйе элементтері арасындағы ақпараттарды тұрақты түрде алмастырып отыру арқылы жүргізіледі.
Қазіргі уақытта тірі ағза заттарды, энергияларды және ақпараттарды қоршаған орта арқылы байланысып отыратын жүйе ретінде танылып отыр. Ақпараттар процестер ағзаның негізін құрайды. Ақпараттар күрделі жүйенің негізін құрай отырып барлық процестердің үздіксіз жүріп отыруына ықпал етеді.
Шенноның пікірі бойынша байланыс жүйесіне хабар көзі, хабарлаушы канал, қабылдап алушы және таратушы бөліктері жатады.
Хабар көзі хабар таратады, ол белгіге айналып, белгілер канал арқылы қабылдағышқа түседі, сол жерде ол қайтадан хабарға айналып, қабылдап алушыға жолданады.
Хабар дегеніміз байланыс жүйесіндегі таратуға жататын хабарлар болып табылады. Мұндай хабарлардын 2 түрі бар: үздіксіз және дискреттік.
Жүйенің басқарушы бөлігі ретінде басқару қондырғысын айтуға болады, ол тиісті объектілерді басқаруды жүзеге асырады. Кез-келген объектіні басқару оның сипатына байланысты.
Кез-келген басқару жүйесінде 3 ерекшелік болады:
1) Басқаратын және басқару бөліктері арасында тікелей байланыс орнатылады, сол арқылы белгілер түседі;
2) Басқару және басқарушы бөліктер арасында кері байланыс орнатылады;
3) Басқару объектісінің ағымдык ақуалы туралы ақпараттардың қайта өңделуі.
Ағзадағы барлық процестер үйлестіріліп отырады. Кері байланыс негізінде процестерді үйлестіру ағзаның барлық буындарында жүзеге асырылады.